Шизотимиккеастеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Бір уақытта бірнеше әрекеттерді орындай алады. Шизотимиктердің ішінде Кречмер сезімтал мырзаларды, идеалистік арманшылдарды, суық өктем мінезді, өзімшіл адамдарды бөліп көрсетті.
2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.
Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын. Оның эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында ауытқып отырады, ол адамдармен оңай тіл табысады, байланысады және өзінің көзқарасы бойынша шыншыл. Пикник көпшіл және жақсы тағамды жақсы көреді. Циклотимиктердің ішінен Кречмер «көңілді сөйлеушілерді, сентименталды тыныш адамдарды, бейқам өмірді сүйетіндерді, белсенді практиктерді» бөліп көрсетті.
3. Атлет– бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.
Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Өмірлік қабілеті жоғары, шытырман оқиғаларға деген сүйіспеншілік пен тәуекел.
4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.
Э.Кречмердің теориясы Еуропада өте кең таралды, ал АҚШ-та В.Шелдонның өткен ғасырдың 40-жылдарында тұжырымдалған темперамент тұжырымдамасы танымал болды. Шелдонның көзқарастары сонымен қатар дене мен темперамент адамның бір-бірімен байланысты екі параметрі болып табылады деген болжамға негізделген.
Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.
Үш типті бөліп көрсетті:
1) Эндоморфты – темперамент типі висицетрония (латын тілінен аударғанда «ішкі мүшелер» дегенді білдіреді) (эндодермадан ішкі мүшелер жақсы дамиды) тамаққа тәуелділікпен, эмоционалды біркелкілікпен, жарылғыш эмоциялар мен әрекеттердің болмауымен сипатталады. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді;
2) Мезоморфты - (мезодермадан бұлшық еттер жақсы дамиды) - темперамент типі - соматония («дене»), денесі түзу және нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, физикалық белсенділікке, агрессивтілікке бейім келеді.
3) Эктоморфты – (тері мен жүйке талшықтары жақсы дамиды) - темперамент типі - церебротония («ми»), арық, ішкі мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық, интровертті және өмірдің қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды.
У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне дененің белгілі функцияларына тәуелді белгілі темперамент типтері сай келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония (ми).
Конституциялық көзқарас адамның белгілі бір психикалық және физикалық қасиеттерін бір түйінге - темперамент типіне біріктіруді түсіндіретін терең негіздерді ашуға мүмкіндік бермеді. Мұндай теориялардың басты кемшілігі - қоршаған ортаның және жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін қалыптастырудағы әлеуметтік жағдайлардың рөлін жете бағаламауында.
И.П.Павлов жүйке процестерінің кейбір жалпы қасиеттерінің темперамент типтерімен байланысы туралы теорияны ұсынды және ізбасарларының еңбектерінде эксперименттік растау алды.
Павлов иттердегі шартты рефлекстердің даму ерекшеліктерін зерттей отырып, олардың мінез-құлқындағы және шартты рефлекстік әрекет барысында жеке айырмашылықтарға назар аударды. Бұл айырмашылықтар, ең алдымен, мінез-құлықтың шартты рефлекстердің қалыптасу жылдамдығы мен дәлдігі сияқты аспектілерінде, сондай-ақ олардың әлсіреу ерекшеліктерінде көрінді. Бұл жағдай ғалымға оларды тек әртүрлі эксперименттік жағдайлармен түсіндіруге болмайтындығы және олардың жүйке процестерінің кейбір қозу мен тежелудің негізгі қасиеттеріне негізделгендігі туралы гипотеза ұсынуға мүмкіндік берді. Бұл қасиеттерге қозу мен тежелу күші, олардың байсалдылығы мен қозғалғыштығы жатады.