Тақырып: Топырақ гигиенасы. Жоспар


Топырақтың өзіндік тазарынуы



бет3/9
Дата28.01.2022
өлшемі46,27 Kb.
#130100
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
теория 4 ЖГ

Топырақтың өзіндік тазарынуы – топырақ микроорганизмдерінің әсерінен қалдықтармен түскен органикалық заттардың ыдырауы және патогенді микроорганизмдердің жойылуына әкелетін, нәтижесінде су, көмір қышқылы, минералды тұздар мен гумус түзілетін күрделі ұзақ процесс. Гумус – топырақ микроорганизмдері түзетін өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ететін органикалық, бейорганикалық заттар қосындысы. Топырақ көптеген улы қоспалардан тазарына алады. Олардың көпшілігі топырақта жиналып, микроорганизмдер мен оттек әсерінен тотығып, улы емес қоспаларға ыдырайды. Топырақтың тазарынуы аэрация дәрежесіне байланысты. Ірі түйіршікті топырақтың ауа және су өткізгіштігі жоғары болғандықтан аэрация мен тазарыну жақсы жүреді. Ұсақ түйіршікті топырақта ауа өткізгіштік нашар болғандықтан тазарыну жәй жүреді. Топырақты жырту мен қопару аэрация мен тазарынуды тездетеді. Топырақтың органикалық заттармен ластануы тазарынуды баяулатады. Ол анаэробты микроорганизмдердің дамуына жағдай жасап, нәтижесінде органикалық заттардың жартылай ыдырауынан атмосфералық ауа жағымсыз иіспен ластанады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет