ІV. Жаңа тақырыпты бекіту
Жаңа тақырыпты бекітуге өткізілетін тәсілдер: кесте толтыру, фишбоун, синквейн тәсілі. Оқытушы интербелсенді тақтада дидактикалық материалдарды көрсетеді.
1. тапсырма. Кестені толтыр:
Топырақ түрі
|
Қасиеттері
|
Ірі түйіршікті
|
|
Ұсақ түйіршікті
|
|
Қалдықтарды тазалау тәсілі
|
Сипаттама
|
Шығару
|
|
канализация
|
|
Қалдықтарды залалсыздау тәсілі
|
Сипаттама
|
биотермиялық
|
|
термиялық
|
|
Жауабы:
Топырақ түрі
|
Қасиеттері
|
Ірі түйіршікті
|
Ауа және су өткізгіш
|
Ұсақ түйіршікті
|
Гигроскопиялық
Капилярлық
Су ұстағыштық
|
Қалдықтарды тазалау тәсілі
|
Сипаттама
|
Шығару
|
Жинау, арнайы көлікпен шығару
|
канализация
|
Түтіктер жүйесі арқылы ағызу
|
Қалдықтарды залалсыздау тәсілі
|
Сипаттама
|
биотермиялық
|
мезофильді (40-45 градус) және термофильді (50-70) микроорганизмдерді пайдалана отырып, органикалық заттардың гумус құрай ыдырауын тездету
|
термиялық
|
өртеу
|
2. тапсырма. Фишбоун тәсілі (балық қаңқасы) – түсініктерді іріктеу. Барлық жазбалар қысқаша, дәлме-дәл, түсініктің мәнін беретін болу керек.
бас — мәселе, сараптауды қажет ететін сұрақ немесе тақырып
үстіңгі сүйектер — тақырыптың басты түсініктері, мәселе туындатқан себептер шоғырланады
астыңғы сүйектер — түсініктер мәнісі, себептерді тудырған деректер
құйрық — қойылған сұраққа жауап, қорыту
Жауабы:
Бас - Тұрғын жерлерді тазалау
Үстіңгі сүйектер — Адам баласының тіршілігі нәтижесінде қатты және сұйық қалдықтар құралады. Сұйық қалдықтарға нәжістер, жуынды, кір сулары, атмосфералық және өндірістік қалдық ағында сулар, ал қатты қалдықтарға-үйінді, қоғамдық тамақтану орындарынан шыққан қалдық заттар, көне көң үйіндісі, өндірістік қалдықтар, жануарлар өлігі, қасап қалдықтары жатады.
Астыңғы сүйектер — Қалдықтардан тазалау тәсілі оның түріне байланысты. Сұйық қалдықтарды тазалауда 2 жүйе қолданылады: шығару және ағызу (канализация). Біріші жағдайда қалдықтар қала сыртына көлік көмегімен шығарылады, ал екінші-түтік жүйесімен ағызылады. Ағызу жүйесі өзінің техника-экономикалық жағынан ғана емес, гигиена және эпидемиологиялық жағынан да жетік тәсіл. Қатты қалдықтар арнаулы бөлінген жерлерге залалсыздардыруға шығарылады.
Құйрық - Тұрғын жерлердің нашар, жеткіліксіз ұйымдастырылған тазарту, оның санитарлық және эпидемиологиялық жағдайына кері әсер етеді. Тұрғын жерлерден арнаулы автокөлікпен шығарылатын қалдықтарды: 1) ассенизация жерлерінде; 2) жыртылатын жерде заласыздандырады. Ол жерлер ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолданылады.
3.Тапсырма. Синквейн тәсілі
Синквейн – белгілі тәртіппен құрылатын тақпақ:
1 жол – тақырыпты ашатын бір бастауыш
2 жол –басты ойды пысықтайтын екі пысықтауыш
3 жол– тақырып аясындағы үш баяндауыш
4 жол – белгілі ұғым беретін сөз
5 жол – бастауыш түріндегі қорытынды сөз
Жауабы:
1 жол – Топырақ
2 жол– ірі түйіршікті, ұсақ түйіршікті
3 жол – жылынады, табиғи тазарынады,құнарланады
4 жол– топырақ тазалығы – эпидемиялогиялық қауіпсіздік
5 жол – Жер – ана
Достарыңызбен бөлісу: |