Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастырудағы кә-сіптік құзыреттілігі. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсері



бет214/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

5.7.Мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастырудағы кә-сіптік құзыреттілігі. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсері.Педагог құзыреттілігіжоғары тұрғыда қабілетті, білгір, өзінің білімі немесе қызметі бойынша бір нәрсені істеуге немесе шешуге уәкілдігі бар деген мағынаны білдіреді. Құзыр, құзырлылық ұғым арасындағы өздеріне тән белгі нақты ажыратылмайды. “Құзыр”, “құзырлылық” ұғымына берілген анықтамалардың қай-қайсысын ал-майық, “қабілет”, “біліктілік”, “дайындық”, “білім”, “сапа” деген тірек сөздермен шектеледі, адамның кәсіби аймағындағы қызметінің “өл-шемдік сәйкестігін” білдіреді. Бұл, “құзырлылық”, “құзыр” ұғымд-арының мағынасының бірдейлігін емес, үйлесімділігін көрсетеді. Құ-зыр, құзырлылық ұғым арасындағы өздеріне тән белгі нақты ажыра-тылмайды.
Тәрбиелік іс - әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік құ-зыреттілігі оның біліктілігі мен қабілеті ретінде беріледі, қойылған мақсатқа жетудегі үдерістер мен құбылыстар арасындағы байланысты, тәсілдер мен құралдарды жетік біледі деген мағынада қолданылады. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдерісіне маманның кәсіби шеберлігі, білімі, білігі, дағдысы, өз мамандығына, тұлғаға деген сүйіспеншілігініңүлкен әсері бар. Білімін ұдайы жаңарту, нақты жағдаяттарда білімін ұтымды пайдалану үшін жаңа және әлемдік ақпараттарды меңгеру негізінде тәрбие үдерісін дамы-туға ықпалы етеді: тұлғааралық және еңбектегі байланыс мәдениеті; қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік қырла-рын меңгеруі; қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы; практикалық кәсіби тапсырмаларды орын-даудағы дайындық әлеуеті; нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
Жоғары оқу орындарында болашақ маманның тәрбиелік іс – әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі оқу таным-дық, құнды - мағыналы, ақпараттық, коммуникативтік, өзін - өзі жетілдіру тұрғысынан қамтылады:
- болашақ мұғалімнің құнды түсініктерімен, оның қоршаған әлемді сезіну және тану қабілеттерімен, онда бағдарлану, өзінің рөлін саналы түсінумен байланысты құнды-мағыналы құзыреттілік;
- мақсатты білім және біліктермен оқу-танымдық іс-әрекетті жоспарлау, талдау, рефлексия, өзіндік талдаумен байланысты қалып-тасатын оқу-танымдық құзыреттілік;
- болашақ мұғалім іс-әрекетінің дағдысын оқу пәні мазмұнын-дағы, білім беру саласындағы және сонымен бірге қоршаған әлемдегі ақпараттармен қамтамасыз ететін ақпараттық құзыреттілік;
- айналадағы адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынасын тәсілдерін, қажетті тілдерін, топта жұмыс істеу дағдысын, ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді игеруді енгізетін коммуникативті құзырет-тілік;
-денелік, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту, эмо-ционалды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеруге бағытталған тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі.
Тәрбиелік іс - әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі тек ақпараттануын, ақпаратты қолдану біліктілігін емес, өз шешімін қабылдауға негіз ретінде пайдаланудағы тұлға сапасы, тұлғалық сипаттама ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет