Талқылау, ойын сабақ Керекті құралдар


Видио ролик Отбасы бала тәрбиесі



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі104,14 Kb.
#98279
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 сынып бейімделу
5 сынып бейімделу
Видио ролик Отбасы бала тәрбиесі

Құрметті ата-аналар! Әрқайсымыздың өз бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді білеміз. Әрине, жаман қасиеттерімізді де білеміз. Бірақ ол туралы айтқымыз келмейді. Қазір 5-6 ата-ана араларыңыздан Мен қандаймын?деген сұраққа жауап беріңізші. Мен әдемімін, ақылдымын, көріктімін, сымбаттымын дейміз. Осындай сөздерді естіген кезде біз бір шаттанып, қуанамыз, яғни соған лайықта болуға тырысамыз. Ал сіз қаншалықты, қалай жиі осы сөздерді балаңызға айтасыз? Біз күнделікті ақылдым, алтыным, жарайсыңдеген сөздерді балаға айтамыз. Мұғалім бала үшін психотерапевт те бола алады.
Мына қағазға сіздер өздеріңіздің ұсыныс, өтініш, тілектеріңізді жазып берсеңіздер. Әр топтар бір адам айтып берсе. Әрине, мектеп пен отбасы бірігіп жұмыс істеген жағдайда ғана біз өзіне-өзі сенімді, дені сау, еліміздің иманды да адамгершілігі мол ұрпағын тәрбиелей аламыз.
Трениннг
Ойын «Қар кесек» 
Балалар біз қазір «қар кесек» ойынды ойнаймыз. 1-ші қатысушы 2-нші қатысушының көзіне қарап, өзінің атын айтады қол түйістіреді, 2-ші қатысушы 3-нші қатысушының көзіне қарап 1-ші қатысушының атын, өзінің атын айтып, қол түйістіреді. Солай бір бірімізге қарап тілегімізді ары қарай жалғастырамыз. 
Сұрақ: Сенің бүгінгі күні көңіл күйін қандай? 
- көңіл күйлерің өте жақсы болса жасыл дөңгелекті көрсетіндер 
- көңіл күйлерің орташа болса көк дөңгелекті көтересіндер 
- дербестікті сезсеңдер қызыл түсті дөңгелекті көтересіндер 
Аттарымыз, көңіл күйіміз, ішкі дүниеміз әр түрлі болса да, бізге бірігіп сәтті жұмыс жасауға не қажет деп ойлайсыңдар? 
Ережелер: 
- Өз пікірін еркін айтуға болады. 
- Басқа адамдардың пікірін ілтипатпен тыңдауы қажет 
- Бір бірімізді мазақтауға, ескерту жасап, сөзін бөлуге болмайды. 
Осы ережелерді сақтасақ тренингіміз сәтті өтеді. 
Қорытындылай келе,
Сара Алпамысқыз айтқандай «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық махаббат пен мейірімділік – шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені, біз баланы – адал еңбек етіп, елін сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан, ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет! ».
Балалар жаны таза тақта,
Оған тек жақсы сөздер жазайық, құрметті ата-аналар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет