Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Бағалау қашанда әділетті сипатта болу керек



бет194/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

4. Бағалау қашанда әділетті сипатта болу керек. Мәселен мұғалім тақтада есеп шығару кезінде қателер жібереді. Математикадан үздік оқушы байқады да түзету енгізеді. Мұндай жағдайда оқушының әрекетін қалай бағалау керек?
- Бірден бес қойылады.
- Шыдамсыздығы ескертеді.
- Ауызша мадақтайды.
- «Мен сендерді сынау үшін өстіп едім» делінеді.
- Мән бермей қояды.
Айта кеткен жайт, Хельмут Вектің «Оценки и отметки» деген еңбегі – көп жылғы зерттеу негізінде ғылыми тұрғыда өмірге келген мазмұнға бай туынды. Жоғарыдағы ұстанымдардың тиімділігі нақтылы мысалдар арқылы түсіндірілген. Егер әріптестеріміз бұл еңбекті кәдеге асыға келсе, оны тиянақты оқып алғаны жөн.
4. Білімді бағалау формалары.Енді білімді бағалауға байланысты өзім қорытқан тұжырымдамаға тоқталайын. Мұны жан-жақты білім көтерудің өзіндік бағдарламасы десе де болады.
1.Мамандығы бойынша білім көтерудің перспективалық жоспарын жасап, білім көтерудің жүйелі дағдысын қалыптастыру. Баршаға аян, өз пәні бойынша мұғалімінің жан-жақты терең білімі болмаса шәкірттеріне білім беріп жарытпайды. Білікті білім болмайынша бағдарламаның бірден-бір талабы өз дәрежесінде орындалмайды.
2.Оқу бағдарламасының талаптарымен мұқият танысып, ой елегінен өткізіп, ұғынып алу. Мұның өзі білім көзін игерудің, дағдылар мен шеберлікті дамытудың түрлі әдіс-тәсілдерін алдын ала сұрыптап, таңдап алуға көмегін тигізеді.
3.Сабақтың типтерін, құрылымын меңгеру. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Олай болса, қолдануға шешім тапқан сабақтың типтерін білмейінше сабақты дұрыс ұйымдастыра алмайсың. Сабақтың құрылымын, мақсат-міндеттерін анықтай алмайсың. Ендеше оқушының білімін бағалау туралы сөз болуы да мүмкін емес.
4.Оқытудың қазіргі заманғы сыннан өткен әдіс-тәсілдерін, жаңашыл мұғалімдердің әдістемелерін оқып, үйрену. Қандай әстің болсын, жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері және көмекші құралдары болады. Осыларды дұрыс таңдап, тиімді пайдаланғанда ғана мақсат биігінен көріне аласың. Сабаққа да осындай талаптар қойылады. Олай болса, оқудың сүзгіден өткен әдіс-тәсілдерін, жаңашыл мұғалімдерін, жаңашыл мұғалімдердің шешімін тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны өз мүмкіншілігімен үйлестіріп, күнделікті жұмысына пайдалану қажет. Сонда ғана өз дегеніне жете алады.
5.Оқу-тәрбие үрдісін демократияландыру және ізгілендіру жолдарын оқып, үйрену. Кешегі әкімшілдік, әкімшілдік жүйе талқандылып, демокриатия мен ізгілікке сара жол ашылды. Бұл – тәуелсіз мемлекетіміздің бүніні мен ертеңі. Себебі тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құрып, нығайтуға бет алдық. Оның түпкілікті жеңісін қамтамасыз ететін бүгінгі ұрпақ демократияландыру ұстанымдарын, құқық пен ізгілендіру әліппесін мектеп қабырғасына игеруі керек. Сондықтан мұғалім бұл бағыттағы білімін үнемі жетілдіріп отыруға міедетті.
6.Білімді бағалау бағытында жинақталған озық тәжірибелерді, педагогикалық ұстанымдарды, т.б. құнды ұсыныстарды үнемі бақылап, күнделікті жұмысқа пайдаланып отыру.
Жоғарыда көрсетілген өзіндік білім көтерудің алты бағыты өзара тығыз байланыста. Олар бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі ықпал жасай отырып оқушылардың білімін бағалаудың тиімді жолдарын таңдай білуге көмектеседі.
Оқушылардың білімін бағалаудың сандық бар екені баршаға аян. Ол бес балдық жүйе. Сынып журналына қойылған бағалар – оқушы білімінің көрсеткіші. Мысалы 5 (өте жақсы), 1(жаман). Баға қоюдың пәндер цикліне байланысты (ауызша, жазбаша) белгілі бір нормасы бар. Сынып журналына қойылған бағалар түзетілмеуі керек. Осындай келеңсіз жайларға жол бермес үшін, оқушылардың білімін дұрыс бағалау мақсатында қосымша журнал-дәптер пайдаланамын. Бұл жаңалық та емес. Дегенмен, оның тиімді, оңды жақтары бар. Мысалы оқушы үй тапсырмасынан «екілік» жойылды емес пе? Ал «екілік» үлкен журналға бірден қойылса, кейін қорытынды бағаға зиянын тигізуі мүмкін.
Оқушылардың білімін бағалауда барлық пәндерге ортақ дәстүрлі жол жоқ екенін тағы да ескере кетейік. Мәселен музыка сабағында оқушылар күйтабақтан Құрманғазының күйлерін тыңдады делік. Сабақтың соңында мұғалім сен жақсы тыңдадың – «5», сен нашар тыңдадың – «3» деуге бола ма? әрине, болмайды. Егер оқушылардың бірі «мына күйлердің ішінде Құрманғазы атамыздың жүрегі соғып тұр екен» десе, ол талассыз жоғары бағаланады. Осы сияқты еңбек сабақтарында да білімді бағалаудың өзіндік ерекшелігі бар.
«Практикасыз теория жансыз» дегендей, әңгіме еткен теориялық тәжірибемізді іс жүзінде қалай пайдаланып жүргенімізді бірқатар мысалдар арқылы таразылап көрейік. Мен еңбек пәнінің мұғалімі болғандықтан әңгіме негізінен осы төңіректе болмақ.
Ү-ҮІІ сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек пен кәсіптік оқудың мынадай ортақ міндеттерін шешу көзделеді.:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет