Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Реферат- оқушының ізденіп жазған шығармашылығы



бет188/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

3. Реферат- оқушының ізденіп жазған шығармашылығы. Реферат жазу оқушы үшін - шығармашылық жұмыс, ал өзіндік шығармашылықты шебер меңгеру – оқушының даму жолындағы маңызды сатының бірі. Бұл жағдайда мына аргументтерді ескеру керек.
Бірінші аргумент. Реферат жазуда шығармышылық талабын меңгермейінше оқушының белгілі бір табыстарға қол жеткізіп, оның шығармашылық биіктерге көтерілуі қиын. Рефлексия, өзіндік талдау – оқушының өзіндік дамуын ілгері жылжытатын ең тиімді, әмбебап тәсіл. Екінші аргумент. Реферат оқушы үшін өзіндік – шығармашылық жұмыс. Реферат жазу мен тарихи шығармалар жазу оқушының ғылыми ізденіс дағдысын қалыптастырудың ең тамаша тәсілі. Басқа да шығармашылық істің өкілдері сияқты оқушының сезімталдығын есепке алатын болсақ, оның рефераттық жұмысын талдау мен шығармашылығын бағалау құқығы оны көптеген артық тебіреністер мен қобалжулардан құтқарады және оның өзіндік ғылыми ізденісіне деген сенімін туғызады. Оқушыны сын-ескертпелерді ды дұрыс қабылдауға үйретеді.
Үшінші аргумент.Оқушының рефераттық жұмысы талдаусыз қалса ,оқушы өзінің ізденісінің дұрыстығын Рефераттың немесе тарихи шығармасының толыққанды авторы ретінде сезіне алмайды және бұл жағдайда оның шығармашылыққа деген ғылыми ынтасын туғызбауы мүмкін екенін есте сақтауымыз керек.
Төртінші аргумент.Уақытылы жүргізілген шығамашылық талдаумен талдау мен соның нәтижесінде енгізілетін түзетулер оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмыстарының сапасын жақсартады және оқушының шығармашылық ізденіс дағдысын қалыптастырады.
Бесінші аргумент. Реферат жұмыстарын жазу дағдысын меңгерген оқушы сабақты жақсы оқып, тарихи тақырыптарды жақсы меңгеруіне септігін тигізеді. Оқулық пен шектеліп қалмай жан-жақты білімді тұлға болып қалыптасуына ғылыми шығармашылық жұмыс жасау дағдысының берері көп көмектеседі.
Қорыта келгенде, өз бетінше жұмысты балалар үлкендердің көмегінсіз, өздігінен орындауы үшін берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс. Өз бетінше жұмысты сабақтың кез келген кезеңінде тапсыруға болады. Мысалы: жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде, қайталау сабағында, сабақты бекіту кезеңдерінде, т. б.
Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындалуы керек. Сонда ғана сабақ жүйелі, өзіндік жұмыстар сапалы болады. Оқушылардың өздігінен жұ-мыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі болғандықтан, қарапайым сатыдан күрделі сатыға карай дамиды.

Бекіту сұрақтары:


1.Сабақтың семинар түрі мен типін таңдап алуда неге сүйенесіз?
2.Семинар сабағына дайындалу барысында оқушылардың, сыныптың ерекшеліктері қалай есепке алынды?
3.Реферат жазудың талаптарын оқушыларға үйретудің жолдары қандай ?
4.Оқушының шығармашылық ізденіс дағдысының оқу жүйесінде алатын орны қандай?

Әдебиет:


1.С. Тайшығанова, Қазіргі сабақ қандай болу керек? № 5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 15-18 б.
2.Т. Хазіретәлі Жоғарғы сыныптардағы оқу сабақтары №3.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.

13 Дәріс Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет