Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тұлғаны өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінің мазмұны



бет199/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

4.8.Тұлғаны өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінің мазмұны.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми-нистрлігі ұсынған«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» еліміз-де оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы қабылданды деп атап көрсетеді. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту тетіктерінің мықты катализаторы рөлін атқара алады. Әлемдік білім беру кеңістігінде тәрбие теорияларының ең соңғы идея-лары қолданылған, халықтық педагогиканың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделген «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағ-дарламасының аналогы әлемде жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың руха-ни-адамгершілік тәрбиесінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамта-масыз етеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы ізгі ниетті және адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді.
Үздіксіз білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу ар-қылы тұлғаның “өзін-өзі тану”, “өзін-өзі бағалау”, “өзін-өзі жетілдіру”, “өзіне-өзі сену”, “өзін-өзі дамыту” сынды қасиеттерді менгерту, бойына сіңіруге баса назар аударылуда. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде оқытылып жатқан «Өзін-өзі тану» пәнінің тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда маңызы ерекше. «Өзін-өзі тану» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми-нистрлігінің 2010 жылы 15 қаңтарда № 6 бұйрығымен 1-11сыныптарға енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2012 жылы 29 маусымында № 873 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» пәнінің кешенді типтік бағдарламасы оқу - әдістемелік құралдар білім беру жүйесіне енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 15 қаңтарда №11 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» бойынша рухани - адамгершілік білім берудің республикалық кеңесі құрылды.
«Өзін - өзі тану» пәні тұлғаның бойындағы рухани - адам-гершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады. Тұлға – бұл әлеуметтік байланыстардағы және әлеуметтік қатынасқа түсетін адам, қоғам мүшесі, оған қоршаған орта әсер етеді, ол саналы түрде адам-дармен және әлеуметтік құбылыстармен қарым – қатынас орнатады. Қабылдау қабілеті әр адамда әр түрлі, бірақ жеке тұлға әлеуметтік ор-тада өзін дара ұстайды және өз қарым – қатынастары үшін есеп бере алады. Қазақстанда тұлғаның рухани - адамгершілік білімін дамыта-тын «Өзін - өзі тану» пәнін үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу үдерісін теориялық және практикалық тұрғыда негізделді.
Бүгінгі бізге жеткен ауызша және жазба мұралардан қазақ елінің рухы биік халық болғанын аңғаруға болады. Рух дегеніміз адамның ішкі жан дүниесі арқылы көрініс бере отырып, бүкіл ұлттың бойына сіңісті болатын асыл қасиет (туған жерге, елге, Отанға деген сүйіс-пеншілік, ұлы бабаң аманаттаған жерді көзіңнің қарашығындай сақтау, тілге деген құрмет, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді білу, оның ама-нат ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру т.б.) тұрғысынан бағалауға болады.
Руханилық ұғымы педагогикалық сөздікте “Руханилық – тұлға-ның екі іргелі қажеттілігі себептерінің жүйеде көрінуі: идеалды таным қажеттілігі мен “басқалар үшін” өмір сүру мен қызмет ету әлеуметтік қажеттілігі. Руханилық категориясымен өмірді, өзін жә-не өмірінің мақсатын және мәнін тану қажеттілігі астасады. Адам қан-шалықты осы сұрақтарға жауап іздесе және табуға тырысса, сонша-лықты рухани болады”, - деп атап көрсетуі де жоғарыда ғалымдардың рух, руханилық ұғымының мәнін нақтылай түседі.
Құндылық кез-келген тұлғаның бойында қалыптасатын қа-сиеттердің негізгісі болып табылады. Құндылық тұлға, топ, әлеуметтік ортада адамгершілік ұстанымдар, мақсаттар, мен белгіленген әдістері және көрсеткіштермен нақтыланады. Тұлға бойындағы құндылықтар тұлғааралық қарым - қатынаста, іс - әрекетте, мінез - құлықта көрініс береді.
П.И. Пидкасистый құнды қатынастарды тәрбие үдерісінің мазмұ-ны ретінде ұсынады. Қарым–қатынас кез-келген ұстаздың оқу–тәрбие үдерісінің негізгі ұстанымы болуы қажет екені белгілі.
П.И. Пидкасистый құндылықтарды төмендегідей бөліп қарас-тырады: құнды қатынастар - тәрбие үдерісінің мазмұны; адам құндылық ретінде; өмірді құндылық ретінде; қоғам құндылық ретінде; еңбек құндылық ретінде; табиғатты құндылық ретінде қарастырады.
Белгілі ғалым Н.Е.Щуркова адам мен адамзат үшін жасалатын құндылықтар жүйесіне: адам, өмір, табиғат, қоғам, жақсылық, ақиқат, сұлулық, еңбек, таным, қарым-қатынас, ойын, еркіндік, бақыт, ар- ұят, теңдік, әділеттілік, бауырластықты жатқызады.
Егемен еліміздің жастарын тәрбиелеуде әл-Фараби мұралары-ның да тәрбиелік маңызы аса зор. әл-Фараби артына үлкен педагоги-калық мұра қалдырып отыр. Ғұламаның еңбектерінде педагогика ғы-лымының мәні мен мақсаттары, жалпы педагогикалық идеялары, ди-дактика проблемалары, педагогикалық идеяларының жаратылыстану ғылымдарында пайдалануы,әл-Фарабидің тармақтауы бойынша “Аза-маттық философия екі түрге бөлінеді: оның біреуі арқылы жақсы әре-кеттерді тудыратын және осы әрекеттердің себептерін анықтау қабіле-тін тудыратын жақсы әрекеттер мен мінез-құлықтарды танимыз. Осы-ның арқасында тамаша нәрселер өзіміздің қасиетімізге айналады. Бұл түр этикалық өнер деп аталады.
Екінші түрі қағидаларды, сол арқылы тамаша көркемдіке ие бо-лу, оны сақтай білу қабілетіне жететін қағидаларды біліп алуды қам-тиды. Бұл түр саяси философия деп аталады”.
Оның мұраты бойынша педагогикалық категориялар арқылы адам бақытқа жетуі керек. Олар арқылы адам білім мен кіршіксіз таза-лықты менгеруі керек.
Тәрбие философиясының негізін салушы да әл-Фараби болып табылады.
Ғұламаның “Білім мен тәрбие егіз“ деген ұстанымды келтіре оты-рып, адам дүниеге келгеннен бастап бойына даритын 12 ізгі қасиетті ұсынады. Олар: денсаулық, ақылдылық, қоғамдық істерге бейім, ұғым-тал, шыншыл, ар-намысы жоғары, есте сақтау қабілеті дұрыс, тілмар, еңбекшіл, жалған нәрселерге жирене қарау, әділ, әділеттілерді сүю. Бұл қасиеттер адамның бойында толық бола қоймас дейді ғұлама, бі-рақ, мүмкіндігінше осы қасиеттердің дәндерін тұлғаның бойына сіңі-руіміз керек - деп, философиялық тұрғыда зерделейді.
Әл-Фараби тәрбиеде бірінші орынға мінез-құлықты қояды, оны қалыптастыру үшін ерік, қайратты жетілдіруді қажет деп санайды. әл-Фараби трактаттарында адамның ақылы, ойлау қабілеті, мәдени да-муы, ғылыми өсуі туралы, қоғамдық әлеуметтендіру және ізгі мемлекет ілімін жасайды.
Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер – обьективтік құбы-лыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың мәні неде екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсы-лықтардың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп, білетін болса, онда олар еш уақытта да жамандыққа бармас еді. Жа-мандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын құбы-лыс. Олай болса, әдептілік дегеніміздің өзі - танып білудің салдары.
Шығыстың ғұлама ғалымы, философ әл-Фарабидің: «Жүрек – басты мүше, оны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді, бұдан кейін ми келеді, бұл да басты мүше бірақ мүның үстемдігі бірінші емес» - деген көзқарасымен сәйкес келеді. Абайдың он жетінші қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікірін: «Осы үшеудің басын қос-пақ менің ісім, бірақ сонда билеуші жүрек болса жарайды», - деп біл-діреді. Бұдан Абай мен әл-Фарабидің «Жүрек» туралы танымда-рының негізі бір екендігін көрінеді. Абай, әділет, ізгілік, шапағаттың мекені, көзі: жүрек деп түсіндіреді, ал бойында ақылы мен қайраты ға-на бар кісі, үшеуінің (ақыл, қайрат, жүректің) басын қос деп, жүректі қосып, «соған билет (ақыл, қайрат, жүректі), «ақыл, қайрат, жүректі сол басшылық етсін деп «толымды адам (ақыл, қайрат, жүректі)» қалыптастыруды көздейді.
Абайдың осы танымын мына бір нақыл сөзі де растай түседі: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бө-лек» – немесе «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», -деген тұжырымдары да адамгершілік қа-сиет еді.
Қай ғасырда да болмасын тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру негізгі орында тұрғаны белгілі. Еліміз еге-мендік алғаннан бері қоғамдағы рухани - адамгершілік мәселелерге байланысты үкімет тарапынан да, ғалымдар тарапынан да ғылыми ұсыныстар көптеп табылады. «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда жоғары-дағы ғалымдардың тұжырымдары, идеялары пәннің теориялық тұғыр-ларын айқындауға негіз болды.
Тұлғаның бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастыру, өзін - өзі тәрбиелеу мәселесі А.С.Макаренконың педагогиканың тео-риясы мен практикасында ғылыми тұрғыда негізделген. Оның ұстаз-дық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан”, «Мұнара үстіндегі тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап” атты ғылыми еңбектері әлі де болса өзінің өзектілігін жойған жоқ. Оның тәрбиедегі алдына қойған негізгі ұстанымы тұлғаның ұжым арасындағы қарым - қатынасы, алды-на қойған талаптарды нақты орындай білуі, өзін- өзі жетілдіруіне, ұйымдастырушылық қасиетінің дамуы негізгі орында тұрды.
А.С.Макаренко жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптас-тыруды екіге бөліп, бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар болса, екіншісі, тұлғаның даралық сапасын дамыту үшін оның қабілеттерін ескеру керектігін қарастырды.
А.С.Макаренко еңбегінде, тәжірибесінде бүгінгі біз зерттеу ны-саны етіп алып отырған өзін - өзі тәрбиелеу мәселесі қиын балаларды тәрбиелеуде сол тұлғаға деген сенімі арқылы іске асырылып отырды. Адамдықұндылықтардың негізі деп,еңбекті де негізгі құн-дылық деп қарады.
Жоғарыда П.И.Пидкаситый қарастырған құндылықтар жүйесі-мен ұштасып жатқаны байқалады. Еңбек тұлғаның психикалық, руха-ни дамуының негізгі көрсеткіші деп бағалай отырып, еңбекті өмірдегі негізгі құндылықтардың бірі, бала еңбекпен тікелей араласуы керек деген ұстанымды ұстады. Сонымен қатар, рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызын ашқан көр-некті ғалымдардың бірі болып табылады. «Ата-аналар кітабы”, «Балаларды тәрбиелеу туралылекциялары” атты еңбектерінде отбасындағы бала тәрбиесін нақты жүйелі түрде дұрыс ұйымдастыру арқылы азамат тұлға тәрбиелеудің мүмкіншілігі мол екенін практикалық тұрғыда дә-лелдей білді.
Ресей ғалымы В.В.Воронов тәрбие үдерісінде тұлғаны қалып-тастыру мәселесі бойынша зерттеуінде тұлғаның білімділігі, интеллек-туалды және дене дамуымен бірге дүниетанымдық көзқарасы мен адамгершілік тәрбиесін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана жақсы нә-тиже алатынымызға тоқталады. Тұлғаның рухани адамгершілік құнды-лығын қалыптастыруда әдептің негізгі орын алатытына аса мән берген. Ғалым адамгершілік тәрбиенісін тәрбиеленушілердің бойында адамгер-шілік білімді, сезімді және тәртіпті қалыптастырудағы педагогикалық іс -әрекет тұрғысынан қарастырады.
Дүниетанымдық көзқарас адамның санасындағы жалпы әлемдік түсінікті нақтылайды және іс - әрекетінің бағытын айқындайды деген тұжырымды бере отырып, әр жеке тұлғаның дүниетанымның қалып-тасуы көп қырлы, күрделі үдеріс олардың өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным принциптерін қалыптастыртына аса мән береді.
Оқушылардың рухани - адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастыру дегеніміз – рухы биік, қайырымдылықты, ізгілікті, тазалық пен арлылықты өз бойына сіңірген, елі мен жерін сүйетін, білімді менгерген тұлға деп қарастырады.
Қ.Б.Жарықбаевтың «Психология» атты еңбегінде өзін - өзі тәр-биелеу мәселелері бойынша бір адам тұйықтықтан, екінші адам орын-сыз ұялшақтықтан арылғысы келеді. Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі оңайға түспейді. Адамның өзін -өзі тәрбиелеу жан мен тән-ді үнемі шынықтырып, жаттықтырып отыруды тілейді. Адам өзін - өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық танытып, ұзақ уақыт ерінбей жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы керек.
Балаң жастағылардың арасында ой - армандарын күнделік беті-не түсіріп отыруы да адамның өзін - өзі тәрбиелеу ісінде психоло-гиялық жағынан құнды құжаттардың бірі. Күнделік арқылы өзімен - өзі мұндасып, сырласады.
Өзін -өзі тәрбиелеу мәселесі имандылық пен адамгершіліктің биік принциптерімен ылғида ұштастырылса, жеке мүддені жұрт мүд-десімен орайластырып, туған халқы мен отбасына адал қызмет ету, оларға ылғида борыштымен деу секілді ізгі ниеттерден туындап жатса, оның осы саладағы тыныс - тіршілігі мазмұны да, жемісті болады, өйт-кені борыш пен жауапкершілік, парыз бен қарыз, ар - ұят, намыс сезі-мінің болуы өзін - өзі тәрбиелеу ісіне зор түрткі болып, кісінің қиын-шылықтарға төзуіне және оларды жеңе білуіне, әркез жарқын да шат - шадымен өмір сүруге жету жолында күресіне демеу болып отыр деп атап көрсетеді.
Ғалым адам бойындағы асыл сезімдер адалдық, шыншылдық, бауырмалдылық, ар ұят, намыс, т.б., асыл арман, асқақ мұратқа жетуге демейтін қуат болса, адамдар арасында кездесетін мінездегі міндер: сараңдық, пайдакүнемдік, екіжүзділік пен мақтаншақтық, тәка-парлық, жалқаулық қызғаншақтық, бүкіл тәрбиеге, әсіресе өзін- өзі тәрбиелеу ісіне кедергі келтіретін қырсық та жаман қасиеттер деп бағаланады.
Әсіресе ұлттық мінез, ұлттық болмыс, ұлттық психологияны зерделей келе, халқымыздың кеңжазира даласы сияқты дархандығы, қонақжайлылығы, әр кез жақсылық жасауға, қол үшін беруге даяр тұ-ратын қасиеттерін ерекше атайды».
Рухани құндылықтары қалыптасқан тұлғаізгілік, кісілік, мей-рімділік, парасаттылық қасиеттерін бойына сіңіре білген тұлға.
Жалпы өзіндік танымға қазіргі таңда ғалымдар жоғары дең-гейде көңіл бөліп отыр. «Өзін-өзі тану» терминдерінің түсіндірмелі сөздігінде өзін - өзі тануға байланысты ғылыми негіздер нақты ашылып берілген:
Өзін-өзі тану: тұлғаның өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында өзі туралы нақты білім алуға бағытталған шығармашылық іс-әрекеті.
Өзін-өзі тәрбиелеу-жеке тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау арқылы өзінің жағымды қасиет-терін жетілдіруіне және жағымсыз әрекеттерінен арылуға бағытталған саналы, мақсатты бағытталған іс-әрекеті.
Өзін-өзі анықтау: өзін-өзі бағалау дәрежесі; тұлғалық бағыты-ның мазмұнды жағы; адамның қоғамда өзін-өзі тұлға ретінде анық-тауы, оның әлеуметтік-мәдени құндылықтарға байланысты белсенді көзқарас ұстануы және осы арқылы өзінің өмір сүру мәнін анықтауы (болашаққа ұмтылу арқылы); қандай да бір проблемалық жағдайда өзіндік ұстанымын анықтау мен бекіту бойынша жеке таңдауын са-налы түрде жүзеге асыру үдерісі мен нәтижесі; адамның ішкі еркін-дігіне ие болуының және оны көрсетуінің негізгі тетігі.
Өзін-өзі дамыту: тұлғаның рефлексия, жоспарлау, өзіндік даму нәтижелерін болжап білу сияқты психикалық көріністерінің негізінде жүзеге асатын өзін-өзі жетілдіру үдерісі.
Өзін-өзі түсіну: Табиғи, әлеуметтік және тұлғалық қырлары бірлігінде субъектінің өзін-өзі түсіну мен қабылдау іс-әрекеттері.
Өзін-өзі іске асыру: адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін, қасиеттерін, басқа адамдар арасындағы орнын саналы түрде дамыту үдерісі мен нәтижесі.
Өзін-өзі жігерлендіру:жеке тұлғаның рухани және шығарма-шылық әлеуеті көрінісінің жоғары деңгейі, өзінің жеке тұлғалық мүм-кіндіктерін толық анықтау мен дамытуға ұмтылуы; мүмкіндіктердің шындыққа айналуы.
Өзіне-өзі қызмет ету – тазалық ережелерін сақтау, өзінің киім-кешегін күтіп кию, тамақ әзірлеу, отбасы тұрмысында қарапайым еңбек ету.
Өзін-өзі алдау – өзінің мүміндігін дәл түсіне алмағандықтан адамның өзін - өзі алдауы, өзін-өзі алдайтын адамда өзін-өзі қабылдау қабілеті болмайды.
Өзін-өзі аңғару – адамның өзбойындағы жағымды-жағымсыз қасиеттерін көре, аңғара білуі.
Өзін-өзі билеу – адамның кез келген жағдайда ешқандай сезім ықпалына ермей, ұстамдылық көрсетуі.
Өзін-өзі тексеру – субъектінің өз әрекеттері, психикалық үдерістер мен көңіл күйін жете ұғынуы және бағалай алуы.
Өзін-өзі ұстау – сезімге әсер етіп, істі кері кетіретін жағдай-ларда, адамның өз әрекетін дұрыс жүзеге асыра алуға қабілеттілігі. Өзін-өзі ұстауда осы іс-әрекетті реттейтін психикалық үдерістерді саналы-еріктік ұйымдастыру көрінеді. Өзін-өзі ұстай білу–адамның эмоциялық және әлеуметтік кемелділігінің көрсеткіші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет