Мақсаты: Оқушылар білімін бағалау мен баға беру жүйесіне мінездеме беру. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың әдістері мен танысу.
1. Білімді тексеру мен бағалау жүйесінің мақсаты мен мағынасы. Білімді есепке алу және бағалау.Оқушылардың білімін бағалау – күрделі педагогикалық мәселе. Білім бағалау барысында әрбір мұғалім алдында мақсат қойып, шәкірттерінің одан әрі өсу жолын ойластырады. Мұғалімнің білімі мен іскерлігі, тәжірибесі мен сезімталдығы,қоғам мен ұрпақ алдындағы жауапкершілігі, адамгершілігі мен мамандық әдебі педагогикалық саясат негізімен қабысып жатқанда ғана ол бұл бағытта дұрыс шешім қабылдай алады. Соның өзінде де мақсат билігінен көріндім деу қиын.
Мектеп мұғалімдерінің оқушы білімін бағалауы туралы әр түрлі пікір айтылып жүр. Тіпті бір-біріне қарама-қарсы келетіндері де аз емес. Бірақ өзіндік ерекшеліктері бар бағалау жүйелерімен жұмыс істейтін мұғалімдер тәжірибесінің жақсы жақтарын көре білу де маңызды. Ең басты, баланың оқуға ынтасын арттыру.
Сонау кеңес дәуірінің соңғы жылдары оқу құралдары, бағдарлама, әдіс-тәсілдер үлкен өзгеріске ұшырады. Оқыту қиын, балалар игере алмайды дедік. Оқу бағдарламасы қысқартылда. Толық үлгірім береміз деп жаман баға қою шектелді. Бірақ бұдан балалар оқу бағдарламасын толық игеріп кете алмады, қайта кері кету орын алды. Қайтадан жаман баға қою керек дедік. Бәрібір жақсара қойған үлгірім жоқ.
Дегенмен де, оқу-тәрбие сапасын оқушы – мектеп әкімшілігі деген тізбектен іздейтініміз рас. әлі күнге мектептегі оқу-тәрбие ісінің жетістігі мен кемшілігінің нақтылы критерийлері жоқ. Жұмысты бағалау – салыстырмалы дүние. Сондықтан да субъективтілікке жол беріледі. Айтылып жүрген жұмыс нәтижесі өзара байланысты мәселеге тәуелді. Мысалы, мектептегі мұғалімдердің ұжымшылдық беріктігі, бірлігі сезілмесе, оқушылар арасындағы ұжымшылдық та болмайды. Педұжым шығармашылқ жұмыс істей алмаған мектепте сабақтың да шығармашылқпен ұйымдастырылуы неғайбіл. Мұғалім мен басшы арасында ынтымақтастық орнамаса, бала мен мұғалім арасында да түсінік тумайды. Осының бәрінің үлгірімге, сапаға тигізер әсері мол.
2. Тексеру мен бағалау тәсілдері.Жасыратыны жоқ, мұғалімдердің ішінде бағаны қорқыту құралы ретінде қолданатындары да кездеседі. Ондайлар сабақта тыныш отырмаған оқушыларға да екілік қояды. әріптестеріміздің қайсібірі бағаны қалтасынан беретіндей тым сараңдық жасайды. «Жомарт» ағайлар мен апайлар да бар. Түптеп келгенде, осы әрекеттердің бәрі оқушылардың сабаққа байланысты еңбегіне жасалған қиянат десек артық айтпаған болар едік. Бұл – жекелеген мұғалімдердің өз мамандығы бойынша теориялық білімі таяз, әдістемелік шеберлігі төмен, педагогика мен психологиядан білім деңгейі әлсіз, дидактикалық озат тәжірибелерді күнделікті жұмысына шығармашылықпен пайдалана алмайды деген сөз.
Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі тез толғанып, қайта талпынуға ұмтылдыру керек. Әділ қойылған баға оқушы мен мұғалім арасында адамгершілік қарым-қатынас орнықтырады.
3. Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға мінездеме. Педагогиканың және бір қиындығы сонда, білім берумен жұмыс бітпейді. Білімді оқушыға меңгертіп, дарыта білу керек. Бұл – үлкен өнер, ұстаз мұраты да осыған саяды. өкінішке орай, кейбір әріптестеріміз әр түрлі себептерде сылтауғып бұл талаптарды орындаудан үзілді-кесілді жалтарып жүреді. Оларға оқу бағдарламасы, оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер, көмекші құралдар жетіспей жатады. Олар білімді бағалаудың тиімді жолдары, ұстанымдары мен ережесі бар екенін біле бермейді.
Оқушылардың білімін бағалауға қойылатын талаптардың біразын жоғарыда айттық. Енді бір кездегі Герман Демократиялық Республикасының Ғылым академиясы жанындағы дидактика институтының ғылыми қызметкері Хельмут Вектің «Оценки и отметки» деген еңбегінен біраз мысал келтірейік. Бұл кітапта білімді бағалаудың негізгі төрт ұстанымы көрсетілген. өз басым кітапты бірнеше рет оқып шықтым,. Оның мазмұнымен, шартымен, бағыт-бағдарларымен таныстым. Оларды мұқият ой елегінен өткізіп, нақтылы мүмкіншілігімізді есепке алып, білімді бағалаудың тиімді жолдарын, ықпалды әрекеттерін қарастырдым. Осы орайда бірқатар шараларды қамтитын өзіндік бағдарлама жасап, күнделікті жұмысыма пайдалана бастадым. Әрине, бұл әрекеттерім төр аяғынан тең басып тұр дей алмаймын, дегенмен құр алақан емеспен. Бұл жайында айтпағымызды біраз шегер тұрып, әуелі Хельмут Век сараптаған төрт ұстанымға тоқтала кетуі жөн көрдік. Неге десеңіз, мұны әріптестеріміздің көпшілігі біле бермейді. Вектің (орысшаға аударған) кітабының таралымы өте аз, екінші басылымы болған жоқ. Сонымен ол ұстанымдар қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |