Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


«Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің» құрылымы мен мазмұны



бет149/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

«Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің» құрылымы мен мазмұны.
Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің жалпы құрылымы 15 тарау-тақырыптан құралады. Енді соларды қысқаша болса да ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеп көрейік.

  1. "Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің" пайда болуы және дамуы. Мұнда қазақ тарихын оқытуға тұңғыш әрекет жасаған Ы.Алтынсарин екендігіне назар аударылады. Ал, кеңестік дәуірде тек 50-жылдардың аяқ кезінен бастап қана Қазақстан тарихының материалдары Жалпы білім беретін мектептерде оқытыла бастағаны, проблемалардың орын алғаны, қолайсыз тенденциялардың болғаны баяндалады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ол мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізіліп, өз дәрежесінде оқытуға жағдай жасалғандығы аталып өтеді

  1. "Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі - ғылыми пән" деп аталатын тарауда жеке пәнді оқыту әдістемесінің дидактиканың бір бөлімі, оның ғылыми зерттеу бағыты педагогика ғылымының методологиясына, дидактиканың жалпы принциптеріне сүйенетіңдігі, бірақ жеке пән әдістемесінің зерттеу объектісі мен мақсатының өзіңдік ерекшелігі бар екендігіне назар аударылады. Жеке пәңді оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым екендігі, демек, тарихты оқыту әдістемесі де педагогикалық, қоғамдық ғылым деген тұжырым жасалады.

  1. "Қазакстан Республикасы мектептеріндегі Қазақстан тарихы пәнінің қазіргі құрылымы" тарауында Республиканың осы күнгі жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан тарихының құрылымы талданады. Оның 5-кластан бастап, мектеп бітіргенше жеті класта оқытылатыны, пәннің екі курсқа бөлінетіні, яғни 5-класта элементарлық, ал 6-11 кластарда жүйелі курс оқытылатьны көрсетіледі. Бул курстардың, сондай-ақ Қазақстан тарихының жеке кластарда оқытылатын бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау жасалады.

4. Келесі тарау-тақырып Қазақстан тарихы пәнін оқытудың мақсат-міңдеттеріне және соларға сүйене отырып оның білім мазмұнын анықтауға арналады. Қоғамдық пәндерді, соның ішіңде әсіресе тарихты оқытуда болып жаткан үлкен өзгерістерді, оқытуды ізгілендіру, демократияландыру принциптерін басшылыққа ала отырып, тарихты оқытуға мүлде жаңаша қарау қажеттігі, осыған байланысты пәнді оқытудың мақсат-міндеттеріне елеулі өзгерістер енгізілетіні көрсетіледі. Пәннің білім мазмұнын сұрыптап, іріктегеңде басшылыққа алынатын принциптер, критерийлер мен талаптар анықталады.
5."Пәңді оқытудың ұйымдастыру формалары" - деп аталатын тақырыпта оқыту формаларын анықтауға ерекше мән беріледі. Өйткені, әдетте, сабақтың типтері мен оқыту формалары шатастырылады, семинар, лекциялар да сабақ деп есептелінеді. Дұрысы, сабақ, семинар лекция, конференция, экскурсия, кеш сияқтылар, яғни өздерінің ішкі құрылымы мен оқыту әдіс-тәсілдері жөнінен бір-біріне ұқсамайтындар оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларына жатады. Ал, тарих сабақтарының бұрыннан қалыптасқан яғни тарихты оқыту әдістемесі ғылыми жағынан, соңдай-ақ мектеп практикасы іс жүзінде дәлелдеген онға жуық типі бар екені белгілі. Соңғы жылдары тарих сабақтарының типтері "әдеттен тыс сабақтар" деп аталатын жаңа типтер есебінен көбейтілді. Ондай әдеттен тыс сабақтар типтеріне бірқатар алдыңғы қатарлы тарихшы мұғалімдер өткізіп жүрген интегралданган, ролдік, топ-топқа бөліп оқытатын, кездесу, ойын сахналандырылған және басқа сабақ типтері жатады. Сөйтіп "әдістеме пәннің" бұл тарауында осындай болашақ жас тарихшы мұғалімдерге аса қажет ғылыми-әдістемелік мәселелер толық көрсетілуі тиіс.
6. "Тарихты оқыту әдістері" тарауыңда осы пәнді оқытуда көптеген пайдаланылып келе жатқан әңгіме, әңгімелесу, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, тарихи деректерді, көрнекі және техникалык құралдарды пайдалану сияқты иллюстрациялап-түсіңдіру әдістерін шығармашылықпен қолданып, оларды оқушылардың ойлау, таным қызметін дамыту мақсатына тиімді пайдаланудың жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар оқушыларды тікелей шығармашылыққа, ізденушілікке үйрететін логикалық тапсырмалар беру, проблемалы баяндау, проблемалы оқыту, проблемалық ситуация туғызу сияқты әдіс, тәсілдерді пайдалану жолдары толық, әрі нақты мысалдар келтіре отырьп баяндалуы тиіс.
7. "Оқушыларда тарихи білімдерді қалыптастыру кезеңдері" тарауыңда оны қалыптастырудың белгілі бір реті, жүйесі барлығы, оны үнемі ескеріп отыру қажетігіне назар аударылады. Олардың қатарына: тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды түсіңдіру арқылы оқушыда түсінік қалыптастыру, ұғымдарды, заңдарды, заңдылықтарды талдап-түсіндіру жатады.
8. "Тарихи материалдың тәрбиелеушілік мүмкіңдіктерін жүзеге асыру әдістемесі" тарауында бұл мәселе мүлде жаңаша карастырылуы тиіс. Тарихты оқыту барысыңда алдымен қоғамдағы адамдардың үлгілі тәжірибелерін, үлгілі істерін көрсетуге осы мақсатта өркениеттілік, мәдениеттанушылық сипатты материалдарды көбірек пайдалану кажеттігі көрсетіледі. Тәрбиелік аспектілерді анықтағаңда құндылыққа, ізгілікке, отаншылдыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу бірінші орынға шығады. Бұл тарауда оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің көтерілгенін анықтайтын өлшемдерінің үлгілерін берген дұрыс. Мәселен, егер оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай өзінің сезіміндегі өзгерістерді білдірсе, тарихи оқиғаларға, құбылыстарға баға берсе, сабақ материалының мазмұнына қарай қуану, не ренжу т.б. сезімдерін білдірсе меңгерілген білім оқушының тәрбиелілігіне әсер етті деуге болады.
9. "Ұғымдар мен біліктерді қалыптастыру әдістемесі" деп аталатын тарауда әдістеменің аса бір маңызды мәселелері қарастырылады. Өйткені оқу бағдарламасында көрсетілген ұғымдардың ғылыми түсінігі оқушыларда берік қалыптаспаса, олар бағдарлама талаптарына сай ғылыми білім ала алмайды. Ал, біліктср қалыптаспаса оқушылардың ой-лау, таным қызметін тиісті дәрежеде дамыту, яғни тұлғаны талапқа сай қалыптастыру мүмкін емес.

  1. "Қазақстан тарихының оқулықтары" тарауында осы пәннен жасалатын оқулықтарға қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптар көрсетіледі, осы курстан 1959-1990 және 1991-1995 жылдар аралығыңда жарық көрген оқулықтарға қысқаша сипаттама беріліп, оқулықтардың кейінгі, яғни дербес пән болғаннан бергі 5-11 кластар үшін жасалғандарына талдау жасалынып, олардың ерекшеліктері көрсетіледі.

  1. "Оқыту нәтижесін тексеру және есепке алу" деген тарау-оқу бағдарламаларында көрсетілген базалық білім мен біліктерді оқушылардың қаңдай дәрежеде: "мүмкіндік" және "міндетті" деңгейлерде меңгергенін анықтауға арналады. Былайша айтқанда, мұнда оқушылардың білімі мен біліктеріне койылатын мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуы тексеріледі. Осыған орай тарауда оқушылардың меңгеретін тарихи білімдсрінің толықтығына, тереңдігіне, беріктігіне қойылатын талаптар, сондай-ақ білімдсрдің "мүмкін" деңгейі мен "міндетті" деңгейінің көлемі мен мөлшері анықталады.

Бұл тарауда оқушылардың білімдері мен біліктерін тексерудің түрлі әдіс, тәсілдері туралы нұскаулар беріледі. Мәселен, оқыту нәтижелерін қатар жазбаша тексерудің: тақырыптың жәй және толық жоспарларын, тезисін жасау; тақырыпты сұрақтарға бөліп, оларға жауаптар жазғызу; графикалық тапсырмаларды орындату; диаграммалар, схемалар, хронологиялык, синхрондық таблицалар сыздырту т.б. түрлерін қолдануға болады. Мұнда білім тексерудің тест әдісін қолдану туралы да әдістемелік нұсқаулар болады. Оқушылардың білімдері мен біліктері тарихи білімдерінің тірек категориялары: тарихи уақыт, тарихи кеңістік, тарихи қозғалыс бойынша тексерілгені дұрыс. Бұл нұсқау студенттерге түсінікті болу үшін оқыту нәтижесін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалардың үлгілерін берген орыңды.
12. "Өлкетану жұмыстары" тарауында тарихшы мұғалімдердің өз өлкесін зерттеуге оқушыларды қатыстыруы, осы бағытта жүргізілетін жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру жолдары баяндалады. Өлкетану жұмысы нәтижесіңде жинақталған материалдарды қорыту, сақтау және оларды мектептің оқу, тәрбие жұмысыңда пайдалану жолдары көрсетіледі. Осы тарауда өз өлкесі тарихы бойынша оқу құралдарын дайындау және оқыту жолдары, сондай-ақ Қазақстан тарихының белгілі дәуірлерін бағдарлама бойынша өтіп болғаннан кейін, сол дәуірдегі өз өлкесінің тарихын баяндауға арналған сабақты ұйымдастыру және өткізу жолдары туралы да әдістемелік ұсыныстар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет