Тақырып: «Жеткіншек жаста мазасызданудың нормада және ауытқуда көрініс беруі»


Мектепішілік мазасыздануын анықтау тесті



бет26/26
Дата19.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#129497
түріРеферат
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Соңғысы Абылай 07.05.2020
ИНТЕР2, 6 класс тжб сараптама[1]
Мектепішілік мазасыздануын анықтау тесті
Мақсаты: оқушылардың мектепішілік мазасыздануының сипатын зерттеу.

Орындау ережесі: зерттеушілерге 58 сұрақ жазылған тапсырма парақ таратылып беріледі. Әр сұрақты мұқият оқып, оған шындыққа сай жауап беру керек. Қойылған сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның жауабы өзінің көзқарасын білдіреді және тек ол өзіне ғана дұрыс болуы керек. Жауап парақтың жоғарғы жағына зерттелінушінің аты-жөны және оқитын сыныбы жазылады. Сұрақтар тұсында жауап варианттары берілмеген.

Тест жүргізу барысында балаларға жауап парақ таратылып берілсе оның жауабын талдау өте оңай болады. Сондықтан алдын-ала төменде көрсетілген үлгі бойынша жауап парақтарды даярлап алып, оны тест сауалнамасымен бірге таратып беру керек. Оған жауапты қалай толтыру керектігі түсіндіріледі. Жауаптарды «иә» немесе «жоқ» деп беруге немесе сұрақтағы мәселемен келісетін болса плюс (+), келіспейтін болса минус (-) белгісін қойып орындауына болатындығы түсіндіріледі. Содан соң уақыт белгіленіп, балалар тапсырманы орындауға кіріседі.
Сауалнама мазмұны:

1. Сыныптағы балалардың бәрімен тең дәрежеде қарым-қатынас жасау сізге қиын ба?

2. Мұғалім сіздің материалды қаншалықты жақсы меңгергеніңізді тексеремін деген кезде қобалжисыз ба?

3. Мұғалімнің барлық талаптарын орындау сізге қиын ба?

4. Кейде сабақты білмегеніңіз үшін мұғалімнің ашуланғаны сіздің түсіңізге кіреді ме?

5. Сізді сыныптасыңыздың біреуі ұрап-соққаны бар ма?

6. Жаңа сабақ өтіп жатқанда өзіңіз жақсы түсінгенше мұғалім асықпаса екен дейтін кезіңіз жиі болады ма?

7. Тақта алдында тапсырманы орындау немесе жауап беру кезінде қатты қобалжисыз ба?

8. Қандай да бір қателік жіберіп қоймаймын деп ойлап, ал сабақ үстінде өз ойыңызды жеткізуге қорықатын кезіңіз болған ба?

9. Тақтаға шығарғанда тізеңіз дірілдейді ме?

10. Әр түрлі ойын ойнағанда бірге оқитын балалар сізді мазақтайды ма?

11. Сіз күткен бағаңыздан төмен баға қойған кезі болған ба?

12. Екінші жылға сыныбымда қалуым мүмкін деген ой и сізді қобалжытады ма?

13. Өзіңізді басқалар таңдап алмайтын шығар деген оймен таңдай жүргізілетін ойындардан қашқақтауға тырысасыз ба?

14. Тақтаға шығарғанда әзілдесетін кезіңіз болады ма?

15. Сіздің істегіңіз келген нәрсені бірге оқитын жолдастарыңыздың біреуініңде істегісі келмейтінін сезетініңіз болады ма?

16. Тапсырманы орындау алдында қатты қобалжисыз ба?

17. Ата-анаңыз күткен бағаны алу сізге қиын ба?

18. Сыныпта есенгіреп қаламын деген қорқыныш сезімге жиі бөленесіз бе?

19. Жауап берген кезде қателессеңіз жолдастарыңыз күледі ме?

20. Бірге оқитындарға ұқсайсыз ба?

21. Тапсырманы орындап болғаннан соң, оны дұрыс орындадым деп

қобалжисыз ба?

22. Сыныпта тапсырманы орындау барысында барлық орындау жолдары есімде сақтаймын деген сеніміңіз күшті ме?

23. Кейде тақта алдында жауап бере алмай тұрғаныңыз түсіңізге кіреді ме?

24. Сыныптастардың көпшілігі сізге достық сезім білдіретіні рас па?

25. Істеген жұмысыңыздың нәтижесін басқалардың салыстырғанын білсезіз ынталанып орындайсыз ба?

26. Жауап беріп жатқанда озырақ қобалжуды байқайсыз ба?

27. Кейде айтыс-тартысқа түсуге қорқасыз ба?

28. Мұғалім сіздің сабаққа дайындығыңызды тексеремін дегенде жүректің қатты дүрсілдегенін сезесіз бе?

29. Сізге жақсы баға алсаңыз жолдастарыңыздың ішінде кейбіреулері

жағымпазданып баға алды деп ойлайды ма?

30. Балалар ерекше көңіл аударатын жолдастарыңызбен өзіңізді еркін сезінесіз бе?

31. Сыныптағы балалар сізге тиістіріп сөйлейтін кезі болады ма?

32. Оқу жоспарын орындай алмаған оқушылар өзіңізге деген ықыласын жоғалтып алады деп ойлайсыз ба?

33. Бірге оқитындардың көбісі сізге назар аудармайтындығы рас па?

34. Ерсі көрініп қаламын деп жиі қамсынасыз ба?

35. Жолдастарыңыздың ата-анасы сияқты сіздің ата-аналарыңыз мектептегі отырыстарды ұйымдастыруға көмектеседі ме?

36. Мұғалімдердің сізге деген көзқарасына ризасыз ба?

37. Айналадағы адамдар сіз туралы не ойлайтындығы сізді қобалжытады ма?

38. Бұрынғыға қарақанда қазір және келешекте жақсы оқитыныңызға үміттенесіз бе?

39. Сіз мектептегі жолдастарыңыздай жақсы киінемін деп ойлайсыз ба?

40. Сабақта жауап беру барысында басқалар сіз туралы не ойлап отыр екен деп ойланасыз ба?

41. Сыныпта жақсы оқитын баланың басқалардан ерекше құқығы бар ма?

42. Бірге оқитын балалардың кейбіреуінен жақсы табысқа жетсеңіз олар сізге ашуланады ма?

43. Сыныптағы оқушылардың сізге деген қатынасына ризасыз ба?

44. Мұғаліммен оңаша қалсаңыз өзіңізді ыңғайлы сезінесіз бе?

45. Сыныптастар сіздің қабілетіңізді, тәртібіңізді күлкіге көтереді ме?

46. Басқа балаларға қарағанда қожалжығышпын деп ойлайсыз ба?

47. Егер жауап бере алмай қалсаңыз жылармандай болып қалғаныңызды сезінесіз бе?

48. Төсекке жатқаннан соң ертең мектепте не болар деген ой сізді

тынышсыздандырады ма?

49. Күнделікті тапсырманы орындау барысында бұрын жақсы білгендеріңізді мүлдем ұмытқаныңызды сезесіз бе?

50. Тапсырманы орындау барысында қолыңыздың аздап дірілдеген кезі болады ма?

51. Мұғалім тапсырма беремін деген кезде мазасызданғанып, қобалжығаныңызды сезесіз бе?

52. Біліміңізді тексерген кезде төмен баға аламын деп қорқасыз ба?

53. Сыныпқа берілген тапсырманы орындай алмаймын деп қорықасыз ба?

54. Кейде түсіңізге сіз орындай алмаған нәрсені басқалар түгел орындағаны кіреді ме?

55. Мұғалімнің түсіндіргенін басқалар сізден жақсы түсінгенін сезесіз бе?

56. Мектепке бара жатқанда бүгін тексеру жұмысы болады ма деген ой сізді мазасыздандырады ма?

57. Тапсырманы орындау барысында әдеттегіден нашар орындап жатқаныңызды сезінесіз бе?

58. Тақтаға шақырғанда сынып алдында тапсырманы орындау барысында қолыңыз аздап дірілдейді ме?


Нәтижесін бағалау:

Келесі кестеде көрсетілген жауаптарды факторлар бойынша жинақтап, ретке келтіріп, әр фактор көрсеткіштерін орындау нәтижесін талдауға арналған жауаптар кілті бойынша бағалап шығу керек. Оқушылардың жауаптары кілтке сай келген кезде оның берген жауабы бір балл деп бағаланады, жауабы кілтке сай келмесе – оны 0 балл деп бағалау керек. Жауаптар кілті төменде берілген кестеде көрсетілген.

Әр фактор бойынша жиналған баллдар саны сол фактордың көрсеткіші болып табылады.
Қосымша Ә

Мұғалімдерге берілетін кеңес




  • Балаға берілетін тапсырма оның мүмкіндіктеріне сәйкес келу керек. Өте қиын, шамасы жетпейтін тапсырманы балаға ұсынғанда, сіз алдын-ала баланы сәтсіздікке душар еткізіп, ал одан өзін-өзі бағалаушылғы төмендейді, өзіне қанағаттанбаушылық туындайды.

  • Мазасыз баланың өзін-өзі бағалаушылығын көтеру. Балаға ұсынылатын қызмет алдында, оның жетістігіне сенімділігін білдіретін сөздермен айтылып берілуі қажет. («Бұл сенің қолыңнан келеді», «Сен мұны жақсы істей аласың»). Тапсырманы орындау барысында жалпы жақсы эмоциональды фон міндетті түрде қажет.

  • Баланы біреумен салыстыруға болмайды, әсіресе, егер ол салыстыру оның пайдасына болмаса. Салыстыру тек баланың өзіндік жетістіктері мен сәтсіздіктерінен болуы керек («Қарашы, бүгін сен аз тырысқан едің, сондықтан сенде кешегіден қарғанда нашарлау болды. Бірақ, ертең жақсы істей аласың деп ойлаймын.»). «Ертеңге» деген белсенді болжамдар балаға өзін үмітсіз деп есептеуіне жол бермейді және өзі-өзінет сенімділіктің жоғарлауына әсер етеді.

  • Мазасыз баланы бәсекелестік, көпшілік алдына шығу жағдайында мүмкіндігінше болдырмау. Мазасыз балаларға «кім бірінші» сияқты тапсырма беруге болмайды. Көпшілік алдында шығып сөйлеу стресстік болып табылады, сондықтан баланы топ алдына шығуына көндіру қажет емес: оның жауабын жеке отырғанда да, тыңдауға да болады.

  • Балалық мазасыздану белгісіздіктен пайда болады. Сондықтан, балаға тапсырма бергенде, оның орындалу жолдарын жасап, жоспар құру қажет: қазір не істейміз, кейін не істейміз, т.с.с.

  • Мазасыз баланың өз беттілігін және сенімділігін дамыту. Мұндай балалар өздеріне мәнді үлкендердің пікіріне тәуелді болып келеді және бұл тәуелділік оларды тым сенімсіз, дербессіз етеді. Олар үлкендердің айтқанын орындайды, бірақ өздеріне өз бетінше шешім қабылдау құқығы берілсе, сасқалақтап алаңдайды («Мүмкін мен дұрыс емес істеп қоямын?»). Өзіндегі сенімсіздікті және өз бетінше шешім қабылдаудағы қорқынышты жою үшін, оларға көбіне, шығармашылығын көрсететін мүмкіндік беру керек. Бірақ бала, оның жанында әрқаша үлкендер барын және олар көмектесетінін білуі қажет. Балаларды құрылған ситуациядан жол табуға үйрету керек.

Қосымша Б


Мазасызданудың профилактикасы бойынша кеңес.
Мазасыз баланың ең ауыр нүктесінің бірі өзі туралы бейнесі. Әр адамда ұғынса да, ұғынбаса да өзі туралы «жаман» немесе «жақсы» сияқты жалпы бағалауы болады. Адам барлық уақытта басқа адамдарға қатысты және де жеткісі келетін идеялына қатысты өзініңң орнын сезінеді. Бұл өзі туралы жалпы бейне - өзін-өзі бағалаушылық деп атайды. Психолог А.М. Прихожанның анықтағанындай, мазасыз балаларға тән сипат өзін-өзі бағалаушылықтың жоғарылауы – мектептегі үреймен күресудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Атақты жаңашыл-педагоготардың В.Ф. Штанов, Ш.А.Аманошвили және тағы басқа құрған оқыту жүйелерінің бәрінде, өзіне құрмет, өзі туралы жақсы ой, өз мүмкіндіктеріне сенуге, оқушының өзіндік бағалаушылығын көтеруге бағытталған элементтер міндетті түрде жазылған. Кез-келген мазасыз бала үшін мұғалмнің мақтауы қажет, әсіресе бастауыш сынып оқушысына. Өйткені мектепке түрлі даму деңгейіндегі балалар келеді, оған қоса оқудың бірінші жылы жас кезеңіндегі дағдарысқа сәйкес келеді, нәтижесінде бір оқушылар дамудың қадамын тез жасайды, ал басқалары - қалып қалады. Балалар дамуының бір қалыпты еместігі – бастауыш оқушылары үшін тән, табиғи және заңды құбылыс. Сондықтан, оларға қойлатын талап та әр түрлі және балалар жетістігінде де әртүрлі бағалау қажет.

  1. Мазасыздану жиі балаға жақын адамдар тарапынан, оған қарсы келетін талаптар нәтижесі. Сондықтан, адамдарға арқан сияқты біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа тартып, айлалы амал, әрекет қолданбау қажет. Ешқандай жағдайда да баланың алдына «сен кімді жақсы көресің? Көбірек - анаңды немесе әкеңді?» деген сияқты таңдау қойылмау қажет.

  2. Үлкеннің өзі де өзінің әрекеттеріне қайшы келмеуі керек.

Егер бүгін кешегіден басқаша қарсы сөйлесек, онда балаға бәрін әділ айтып беруіміз қажет. Үлкендердің әділдігі және шынайылығы - бала эмоциясының жақсы болуына негіз.

  1. Кейде үлкендердің балада көргісі келетін сапаларының қызықты болғаны сонша, үлкендердің көздері қапталады, ал ол балалардың шынайы мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Дегенінде тұрғанша, балаға зейін аударып қараңыз.

Сіз қалайда баланың қызығушылықтарын байқайсыз. Сіз оны өзіңіздің дегеніңізге сай болу міндеттілік мазасыздануынан құтқарасыз.

  1. Бұл үшін балаға сену қажет. Өзіне сенетін ортаның арасында өмір сүрген адам сабырлы, сенімді, өзін жақсы бағалай алады.

Сенімсіздік, керісінше, ішкі күресті, үрейді тудырады.

  1. Әділдік және балаға сенімділік – бала эмоциясының жақсару негізі және де баланы сөзсіз қабылдау. Сөзсіз, яғни ешқандай шартсыз. Баланың жетістігі де, бағасы да негізгі құндылық ретінде қарастырылмау қажет. Баланы жалқаулығы, үлгермеушілгі үшін ұрысқандар оның мүмкіндіктеріне сенімді адам ретінде бағалайтыныңызды айтуды ұмытпаңыздар, әсіресе боған жағдайға өкінетініңізді. Бала білуі қажет: ол жақсы, сүйікті және сондай барлық уақытта болады.

  2. Біздің балаларымызға сеніп, олардың таңдауларына сену керек. Олар кіммен дос болады, қайда барады, немен айналысады – бұл олардың жеке жұмыстары.

Баланың үлкендердің біреуімен шынайы және терең контактіні сақтап қалуы маңызды, бірақ бұл контакт басқару үшін емес, уақытылы көмек үшін, бала жұмыстарына араласуға емес, эмоциялық қолдау үшін. Баланың қарым-қатынас аймағы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның біреуінен болса да қолдау табады деген мүмкіндігі көбірек. Аса ерекше мұқтаждықсыз балаларыңыздың қарым- қатынас аймағын шектемеңіздер.

  1. Одан қалса балаға оның шамасы жетпеген нәрсеге ұрыспай, аяушылық танытып, қайта оған мазасызданудың көрінісін айтып бере алу керек.

  2. Мазасыз балалардың әлсіз жері болып, жиі тез шаршау және қосылудағы, яғни кірісудегінің қиындығы. Мұны біліп, сауатты мұғалім оқушыдан сабақтың басында емес, аяғында емес, ортасында сұрайды, үйіне қайтарады, бақылау жұмысында асықтырмайды.

  3. Бала мазасыздануы қандай формада көрінсе де, бір кеңес бар, оның өзін-өзі бағалаушылығын жоғарылату. Оны жиі мақтап, ол ең жақсылардың бірі болып табылатын ситуацияны іздестіруге көмектесу. Мұнда мынаны есте сақтау маңызды: мазасыз балаға оның шынында да жақсы екеніне сендірте алу оңай емес.

Мазасыз баланы асыра мақтап жіберу қорқынышты емес – ол бәрібір мақтауларға біраз сенімсіздікпен қарайды.

  1. Баланың өзі де мазасызданумен қандайда бір күрес жолын тапқанын ескеру қажет.

Ол қаншалықты қисынсыз болса да, оны күліп мұқатуға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет