Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет200/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

4.9. Оқушының өмірлік өзін - өзі анықтауы. Тұлғаның әлеу-меттік белсенділігі.Қоғамдағы күрделі өзгерістер мектеп қабырға-сынан шығатын оқушылардың тұлғалық сипатына мынадай талаптар қояды: өз денсаулығын сақтап нығайтуда салауатты өмір салтын өмір-лік ұстанымның құрамдас бөлігі ретінде тануы тиіс; өз құқығын қорғай білуі, түрлі өмірлік қиындықтарды жеңе білуі қажет; өмір сүру қағи-дасы мен оның ұстанымдарын білуі шарт; өмірінің мәнін, өзінің өмір-лік ұстанымын, өзінің өмірмен байланысын анықтауы қажет; әр адам-ның қоғам алдындағы жауапкершілігі, өз сезімінің басқалардың өмірі-не ықпалын түсініп, белгілі қоғамдық тәжірибені игеруі тиіс. Қорыта келе, оқушы жастар әлеуметтік қатынастардың мәдениетін меңгеріп, оны өмір талабына сәйкес жетілдіріп отыруы, өз өмірін құруға дайын болуға бағытталады.
«Әлеумет» термині («әлеуметтік») (лат. socialis – қоғамдық) қоғамдық өмірмен байланысты және адамдар арасындағы қарым-қа-тынастарды білдіреді. Әлеумет – адамды қалыптастыратын орта; адам-ның айналасындағы түрлі топтар мен бірлестіктер, ұйымдар мен ме-кемелер, қозғалыстар; адамның өмір бойы онымен тығыз байланысты ортасы; кеңістік – заттық, мәдени, рухани - өз белсенділігін жүзеге асырады. Әлеуметтендіру – адамның өмір бойы айналадағы ортамен әрекеттесу үдерісіндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени құндылық-тарды жасауы арқылы өзбетінше дамуы және мүмкіндіктерін өзбетін-ше қоғамда жүзеге асыруы.
Әлеуметтік тәрбие – әлеуметтендірудің негізі.Әлеуметтік тәрбие өз мәнінде мақсатты бағытталған тәрбие іс-әрекеті, яғни адам өмірімен байланысты қоғамдық тәрбие. Оны қоғам (мемлекет), әлеу-меттік институттар (отбасы, білім беру мекемелері, әлеуметтік т.б. ұйымдар), адамның өзіндік әлеуметтік факторлары тұрғысынан қарас-тыру қажет.
Бұл тақырыпта мынадай мәселелер әлеуметтік тәрбие мемлекет (қоғам) тұрғысынан; әлеуметтік институттар және оның субьектісі ре-тіндегі жеке тұлғаның әлеуметтік тәрбиесі қарастырылады:

  1. әлеуметтік тәрбиенің мағынасы – баланы жасанды ортаға емес, шынайы өмірге, ең алдымен, бірінші орында оның әлеуметтік күш-қуатын және жан дүниелік әлеуетін қоғамдық өмірге дайындау. Мемлекет (қоғам) тұрғысынан әлеуметтік тәрбие азамат қалыптасты-руға бағытталады.

  2. әр кезеңдерде философиялық және педагогикалық ағым-дар, жеке педагогтар мен философтар әлеуметтік тәрбие идеясын алға мақсат етіп қойған. Ол еңбектер әлеуметтік педагогика теориясының негізіне алынып, тек ХIХ ғасырдың соңында ғана қоғам оны қабылда-ды. ХХ ғасырдың басында ол идеялар Ресейде әлеуметтік тәрбие тү-рінде дами бастады.

  3. әлеуметтік тәрбиенің мәні мен мазмұнын түсінудің екі жо-лын қарастыруға болады.

Әлеуметтік тәрбие (В.В.Зеньковский, Н.Н.Иорданский т.б.) ба-ғытын қоғамдық-мемлекеттік деп атауға болады, өйткені оны жүзеге асыратын мемлекет және мектеп. Олар қоғамдық өмірді және мемле-кетті жетілдіру болып саналады. Өскелең ұрпақтың тәрбие жүйесін жетілдіре отырып, оны қоғамды өзгерту құралына айналдырады. Мә-дениетті және тәрбиелі ұрпақ, өзі өмір сүріп отырған қоғамды жағым-ды даму бағытына өзгертеді. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп тәрбие институты ретінде мыналарды қамтиды:

  • білім беретін және тәрбиелейтін мекеме, тәрбиені оқыту қыз-меті арқылы жүзеге асырады;

- оқу үдерісінен тыс уақытта педагогтардың оқушылардың өмі-рін ұйымдастыруы;
- әлеуметтік-психологиялық топтардағы (жалпы мектеп және соның ішіндегі кішігірім топтар) педагог ұйымдастырмаған оқушылар-дың еркін қарым-қатынастары.
Мектептегі тәрбиені осылай бөліп көрсету арқылы оқушылар-дың өзара әрекеттесу белсенділіктері жүзеге асырылып, жеке тұлға-лық сапалары жетілдіріледі.
Мектеп ашық әлеуметтік жүйе ретінде мынадай жұмыс түрле-рін ұйымдастырады:
- мектептің отбасымен қатынасын кеңейту;
- мектептің қосымша білім беру ұйымдары, мәдени және басқа да әлеуметтік институттармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
- педагогтардың ұйымдастыруымен оқушыларды қоғамдық ор-тамен байланыстыру, мысалы, мектеп түлектері, ардагерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері;

  • педагогикалық ұжымның көмегімен өзге балалар шығарма-шылық ұйымдарымен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру;

  • сабақ пен сабақтан тыс іс-шараларды мектептен тыс орындар-да жүргізу: шеберханалар, зертханалар, табиғат аясында.

Осындай бағытта әлеуметтік тәрбие - әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыруды, қоғамдық тәрбиені өмірлік қажеттілік деп та-ныды (В.В.Зеньковский, Н.Н.Иорданский және т.б.). Әлеуметтік тәр-биенің негізгі міндеті - әлеуметтік белсенділікті дамыту, әлеуметтік әрекетті түсіну, ынтымақтастық рухын сезіну, қоғамдық мүддені жеке басынан, өзімшілдіктен жоғары қою.
Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің жал-пы факторлары жеткілікті түрде талданды. А.В.Мудрик факторларды бөліп қарастырады:
- мегафакторлар-ғарыш, ғаламшар,
- макрофакторлар – белгілі бір елдердің барлық тұрғындарын әлеуметтендіруге ықпал ететін ел, этнос, қоғам, мемлекет;
-мезафакторлар - адамдар тұратын елді мекендердің тұрғылық-ты жері мен тұрпаты (аймақ, ауыл, қала, кент) бойынша бөлінеді; бұқаралық байланыстың түрлі желілерінің (радио, теледидар т.б.) аудиториясына қарастылығы; субъективтік мәдениеттің түрлеріне қарастылығы;
- микрофакторлар - отбасы, үй-іші, құрбы-құрдастар, топтар, тәрбиелеу мекемелері; түрлі қоғамдық, мемлекеттік, діни және жеке мекемелер, микросоциум.
Еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мен патриоттық тәрбие беру мәселесі негізгі орын алады. ЮНЕСКО-ның генералдық директоры Федерико Майор 1998 жылы «ЮНЕСКО-ның әлемдегі білім жағдайы жөніндегі ІҮ есебінде» әлемнің болашаққа деген үміті бүгінгі күннің жастары келе жатқан ғасырды қаншалықты дайындықпен қарсы алуына байланысты екеніне тоқтала отырып, ке-лер ХХІ ғасыр алдындағы жастар білімі ресурстар мен біздің қолдауы-мызды әлі ешқашанда мұншалықты қажет етпегені, жалпыға бірдей келешек алдында тәрбиешілеріміздің маңызы әлі күнге дейін тап қазір-гідей артпап еді деп тәрбиеленуші мен тәрбиешілердің өзара бірлескен үдерісіне аса мән береді.
Сондықтан да, біздің алдымызда тұрған негізгі міндет - ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру. ХХI ғасыр ағымына сай тұлға - өз ана тілін білетін, басқа тілді құрметтейтін, тарихи зердесі жоғары, ұлттық салт-дәстүрден нәр алған, әлемдік ғылыми-техникалық прогресс көшіне ілесе алатын адам.Бүгінгі даму үдерісінде тұлғаны әлеуметтендіру негізгі орын алады, әлеуметтендіру ұғымы бұл индивидтің қоғамдық өмірге қатысуына тартатын, мәдениетті түсі-нуге және әлеуметтік ортада, ұжымда өзін - өзі ұстау дағдысына үйре-тетін, өзін баянды ете түсетін және әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындаттыратын жалпы ортаның ықпалы. Әлеуметтену ұғымыдәстүрлі «білім» және «тәрбие» ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым.
И.П.Подласый әлеуметтік кеңістікте тәрбиені жүзеге асыру – бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа көшіп жүретін баланың бүкіл өмір салаларын мойындап, қазіргі мәдениеттің жоғары жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт беретін ортақ тәрбиелік пікірге жол көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет