6.2.Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компо-ненттері.Отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары, әдістері. Отбасы тәрбиесінің мақсаты-болашақ азамат-тарды ізгілікке, өмірде өз орнын таба білуге, алдында кездесетін ке-дергілерді жеңе білуге, белсенді, өз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарлан-ған тұлға тәрбиелеу.
Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың маңызы ерекше. Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері: - баланың өзін-өзі тануын дамыту, өсіп жетілуге, айналасымен, өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрету, мәдени қарым-қа-тынас құру, мықты отбасын қалыптастыру туралы отбасы құндылық-тарын санасына сіңіру;
- отбасы мүшелерінің тіл табысып түсінісуін қалыптастыру, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған – туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап құрмет тұтуға үйрету;
- балананы адамгершілік және эстетикалық, еңбексүйгіштік жағынан қалыптастыру, өзіне – өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;
- баланың денсаулығын нығайту, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Отбасы тәрбиесінің мазмұны: жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу, жеке басының мүмкіндіктерін жетілдіру, ақыл-ой, сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениетке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құру, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділікке, еңбекқорлыққа, мәдениет-тілікке тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымды-лық, қамқорлық қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланылатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту.
Отбасындағы тәрбие формасы екі түрлі болады: ұжымдық және жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу. Ұжымдық тәрбиеге отбасы мүшелерінің қатысуымен атқарылатын іс-шаралар, ал жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуге балалардың жеке жауапкершілі-гімен орындалатын істері жатады.
Отбасында қолданылатын тәрбие құралдары орасан зор. Олар ата-ананың, үлкен-кішілердің, тарихи тұлғалардың, айналасындағылардың өнеге-үлгісі, көркем сөз туындылары, музыка, бейнелеу өнері, табиғат, қоғамдық өмірдегі, спорттағы шығармашылық жетістіктер, т.б.