Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін, әдістерін, құралдарын, тәсілдерін үйлестіретін, тәрбиелеу амалдарын анықтайтын психо – педагогикалық құрылымдардың жиынтығы, ол педагогикалық барыстың құралы болып табылады. (Б.Т. Лихачев.).
Педагогикалық технология – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі. (В.М. Монахов)
Педагогикалық технология дегеніміз – оқыту үрдісін жүзеге асырылатын мазмұнды техника (В.П. Беспалько).
Педагогикалық технология дегеніміз – оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы. (И.П. Волков).
Кәсіби- бағдарланған технологиялар – оқытудың кәсіби бағыттылығы есепке алынған және болашақ мамандардың қызығушылығына, бейімі мен қабілетіне бағдарланған педагог пен студенттің психологиялық, жалпыпедагогикалық, дидактикалық тұрғыдан өзара іс- әрекетінің жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |