Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Оқушылардың тарих сабағында өзіндік



бет187/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

Оқушылардың тарих сабағында өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік жұмыс тәрбиелеу мен оқыту процесінің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Білім сапасын көтеру, оқу әдісін жандандыру мақсат болып отырған казіргі кезенде өздік жұмыс оқушылардың белсеңділігін арттыруға, шығармашылық қабілетін арттыруға, жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың ой-өрісін, қиялын дамытады. Эмоция туғызуға бұрын алған білімдерін еске түсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өздік жұмыс окушының баспасөз материалдарын өзінше ізденіп оқуға, сол арқылы танымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жауапкершіліке дағдыландырады. Өзіндік жұмыс оқушының сабақта алған білімін кеңейте түседі.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда сабақтың бүкіл уақытын қамтымай, оқушылардың жұмысына өзім бақылау жасаймын. Бастамасы сыныпта орындалып, қалғанын үйде орындайды. (Сабақтан тыс).
Өз бетінше жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызды шарты, өтілген курстардағы біліміне сүйене отырып жүзеге асыру. Өзіндік жұмысқа тарих курсы окытыла бастағаннан-ақ дағдылаңдыра бастау керек. Курсты жаңа бастаған окушылар пәнді оқып мазмұндауға алғашқыда дағдылана алмайды. Тарихи материалды меңгеруге дайын болмайды. Себебі, оларда қоғамдық өмірдің құбылыстары туралы ой әлі қалыптаса қоймаған. Оның үстіне сөздік қорларыда аз болады. Тарихи оқиғалардың кейбір мәліметтері ғана таныс. Сондықтан тарих курсын жаңа бастаушы 5-сыныптарда өтілетін алғашқы сабақтарда оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ынғаландыру керек.
Білім беру процесінде оқушылардың өзіндік жұмысының қандай түрлері қалай жүзеге асырылып жүр? Күнделікті сабақта оқытудың басқа әдістері тәрізді сабақтың барлық уақытын қамтып алмайтындай етіп, көбінше сабақты бекіту кезеңінде өзіндік тапсырмалар орындалады. 5-ші, 6-сыныптарында оқулық материалдарына сүйеніп мәтіннің тақырыбын онын негізгі сұрақтарын ойлап табудан бастаймыз.
Мысалы: 1. Андронов мәдениетін жасаушылар қай дәуірде өмір сүрген? (Қола).

  1. Андронов тайпалары шаруашылықтың қандай түрімен шұғылданған? (Балық аулау)

  2. Адамзат дәуірінің басталу кезеңі неліктен тас ғасыры деп аталған? Бұдан соң қарапайым жоспарлар құру оқушыларға тапсырылады. Бесінші сынып оқушылары «Көне дүние куәлары» тақырыбы бойынша төмендегідей жоспарлады.

  1. Тас құралдар дәуірі.

  2. Егіншіліктің басталуы.

  3. Тарихи деректер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет