6.1. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.Отбасы - үйелмендердің жанұялық бірлігі, қоғамның құрамындағы институт, баланың туған сәттен бастап әлеу-меттену қызметін атқаруына ықпал етеді. Р.Н.Нұрғалиевтің басшылы-ғымен дайындалған сөздікте: «Отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастар-дың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы»,- деп атап көрсетеді.
Отбасы қоғам және жеке тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды қызмет атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты қызметі:
өмірге ұрпақ әкеліп, халық санын арттыру;
тәрбиелік қызметі – білім, білік, дағды, адамгершілік құндылықтарды арттыру, яғни рухани құндылықтар жасау;
отбасының өндірістік-шаруашылық қажеттігін өтеуі;
отбасындағы бос уақытты өткізу - отбасы мүшелерімен қарым-қатынас құру.
Отбасының жеке адамға қатысты қызметі:
ерлі-зайыптылық. Олар біріне – бірі серік болып, біріне-бірі моральдық тірек көрсетеді;
ата-аналық. Өмірге үйлесім әкеліп, ата-аналарының үмітін ақтау, оларға қамқор болу;
тұрмыстағы отбасының психологиялық ахуалының үйлесімі.
Қазіргі отбасының даму бағыттарын ескерудің бала тәрбиесі үшін маңызы зор.