Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы



бет195/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

- оқуға саналы көзқарас орнату, жеке бастың адамгершілік, ақыл-ой және дене дамуына , адам ретінде қалыптасуына жағдай туғызу;
- еңбек сүйгіштікке, еңбек қажетін сезінуге, еңбек адамдарын сыйлауға, ыждағаттылық пен шаруақорлыққа тәрбиелеу, қоғам игілігіне, сондай-ақ табиғат байлығына қамқор да ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
- қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке қатысу үшін қажетті техникалық, технологиялық және бастапқы экономикалық білім беріп, еңбек машығы мен икемділікті қалыптастыру, оқушыладың ғылым негіздері бойынша алған білімдерін еңбек барысындағы іс-әрекет үстінде қолдана білуге қалыптастыру;
- мамандықты саналы таңдап алуға жәрдемдесу;
- оқушыларды тұрмыстық еңбектің қажетті және оңай түрлерін орындауға дайындау.
Ү-ҮІІ сыныптарда еңбекке баулу бағдарламасының негізгі мазмұны оқушылар орындайтын практикалық жұмыстардан тұрады (олар шамамен барлық уақыттың75%-ын қамтиды), қалған уақыт теориялық материалды оқуға бөлінеді. Еңбек сабағындағы әрекет алғашқы күннен бастап жұмыс орнын, іске қажет құрал-саймандарды дайындаудан, олардың атқаратын қызметі мен қауіпсіздік ережесін пысықтаудан басталады. Сабақ соңында жұмыс орны жинастырылады. Құрал-жабдықтар тәртіпке келтіріп, тиісті орындарына қойылады. Оқушылардың білімін, дағдысы мен іскерлігін бағалау да осы тұстан басталады. Басқа пәндерде ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, оқушылардың білімін жан-жақты тексеру, жаңа сабақты игеру жеке-жеке кезең болса, еңбек сабағында бұлар ұйымдастыру және істелетін жұмысқа дайындық кезеңі болып ықшамдалады. Ендеше оқушылардың техникалық қауіпсіздік туралы, құрал-саймандардың қызметі, оларды қолдану ережелері туралы теориялық білімі сабақ сайын бағалануы керек. Одан әрі сабақтың негізгі бөлімі, практикалық жұмыс барысында теориялық білімін іс жүзінде пайдалана білу дағдылары мен іскерліктері бағаланады. Осы бағалау әуелі кіші (қосымша) журналға қойылады да, негізгі журналға қорытынды баға түседі.
Еңбек сабағына дайындық барысында игерілетін ұғымдар, сабақта атқарылатын үрдістер көп. Мәселен Ү-ҮІІ сыныптардың оқу бағдарламасында «ағаш өңдеу технологиясы, техника және құрастыру элементтері» деген тарау бар. Осыған орай әр сыныпта ағашьан бұйымдар жасауға белгілі бір мөлшерде сағат бөлінген. Ағаш материалдарын пайдалану үшін оның қасиеттерін білу керек. Олардың негізгі қасиеттері: түсі, текстурасы (қатты заттардың құрылымын сипаты), дымқылдығы. Ағаш материалының түсі ағаштың тұқымына , жасына, өскен жағдайына байланысты. Текстурасы ағаштың қашан кесілгеніне қатысты. Дымқыл материалдан бұйым жасау тиімсіз. Сондықтан оны кептіру керек. Кептірудің де жолдары әр түрлі. Ағаш материалдарының қасиеттерін: оларды кептіру, пайдалануға таңдау жолдарын оқушылар Ү-ҮІІ сыныптарда біледі. Ендігі жерде олар білгендерін іс жүзінде пайдалана алғандары жөн. Оның құндылығы да сонда. Олай болса, оқушылардың бұл бағыттағы білімі, дағдысы да сонда. Олай болса, оқушылардың бұл бағыттағы білімі, дағдысы мен іскерлігі есепке алынып бағалануы крек. Мен осы жайларды анықтап, оқушыларға тиісті бағаларын қою мақсатында мынадай тірек сұрақтарын пайдаланамын.
1.Ағаш материалдарының қандай қасиеттері бар?
2.Ағаш материалдарының түсі біркелкі ме?
3.Дымқыл материалдан бұйым жасау неге тиімсіз?
4.Дымқыл материалды қалай кептіруге болады?
5.Кептірудің қандай жолдары бар ?
6.Табиғи жолмен кептіруде материалдың екі жақ ұшын неге бояп қояды?
7.Материалды қанша уақыт кептіру керек?
8.Материалды кептіруге жинаудың түрлерін көрсем (көлемі кішірейтілген, 15-20 см, материалдар).
9.Материалды табиға кептіруден гөрі арнайы кептірудің артықшылығы неде, т.б.
Әдеттегідей баға әуелі кіші журналға (қосымша) қойылады. Кез келген ағаш бұйымдарды жасау материал таңдаудан басталады. Материалдар өзінің қасиетіне байланысты жасалатын бұйымның талабына сай болу керек. Оқушылар Ү-ҮІІ сыныптарда ағаш материалдарының кейбір қасиеттерімен (түсі, текстурасы, дымқылдығы) танысса, ол ҮІІ сыныпта материалдың сыртқы күшке төзімділігі арқылы анықталатын қасиеттерімен танысады. Бұл механикалық қасиеттер. Оған материалдың қаттылығын шеге қаққанда, кескенде, т.б. жағдайларда байқауға болады. Мысалы: жөке, терек материалдарына шеге жеңіл кірсе, емен мен қайың материалдарына керісінше кіргізу қиындау болады. Сондықтан қатты, жұмсақ тұқымдарын білген жөн. Қатты тұқымдастар: емен, қайың т.б. Жұмсақ тұқымдастар: қарағай, шырша т.б. материалдар қасиеттеріне қарай қатысты станокта, жұмсағы қолмен өнделеді. Ағаш бұйымдар өз қызметеріне қарай материалдың қасиеттеріне байланысты жасалады. Материалдың қаттылығын анықтау үшін анрайы құралдар қолданылады. «Материалдың техникалық қасиеттері» деген тақырыптың негізгі ұғымдары осындай.
Аталған тақырыпты оқытуды проблемалық жолмен ұйымдастырудың дидактикалық тәсілдері арқылы зертханалық-практикалық жұмыстарды игерткеннен кейін тағы да тірек сұрақтарға жүгінеміз.
1.Ағаш материалдарының қатты және жұмсақ түрлері қандай ағаштардан дайындалады?
2.Қатты және жұмсақ материалдың қайсысын өңдеу жеңіл?
3.Ағаш материалдың қаттылығын қалай анықтайды?
4.Балтаның сабы неге теректен емес, қайыңнан жасалады?
5.Найзаның сабы қандай ағаштан жасалған?
6.Шеге ағаш материалдарының қай түріне жеңіл кіреді, қай түріне мықты тұрады?
7.Айырдың сабы неге қайыңнан емес, талдан жасалады?
8.Ағаш материалдарының қатты және жеңіл түрлерін қандай бұйымдар жасалады?
9. Ағаш материалдарының механикалық қасиеті мен технологиялық икемділігінің қандай байланысы бар?
10.Өзінің тұрған жерде қандай тұқымдас ағаштар өседі?
11.Келі, саба, астау, ожау қандай материалдардан жасалады?
12.Арбаның дөңгелегі, шананың табаны қандай материалдан жасалады?
13.Киіз үйдің уығы, керегесі, шаңырағы қандай материалдан жасалады№
14.Өзің тұрған жерде өсетін ағаштардан кесінді (15 см) дайындап әкел.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет