3. Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігі. Өзіндік жұмыс тәрбиелеу мен оқыту процесінің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Білім сапасын көтеру, оқу әдісін жандандыру мақсат болып отырған казіргі кезенде өздік жұмыс оқушылардың белсеңділігін арттыруға, шығармашылық қабілетін арттыруға, жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың ой-өрісін, қиялын дамытады. Эмоция туғызуға бұрын алған білімдерін еске түсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өздік жұмыс окушының баспасөз материалдарын өзінше ізденіп оқуға, сол арқылы танымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жауапкершіліке дағдыландырады. Өзіндік жұмыс қушының сабақта алған білімін кеңейте түседі.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда сабақтың бүкіл уақытын қамтымай, оқушылардың жұмысына өзім бақылау жасаймын. Бастамасы сыныпта орындалып, қалғанын үйде орындайды. (Сабақтан тыс). Өз бетінше жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызды шарты, өтілген курстардағы біліміне сүйене отырып жүзеге асыру. Өзіндік жұмысқа тарих курсы окытыла бастағаннан-ақ дағдылаңдыра бастау керек. Курсты жаңа бастаған окушылар пәнді оқып мазмұндауға алғашқыда дағдылана алмайды. Тарихи материалды меңгеруге дайын болмайды. Себебі, оларда қоғамдық өмірдің құбылыстары туралы ой әлі қалыптаса қоймаған. Оның үстіне сөздік қорларыда аз болады. Тарихи оқиғалардың кейбір мәліметтері ғана таныс. Сондықтан тарих курсын жаңа бастаушы 5-сыныптарда өтілетін алғашқы сабақтарда оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ынталандыру керек.
Білім беру процесінде оқушылардың өзіндік жұмысының қандай түрлері қалай жүзеге асырылып жүр? Күнделікті сабақта оқытудың басқа әдістері тәрізді сабақтың барлық уақытын қамтып алмайтындай етіп, көбінше сабақты бекіту кезеңінде өзіндік тапсырмалар орындалады. 5-ші, 6-сыныптарында оқулық материалдарына сүйеніп мәтіннің тақырыбын онын негізгі сұрақтарын ойлап табудан бастаймыз.
Мысалы: 1. Андронов мәдениетін жасаушылар қай дәуірде өмір сүрген? (Қола). Андронов тайпалары шаруашылықтың қандай түрімен шұғылданған? (Балық аулау) Адамзат дәуірінің басталу кезеңі неліктен тас ғасыры деп аталған? Бұдан соң қарапайым жоспарлар құру оқушыларға тапсырылады. Бесінші сынып оқушылары «Көне дүние куәлары» тақырыбы бойынша төмендегідей жоспарлады.
Тас құралдар дәуірі.
Мұнан соң тексті өз бетінше мәнерлеп оқу.
Оқушы мәтін сөзін бұзбай мәнерлеп оқуға жаттығады. Тақырып соңында берілген таным арттыратын топтама, құжаттар, жеке тұлғалар өмірімен өздік жұмыс. Берілген материалдарды мазмұңдауға немесе дәптерге қажеттісін жазу, тапсырмаларды орындау ұғымына байланысты мысалдар келтіру. Сөйлем құрау тапсырылады. Жаңа сабақты бекіту кезеңінде алдын-ала даярланған кестені беріп соған байланысты қоғам өмірінің қырларын анықтауға жетелеуге болады. Өзіндік жұмыстың мұндай түрлерін орындай отырып, оқушы өз бетімен қоғам өмірінің экономикалық, саяси әлеуметтік, таптық, мәдени жағын ажырата білуге дағдыланады. Осылайша оқушылар үшін проблемалардың күрделілігі біртіңдеп өсіп отырады. Бұл орайда 5-6 сынып оқушыларына арналған қосымша құралдарды пайдалануға болады. (Жұмыс дәптерлері, т.б.) Оқушының жаңа білімді қалай меңгергенін білу мақсатында жабық тест түрінде өздік жұмыс тапсырылады. Сонымен бірге, сөз жұмбақтар немесе ребус жасау тапсырылады. Ойлауды қажет ететіндіктен көбінесе үйге беріледі. Әр оқушы әр түрлі етіп даярлайды.
Мұндай жұмыстар оқушылардың қабілетіне қарай тапсырылады. Мысалы, 6-сыныпта оқушылар мынадай топтарға бөлінген.Поэзияға аздап болса да бейімділер «Жас Мұқағалишылар» то6ы. Бұл тұрғыдағы өзіндік жұмыс оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге шығармашылық қабілетін де жетілдіруге көмектеседі.
Бір оқушы Кұлтегін ескерткішін былайша жұмбақтады:
Бұл қандай тас он бойына құпиясын жасырған,
Кеше ғана мәлім болып шежіресі ашылған.
Бұрынғы өткен көне түркінің баян еткен тағдырын
Батыры мен бағланының жайып салған жан сырын — десе,екінші оқушы:
- Биіктегі үш метрден асады,
Үшбұрышты тастан оны қашады.
Бір метрден ұзынырақ ені бар,
Тапшы соны кімдер оны жасады?—деп өлең жолдарымен өрнектейді.
Ал Хаммурапи заңдарын:
Екі жүз сексен екі баптан тұрған,
Патшасы Вавилонның мұны құрған.
Жер мен қарыз, кепілдің, дәрігерлік
Табасың не керектің бәрін бұдан.
Береді мол мәлімет ежелгідей,
Ұрлық үшін өлімге үкім қылған.
Бұл қандай заң? (Хаммурапи заңы) деп жұмбақтайды. Мұндай өлеңдер мен жұмбақтаудың қайсы біреулері ұйқасы жоқ, тек мазмұнын қара сөз арқылы төрт жол етіп жазып келетіндері де кездеседі. Ондай оқушыларды өз бейіміне қарай бағыттауға болады. «Қастеевшілер» тобы тақырыпқа сай өз суреттерін салып келіп, сол суреттің мазмұнын ашады. Әңгімелеу барысында оқушылардың өнерін мадақтаумен бірге сол суретті көрсету арқылы білуге тиісті сұрақтарға оқушылар жауап береді. Суретті салған оқушы оның сырын қысқаша баяндайды, суреттегі негізгі ойды ашуға көңіл бөлінеді. Өзіндік жұмыс атқаратын келесі топ «Жас Әуезовшілер» тобы. Олар көбінесе оқулықтағы суретке карап шағьш көркем әңгіме жазып жүр. Әңгімелер өте қысқа, ал кейде шұбалаңкы көркемдік жағы әлсіз болып келеді.