4.7. Тәрбиенің замануи тұжырымдамалары мен бағдарлама-лары.Еліміз егемендік алғаннан кейін ұлттық тәрбие мәселесіне ба-ғытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына аса мән берілді. «Қазақ мек-тептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне имандылық-эсте-тикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы», «Қазақстан Республи-касы мәдени-этикалық тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру туралы тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарлама-сы» т.б. құжаттар дайындалды.
Тәрбие мәселесіне байланысты тәрбие тұжырымдамасы үш рет қабылданғаны белгілі. Алғаш рет 1995 жылы ұлттық тәрбиеге негіз-делген тәрбие тұжырымдамасы қабылданып, аталған құжатқа негіздел-ген үздіксіз білім беру жүйесіне тәрбие тұжырымдамасы құрылды. 2009 жылы 12 бағыттан тұратын «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-дамасы», 2015 жылғы «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» 8 бағыттан тұратын тәрбие тұжырымдамасы оқу тәрбие жүйесін жандан-дырды. Ұлттық негіздегі төл оқулықтар, оқу құралдары енгізіле бас-тады. Оқу-тәрбие жүйесінде ерекше даму үдерісі басталды.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1995 жылы қа-былдаған “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” отбасы, мектепке дейінгі, мектептегі тәрбиенің сындарлы жүйесі жасалды. Тұжырымда-мада жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, патриот-тық, ерлік, эстетикалық тәлім-тәрбие беру мәселелері жан-жақты қам-тылған. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында қазақ халқының жауынгер-лік және ерлік тарихын, ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру; өз жерін, елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтар тәрбиелеу, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүрлерді бүгінгі ұр-шпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән берілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015 жылы ұсынған«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» болашақ қазақстандық жастар патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты 8 қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының құнды-лықтары мен мәдениетін сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі, кәсіби құзыретті болады деп атап көрсетілді. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік сая-сатты жүзеге асыру аясында және Қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік-мәдени трансформацияны ескере отырып әзірленген.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық құн-дылықтардың басымдықтарын, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуын, патриотизмге, еңбексүйгіштікке, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. «Мәңгілік ел» жал-пыұлттық идеясы аясында мемлекеттік саясат, қоғамдық талаптар, от-басылық тәрбие құндылықтары және тұлғаның жеке мүдделері мен мақсаттарының теңгерімі негізінде, сондай-ақ оқу және тәрбие үдерісінің өзара кіріктірілуі арқылы тәрбиенің әдіснамасын, мазмұнын жаңартуға, білім беру жүйесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға бағдар-ланған.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасын” негізге ала отырып, мектептегі, балабақшадағы тәрбие жұмысын жетілдіруге арналған республика ғалымдарының бірнеше бағдарламалары жарыққа шықты. Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова, Ә.Әмірова т.б. басшылығымен мектепке дейінгі тәр-биеге арналған “Балбөбек” бағдарламасы тұңғыш дүниеге келді. Сон-дай-ақ, Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. “Ұлттық мәдениет тарихы”, “Қазақ мәдениетінің тарихы”, “Қазақ этнопедагогикасы” т.б., Оразаев М., Смаилова М.Ж. “Қазақ халқының салт-дәстүрлері”, С.Қ.Қалиев, С.Т.Иманбаева С.М.Төрениязованың “Болашақ“ оқушылар ұйымының Ережесі, М.Құрсабаевтың “Атамекен”, З.Ахметованың “Кәусар бұлақ”, М.Х.Балтабаевтың “Елім-ай” т.б. бағдарламалары жоғары, орта оқу орындарындағы және мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұлттық бей-неде ұйымдастыруға үлкен ықпалын тигізді.