Тақырып: Топырақ гигиенасы. Жоспар


ІV. Жаңа тақырыпты бекіту



бет9/9
Дата28.01.2022
өлшемі46,27 Kb.
#130100
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
теория 4 ЖГ
а н, Бүйрек анатомия-WPS Office
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту

Жаңа тақырыпты бекітуге өткізілетін тәсілдер: кесте толтыру, фишбоун, синквейн тәсілі. Оқытушы интербелсенді тақтада дидактикалық материалдарды көрсетеді.



1. тапсырма. Кестені толтыр:


Топырақ түрі

Қасиеттері

Ірі түйіршікті




Ұсақ түйіршікті






Қалдықтарды тазалау тәсілі

Сипаттама

Шығару




канализация






Қалдықтарды залалсыздау тәсілі

Сипаттама

биотермиялық




термиялық





Жауабы:


Топырақ түрі

Қасиеттері

Ірі түйіршікті

Ауа және су өткізгіш

Ұсақ түйіршікті

Гигроскопиялық

Капилярлық



Су ұстағыштық




Қалдықтарды тазалау тәсілі

Сипаттама

Шығару

Жинау, арнайы көлікпен шығару

канализация

Түтіктер жүйесі арқылы ағызу



Қалдықтарды залалсыздау тәсілі

Сипаттама

биотермиялық

мезофильді (40-45 градус) және термофильді (50-70) микроорганизмдерді пайдалана отырып, органикалық заттардың гумус құрай ыдырауын тездету

термиялық

өртеу


2. тапсырма. Фишбоун тәсілі (балық қаңқасы) – түсініктерді іріктеу. Барлық жазбалар қысқаша, дәлме-дәл, түсініктің мәнін беретін болу керек.

  • бас — мәселе, сараптауды қажет ететін сұрақ немесе тақырып

  • үстіңгі сүйектер — тақырыптың басты түсініктері, мәселе туындатқан себептер шоғырланады

  • астыңғы сүйектер — түсініктер мәнісі, себептерді тудырған деректер

  • құйрық — қойылған сұраққа жауап, қорыту



Жауабы:

Бас - Тұрғын жерлерді тазалау

Үстіңгі сүйектер — Адам баласының тіршілігі нәтижесінде қатты және сұйық қалдықтар құралады. Сұйық қалдықтарға нәжістер, жуынды, кір сулары, атмосфералық және өндірістік қалдық ағында сулар, ал қатты қалдықтарға-үйінді, қоғамдық тамақтану орындарынан шыққан қалдық заттар, көне көң үйіндісі, өндірістік қалдықтар, жануарлар өлігі, қасап қалдықтары жатады.

Астыңғы сүйектер — Қалдықтардан тазалау тәсілі оның түріне байланысты. Сұйық қалдықтарды тазалауда 2 жүйе қолданылады: шығару және ағызу (канализация). Біріші жағдайда қалдықтар қала сыртына көлік көмегімен шығарылады, ал екінші-түтік жүйесімен ағызылады. Ағызу жүйесі өзінің техника-экономикалық жағынан ғана емес, гигиена және эпидемиологиялық жағынан да жетік тәсіл. Қатты қалдықтар арнаулы бөлінген жерлерге залалсыздардыруға шығарылады.

Құйрық - Тұрғын жерлердің нашар, жеткіліксіз ұйымдастырылған тазарту, оның санитарлық және эпидемиологиялық жағдайына кері әсер етеді. Тұрғын жерлерден арнаулы автокөлікпен шығарылатын қалдықтарды: 1) ассенизация жерлерінде; 2) жыртылатын жерде заласыздандырады. Ол жерлер ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолданылады.

3.Тапсырма. Синквейн тәсілі

Синквейн – белгілі тәртіппен құрылатын тақпақ:

1 жол – тақырыпты ашатын бір бастауыш

2 жол –басты ойды пысықтайтын екі пысықтауыш

3 жол– тақырып аясындағы үш баяндауыш

4 жол – белгілі ұғым беретін сөз

5 жол – бастауыш түріндегі қорытынды сөз



Жауабы:

1 жол – Топырақ

2 жол– ірі түйіршікті, ұсақ түйіршікті

3 жол – жылынады, табиғи тазарынады,құнарланады



4 жол– топырақ тазалығы – эпидемиялогиялық қауіпсіздік

5 жол – Жер – ана

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет