Үздіксіз білім беру үдерісі.Білім шексіз, білім алу бір қысқа мерзімді үдеріс емес, керісінше, адам өмір бойы білімін жетілдіріп, танымын тереңдете беруі керек. Ақпараттық заманында білім тез-ақ ескіріп қалатыны айқын байқалуда. Осыған байланысты әр адам жинақтаған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Сондықтан қазіргі кезде «қосымша білім беру», «үздіксіз білім беру», «маманның кәсіби біліктілігін жетілдіру», «өз бетінше білім алу», «қашықтықтан білім беру» ұғымдары психологиялық-педагогикалық, әлеуметтанулық әдебиеттер мен мерзімді педагогикалық басылым-дарда өте жиі талқылануда.