Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Тарихты оқыту процессінде білімнің қалыптасу сатылары



бет151/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

3. Тарихты оқыту процессінде білімнің қалыптасу сатылары. Оқушылардың оқу жұмысының көптеген түрлері бар. Олар сабақ, кеңес,
сынақ,семинар және конференция, оқу саяхаттары болып бөлінеді.Мемлкеттік мектептерде оқытудың негізгі түрі – сынып сабақ деп аталады. Бұл жердегі сынып – сынып-сабақ бірыңғай базалық білім алатын, сынып оқушыларының 40-45 минуттан тұратын оқуы. Бұндай оқудың санын мектептің оқу жоспары, ал мазмұнын мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасы айқындайды.
Практикада тарихты оқыту ортақ, ұқсас белгілі көп сабақтар арқылы жүргізіледі. Соған сәйкес ғалымдар сабақ типтерін олардың негізгі мазмұнына, дидактикалық мақсаттарына, өткізу тәсілдеріне, оқыту процесінің буындарына қарай топтастырады.
Көрнекті әдіскер А.А.Вагиннің пікірінше, оқыту процесінде оның негізгі бөлімдері, қысқаруы немесе кеңеюі, бір немесе бірнеше сабақта іске асуы мүмкін. Осы жағдайлар практикада ескеріліп, сабақтар барлық құрамды бөлімдері сақталып немесе белгілі бір бөлігі басым болып жүргізілуі мүмкін. Оқытуда бөлімдердің үйлесуін сабақтың құрылымы деп атайды.
Кейбір топтастыруда сабақты жүргізу әдісі (дәріс-сабақ, пікірталас-сабақ, кино-сабақ, зертханалық сабақ); оқушылардың әрекеті (жинақтау сабағы, проблемалық); материал сипаты (жаңа деректі игеру) басшылыққа алынады. Дағдылар мен іскерлікті қалыптастыратын сабақтарды ерекше типке жатқызуға болады.
Кіріспе сабақ оқушыларға алдыңғы курстарда алған негізгі білімдерін жаңғыртып, тарихтың жаңа курсының негіздеріне жалпы сипаттама беруі тиіс. Кіріспе сабақтың мазмұнында оқушылардың жаңа тақырыпты игеруіне көмектесетін мақсаттардың болғаны дұрыс. Қажет болғанын жағдайда мұғалім бұл сабақта оқушылардың базалық білімін, негізгі дағдыларын айқындайды.
Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынандай түрлерін атауға болады: материалды мұғалімнің мазмұндау сабағы; мектеп дәрісі; саяхат сабақ; кино-сабақ; оқушылардың хабарламалары мен баяндамаларына арналған сабақ. Жаңа материалды игеру сабағында оқу әрекетінің бұл түрлері басым болып келеді және сабақтың едәуір бөлігін қамтиды. Ал, бекіту, қайталау, оқушылар білімін тексеруге аз уақыт, аз көлем бөлінеді.
Оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеруде аралас сабақтың маңызы зор. Мұндай сабақ алдыңғы сабақтағы білім дағдылардың бүгінгі сабақ мазмұнымен байланыстарын тексеру және есепке алу; жаңа материалды игеруге өту; алдыңғы сабақта өткенді қайталап, жаңа сабақты оқып үйрену және бекіту сияқты бөлімдерді қамтиды.
Білімді тексеру мынандай талаптардан тұрады: 1) сұрақты негіздеу (өткен білімдерсіз алға жылжу мүмкін емес); 2) барлық оқушыларды жұмысқа жұмылдыру; 3) оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп, тексеруді жекелеп жүргізу; 4) тексеру мазмұнының жаңа сабақпен байланысы; 5) сабақ барысында тексеру кезеңін айқындау;
Сабақ басында сұрақ оқушыларды жаңа материалды игеруге дайындап, алдыңғы сабақ тақырыбындағы сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнын қамтуы тиіс.
Әңгіме оқушының ауызекі сөзін дамытып, білімді ауызша мазмұндау тәсілдерін қолдану дағдысын қалыптастырады (конспектілеу немесе түсіндірме мазмұндау, жалпы әңгіме және т.б.) Төменгі және орта буын сыныптарда тізбектей әңгімеленеді де, оқушылар тарихи себепшарттардың байланысын жақсы аңғара алады және өткен оқиғаға деген өзінің қатынасы қалыптасады. Олар тарихи материалдарды талдау, жинақтау, өзі ұсынған тұжырымды дәлелдеу арқылы тарихи жүйеде ойлауға үйренеді. Оқушылар өз жауабын оқулық мазмұнымен салыстыру арқылы жіберген қателіктерін аңғарады. Жоғары сыныптарда тапсырмалар күрделене түседі. Оқушылар қисындық сызбаны құрастырып, күрделі жоспар түзеді; ұғымдарға жазбаша анықтама береді; партия, қозғалыс, тарихи тұлғаларға сипаттама береді; түрлі кестелер толтырылады. Сұрау кезінде жаңаны игеру, деректі түсіндіру, оқиғаны мазмұндауда теориялық білім тұрақты түрде қолданылуы тиіс. Бұл білімдер одан әрі нақтыланып және байи түседі.
Оқушылардың тарихқа қызығушылығын дамытуда олардың алған білімдерін бағалаудың маңызы зор. Ол үшін түрлі тәсілдер бар. Мысалы: жауап берер алдында материалды оқулық бойынша қайталау; көрсетілген жұмыс тәсілі, үлгісі бойынша тапсырманы жазбаша орындау; сыныпта үйде дайындалған жоспар бойынша әңгімелесу.
Жаңа материалды оқуға өту кезеңі дидактикалық тұрғыдан алғанда өте маңызды. Мұғалім жаңаны оқуға оқушылардың зейінін аударады, белгісізді тануға деген қажетті психологиялық көңіл күй қалыптастырады. Жаңаны ауызша түсіндіргенде немесе оқулықтан оқығанда оқушылар көп аспектілі мазмұннан бұрын бір желілі материалды жақсы игеретіндігі белгілі. Мұғалім оқулықтың мазмұнына түзету жасай отырып, барынша маңызды, күрделі бөлігін басты деректер, жарқын да бейнелі мәселелермен толықтырып түсіндіреді.
Бекіту деп сабақта өтілген материалды екінші қайтара жаңғыртып, ой елегінен өткізуді айтамыз. Бекіту мақсаты - сабақта өтілген материалды есте сақтап, жаңа мен бұрынғы білімді байланыстырып, оқушылардың зейінін ұштап, сонымен бірге жаңа білімдерді игеруін тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет