Тандамалы


Ал одан кейінгі бейбіт өмірге үйрену шынында



бет37/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
Ал одан кейінгі бейбіт өмірге үйрену шынында да қиын болды ма, қалай үйрендініз?

  • Қиын болды ғой, киын болды. Алдымен мен үшін үйде отыру, үйде ұйыктау деген азапқа айналды. Өйткені төрт жыл бойы орманда бес қаруды белге байлап алып, карды үңгіп ұйықтап, күркеде демалып жүрген адамға адам сияқты шешініп, төсекте ұйықтау деген.

    (Шегініс. Тацдамалы кітабыныц
    “Өскен жерге оралу” бөлімінен үзінді).

    ...Үйге кірсем болғаны, сол үйді сырттан фашистер коршап алған сиякты, сыртка шығуға асығамын. Төсекке жатып. ұйықтап кетсем болғаны, самолет есігінде парашют киіп тұрғандай сезінем де, қарғып кетемін, жерге төсектен топ етіп кұлап түсемін. Төсенішті еденге салып беретін болды. Сонда да ұйқылы-ояу кашып шыкпақшы болып, не есікке, не терезеге карай жүгіремін. Жүгіргенде, кейде өзім ғана жүгірмеймін, жанымда жаткан жолдасымды не колынан, не аяғынан сүйрей жөнелемін. Соғыста орманда жүргенде, моншаға жиі түсу кайда? Реті келгенде эйтеуір жуынып-шайынған боласың. Кір жүріп, әбден үйреніп кеткен дене кейін моншаға түссең, кірден тазарса кышиды... Өстіп жүріп әзер үйрендім. Үйренгенде мені бейбіт өмірге бейімдеген ортам болды. Ол - менің елге




    оралуыма септігі тиген акын Ж.Саин, көрнекті жазушы С.Мұканов, ІП.Хұсайынов сияқты халқымыздың ардакты ұлдары. Алдымен рахметті соларға, солардың аруақтарына айтамын. Содан кейін азаматтык тұлғамды сақтауға ықпал жасаған жанашырларымның бэріне рахмет!

    • Жогарыда әңгіме арасында репрессия, сатқындық жөнінде сөз қозғап қалдыныз. Бұл жөнінде де талай деректерді білетін көрінесіз, соны кішкене таратып айта кетсеңіз?

    • Мен тарихты жақсы білем. Қазір көп адам айтып жүр ғой сталиндік репрессия деп. Репрессияның ең алдымен бастаған Сталин емес. Репрессияны бастап берген Ленин, Троцкий, Тухачевский үшеуі. Шовинистік пиғылмен бастаған осы үшеуінің саясатын өзгелер коштап кетті...

    Мен мына тұсыма Сталин мен Абылайдың суретін неге іліп койдым? Өйткені Абылай біздің кең байтак жерімізді киын тұста сактап калған батыр, акылды хан болса, Сталин де фашизм сойканынан Совет Одағын коғап қалды. Жоғарыда айттым ғой, тіпті анау алпауыт елдер - Англия, Америкаларың Совет Одағы аркылы аман қалатынын білді. Содан кейін болар, бізге тегін тамақ, киім-кешек, т.б заттар берді. Сөйткен, елге жеңіс әкелген Сталинді “ұлы халықтың” нэсілшіл шовинистері өз кінэларын жабу үшін репрессияны бастаушы етіп көрсетті. Жауыз Хрущев Сталинді кінэлі етті де “ұлы халықтың” шовинистік саясатын жасырып калды. Соны білмегендер казір “сталиндік репрессия,” “сталиндік қырғын” деп айғайлап жүр... Барлык кұпия осы. Осыны түсініндер. Енді оның аржағына алыска бармай-ак репрессияның Қазакстанда калай жүргеніне тоқталсак, оны ары қарай нәсілшілдер, науқаншылдар, саткындар жалғастырып әкеггі. Мэселен, дэл қазіргі танда қуғын-сүргінге ұшырадым деп жүрген белгілі кісінің (Батыр атамыз “белгілі кісінің аты-жөнін атап еді, біз үлкендер ара- сына енді жік түспесін, ескі жараны тырнамай-ак кояйық деп, ол кісінің аты-жөнін атамадық. - Ред.) өзі кезінде репрессияның нағыз белсендісі болған, басшылык кызмет істеген болатын. Сол кезде өзі ”халык жауы” деп бірнеше адамды каматты. Ол он-он бес адамды каматқан соң, олар өздерін “сол кісінің” ұстатканын біледі ғой, енді олар өздері ақыры кетіп бара жатқан соң “ананың” өзі де “халық жауы” деп айтып кетеді.




    Содан кейін барып, “сол кісінің” өзі де ұсталып кеткен. Сөйтіп бірін-бірі көрсетіп, репрессия жалғаса берген. Сол кезде біздің Жазушылар одағынан елу шақты адам репрессияға ұшырапты. Қазір соларды кім ұстатқаны белгілі. Бұл жөнінде менде көп деректер бар. Сонау бірі - мынау.
    ...1965 жылы М. Жұмабаевты ақтау жөнінде Мәскеуге хаттар түскен ғой. Содан ондағылар ақтасақ, ақтайық. Бірақ алдымен еліне хабарлап, олардың келісімін алайық деген. Сөйтіп Қазақстанға нұсқау берген. Сол бойынша Қазақстанның Орталық партия комитеті Мағжанды ақтауға келісім беретін комиссия құрған. Комиссияның төрағасы сол кездегі Жазу- шылар одағының төрағасы, белгілі ақын, мүшелері де танымал ақын, ғалымдар болған. Солар ақтауға болады десе, Мәскеу ақтайды ғой. Ал бұлар “болмайды” деп шешім шығарып берген. Сонда аяулы ақын Мағжанның аруағын ақтауға карсы болған олар қандай адам? Мен осылай деп кезінде жаздым да. Ондағы ойым, шынында оларға Мағжанды ақтауға не кедергі болды екен, айтсын дегенмін. Ешкім бармады, олар өздері айтпады. Әлі де болса көзі тірілері бар, барыңдар, сұрандар айтсын!
    Үнсіздік... Ой кешу
    Зиялы кауым деп, халык кұдайдай сыйлап жүрген азаматтардың осындай кемшіліктері мен пендешіліктеріне күйінген батыр кызына сөйлеп, күйіне келіп, түйіле тоқтап калды. Содан кейін бурыл тартқан қалың қастары, көмкерген кабақтары біресе түйіліп, біресе жазылып, ойға шомып кетті. Мен де ойланып отырмын. Шынында біз талай ақиқатты білмей келіппіз ғой. Шындық дегеніміздің көбі бұрмаланған, өзгертілген дүниелер көрінеді. Ал шынайы шындыкты білетін және соны саясат ықпалымен емес, азаматтыкпен, бұрмаламай айтатын көнекөздер аз да болса бар. Ендеше солардың көзі тірісінде “тұманды жылдар ” акиқатын сұрап қалу керек-ау деген ой келді бізге. Сол оймен сұраулы жүзбен батырға карадық. Ол кісі де соны түсінгендей әңгімесін сабақтады.
    - Репрессияға байланысты тағы бір мысал айтайын. Д. деген үлкен кісіні білетін шығарсың. Менен он неше жас үлкен өзі. Сол кісімен Жазушылар одағында үгіт бюросында бірге кызмет істедік. Ол - директор, мен - орынбасар. Екеуміз бір кабинетте отырамыз. Бір күні Д. отырып маған:


    • Қасым, осы Мұқаметжан Қаратаевты айдатқан - мен, - деді.

    • Қалай? - деймін мен.

    • Ол былай болған, - деп Д. эңгіме бастады. Ақын Ө.Тұр- манжановтың өлең кітабы шығады. Сонда бір қате кетеді (шамасы, саяси қате болса керек. - Н. С.). Содан КГБ Өтебай Тұрманжановты камайды. Ал Өтебай “Бұл кездейсок кеткен қате, менің колжазбамда ол кателік жоқ. Менің қолжазбамды редактор оқиды, корректор оқиды, солардың жіберген қателері” дейді. Қараса кітаптың редакторы М. Қаратаев екен. Ол кезде М. Қаратаев Жазушылар одағының төрағасы болатын. КГБ алады да, М. Қаратаевты да қамайды. Орнында Д. төраға болады. Ал ана жақта КГБ-ның адамдары “халық жауымын деп қол қой” деп шырылдатып, М. Қаратаевты қаралайды. Мұкаметжан да бұл кездейсок кеткен кате деп, мойындамайды. Содан КГБ-ның адамы тұрады да:

    • Жарайды, онда Жазушылар одағының төрағасын ша- қыртып сұрайық, егер ол да кездейсок кеткен қате десе, босатамыз, ал эдейі жасалған десе, кінэлеріңді мойындай- сыңдар, келісесіндер ме деген. Олар Д. әдейі жіберген деп айта қоймас деген ойда болса керек, келісеміз дейді. КГБ-нің адамы Д-ны шақырып алады да, бір бұрышқа Өтебайды, екіншісіне Мұқаметжанды, ортаға Д-ны тұрғызып кояды да:

    • Ал, Д. жолдас. Мыналардың жіберген қатесі кездейсок кеткен бе, әлде эдейі жіберілген бе? - дейді.

    • Қасым, білесің бе, егер мен кездейсоқ кеткен десем, аналар мені де қамайтын сияқты көрінді маған. Сондықтан әдейі жіберген дедім дейді Д. маған, ұялмай. Содан элгі жерде мен жатып кеп ашуланайын. Д-ға айттым.

    • Мен де фашистердің қолына талай рет түскенмін. Олар құпияны, партизандардың қайда жасырынғанын білмек болып, ұрған, сабаған, токка отырғызған, итке талатқан, бірақ мен достарымды сатқан жоқпын. Сондықтан да жеңіске жеттік. Сені ұрып, түрмеге апара жатқан олар жоқ еді ғой. Солай бола тұрса да, сен неге оларға жала жауып, өтірік айтасың? Ал мұндай эңгіменді маған, мен сияқты адамға неге айтасың? Мұндай әңгіменді өзің сияқты саткын адамға айт деп, Д- ға қатты ренжідім. Содан кейін онымен сөйлескен емеспін. Мұндай окиға көп болған ғой. Қазір солардың шын жазықтысы




    да, жаламен кеткені де репрессия жылдары куғын-сүргін көрдік деп, ұлардай шулайды. Сондықтан тиісті орындар анықтап, репрессияның да, оған шынайы кінэлілердің де эділ бағасын, жазасын беру керек.

    • Қасым аға, мына ойларыңыз шынында тыц дүние екен. Осы сүхбатымызды оқыған сон репрессияны зерттен жүрген мамандар мүмкін ойланар. Ал сіз білетін, жазылмай жатқан 80 пайыз дүниені жазу үшін озіңізге хатшы тагайындату мәселесі қарастырылган жок па?

    • Оны осындағы бірқатар үлкен жазушылар Үкіметке айтып жүріп, хатшы белгілетті ғой жакында. Е. Нұразханов деген жігіт. Оған диктофон, компьютер, фотоаппарат берген. Енді жұмысына кірісер.

    • О, мына жаналыгыңыз жақсы екен. Ал енді болашақ үрпақ үшін құнды болып саналатын сіз ұстаған қару- жарақ, заттардын жәйі не болмақ? Сіз сияқты батырдын мүражайы көзініздін тірісінде ашылса, артық болмас еді ғой. Бұл жөнінде қандай ой бар?

    • Енді оны Үкімет, тиісті орындар шешер. Көзімнің тірісінде ме, мен кеткен соң ба, өздері білер. Әйтеуір дэл қазір 200-250-дей мұрағат (экспонат) заттар жиналған. Соғыс кезінде өзім ұстаған кару-жарақ, дүрбі, картадан бастап, кейін маған сыйлаған кару-жарақ, әскери, партизандык киімдерімнің эркайсысының өз тарихы бар. Халқымның кажетіне жарар деп, жинақтап отырмын. Қалай, қашан жасарын азаматтар өздері шешер.

    • Қасым аға, сіз - қаланын ен байыргы түрғындарынын бірісіз. Елу бес жылдан артық уакыттан бергі барлық өзгеріс көз алдыңызда. Сол өзгерістердің несі үнайды, несі үнамайды?

    • Енді өзгерді ғой, көп өзгерді. Әрине жақсы бағытта өзгерді. Бұрын асфальтталған көшелер аз еді. Қазір бэрі даңғыл жолға айналды. Ғимараттар да сәнді. Тек бұрын қала көшелерінен апорт алмалардың исі аңқып тұрушы еді, сол жоғалды қазір. Дегенмен қала экімі соңғы жылдары қаланы көгалдандыруға көп күш салып жатыр ғой, енді біраз жылда жасыл желекті, апорт исі аңкыған қала қалпына келіп калар.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет