Тақырып: Топырақ гигиенасы. Жоспар


Топырақтың гигиеналық және эпидемиологиялық, токсикологиялық маңызы



бет6/9
Дата28.01.2022
өлшемі46,27 Kb.
#130100
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
теория 4 ЖГ

Топырақтың гигиеналық және эпидемиологиялық, токсикологиялық маңызы

Тұрғын жерлерден алыс жерлер микрофлорасы негізінен патогендік емес сапрофит микроорганизамдерден құралады. Патогендік мирооргнизмдер жер қыртысына нәжістер, үйінді, ағынды сулар, жәндіктердің өліктері арқылы түседі. Өз өміріне жер қыртысында жағдай таба алмай өліп, қауіпін жоғалтады. Кептіру, жағымсыз температура, күн сәулесінің бактериоцидтік қасиеті, қоректік заттар тапшылығы, топырақ микрофлорасының антогонистік әрекеті-осының бәрі патогендік микрорганизмдердің тірлігін үзеді.

Ішек тасқшасы, туляремия, оба, бруцеллез, лептоспироз ауруларын туғызатын патогенді микроорганизмдер мен вирустар-жер қыртысы топырағында өсіп, көбейе алмайды, сондықтан бірнеше апта немесе ай ішінде жойылады. Бірақ өмір сүру қабілеті сақталмаған мерзім ішінде жер топырағынан жер асты немесе жер беті суларына, көкөніс бетіне, адам қолына жұғуы мүмкін.
Жер қыртысы топырағында патогендік микроорганизмдер мен

вирустардың өмір ұзақтығы




Жұқпалы ауру қоздығыштары

өмір ұзақтығы (күн)

Сүзек тобындағы бактериялар

Қантышқақ (дизентерия) таяқшасы

Тырысқақ вибрионы

Бруцеллез таяқшасы

Полиомиелит вирусы


30-150

40-60


7-15

5-60


70-150

Сіріспе, ботулизм, газды гангрена ауруларын тудырушы патогенді микроорганизмдер жер қырытысында ұзақ уақыт өмір сүре алады. Сіріспе, газды гангрена, аса сирек жағдайда ботулизм аурулары оққа ұшу, жарақат алып, орын осы ауруларды қоздыратын микроорганизмдер құрайтын топырақтен ластану кезінде анықталады. Сол себепті жарақаты топырақпен ластанған адамдарға міндетті түрде тырысқаққа қарсы егу, ал өрт сөндірушілер, жер қазушылар мен әскери қызметтегі адамдар тырыспаға қарсы иммунизация алады. Түйнеме ауруының таяқшасы топырақтың, ауру малдардың қалдықтары, өлігі, тері өңдеу заводтары мен жүн жуу фабрикаларының ағын суларымен ластану арқылы тарайды. Түйнеме таяқшасының ұрығы топырақта бірнеше жыл тіршілік етеді. Адамға дәнді-дақылдар немесе тропикалық тізбек арқылы жұғады, яғни топырақ, өсімдік, мал, адам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет