Тақырып: Жүрек ырғағының. бұзылыстары



бет3/4
Дата06.12.2022
өлшемі3,16 Mb.
#161568
1   2   3   4
Байланысты:
аритмия 67

Синустық тахикардия

  • СА түйінінің автоматизмдік қасиетінің жоғарылауынан болады, жүректің соғуы минутына 100-ден артады, ырғағы дұрыс.

Синустық брадикардия

  • СА түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуінен болады. Жүрек ырғағы минутына 60-тан кем.

Синус түйінінің тоқтауы

  • Синус түйінінің импульс түзуге шамасының келмей қалуы. Импульстің болмауынан жүрек соғуы кенет тоқтайды.

Гетеротоптық аритмиялар – синустық жүрекшелік түйіннің автоматизмдік қасиеті әлсірегенде жүректің өткізгіш жүйесінің төменгі бөліктерінде өз бетінше серпін өндіру қабілеті пайда болады.

Қарыншаішілік ырғақ – серпін қарыншааралық перденің жоғарғы бөлігінде, Гис шоғында, оның аяқшаларында пайда болады және ЖЖЖ мин 30-10 реттен аспайды

Атриовентрикулярлық ырғақ – жүрекшелер мен қарыншалар аралық түйінде пайда болатын серпіндердің әсерлерінен дамиды. ЖЖЖ мин 60-40 рет. (биологиялық , химиялық заттардың әсері, гипоксия, некроз)


Жүрекшелік сирек ырғақ (невроз, жүрек қақпақша ларының кемістіктері, миокардиопатиялар)

Триггерлік белсенділіктің артуы–жүрек ет жасушаларын- да серпін туындауын “оталдыратын” не соған бастама беретін күштің артып кетуі. Ол серпін туындататын қосымша ошақтарды “эктопиялық ошақтар” деп атаймыз. Оларда өз бетінше диастолалық деполяризация дамуы не серпін туындауының артуы шекті қозу потенциалының – 60 мВ-тан азаюынан және жасуша мембраналарында иондық каналдардың қызметтері өзгерістерінен болады.

  • Экстрасистола – эктопиялық ошақта пайда болған серпіндердің әсерлерінен тұтас жүректің не оның жеке бөліктерінің кезектен тыс, мезгілсіз жиырылуы.

Диагностика әдістері.

  • Аритмиянытексеру әдістерінің ең негізгісі - электрокардиография. Диагностикалық түсініксіз жағдайларда :
  • Холтер бойынша ЭКГмониторлау;
  • • инвазивті электрофизиологиялық зерттеулер (өңеш ішілік және жүрек ішілік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет