7.3 Оқытудың әдіснамалық негізі. Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде оқыту үдерісіне қатысты іс-әрекет, амал жүйесін құрып, бірқатар «индукция», «дедукция», «талдау», «жинақ-тау» т.б. сияқты терминдердің мәнін ашып көрсеткен еді.
XX ғасырдың 40-шы жылдары кеңестік педагогика оқыту тео-риясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесін алға қойды. И.Ф. Свадковский оқыту заңдылықтарын тікелей таным үдері-сінен шығарды. Бұл көзқарасқа қарсылық білдірген М.А.Данилов «оқытуды тек таным логикасы деп қарастыру тенденциясы дұрыс емес, өйткені оқыту үдерісі өзінің бай мазмұнынан айырылады» - деп жазды.
Педагогикада оқыту теориясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесіне өз еңбектерінде назар аударғандар И.Т.Огородников, П.Н.Шимбиров, Р.Г.Лемберг, И.Н.Казанцев, М.А.Данилов және т.б. Олар оқыту үдерісі мен таным үдерістерінің ортақтығын (оқыту үдерісі таным элементтерін қамтиды) атай оты-рып, олардың мәнді ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Философиялық әдебиеттегі таным және ғылыми таным теория-ларындағы келесі қағидаттар басшылыққа алынды: таным теориясы (немесе гносеология, таным философиясы) - таным табиғаты және оның мүмкіндіктерін, танымның шынайы және нақтылығын қарас-тыратын философияның бір бөлімі, гносеология – адамның танымдық әрекеттерінің жалпыға ортақ сипаттамасын қарастырады; танымның негізгі ұстанымдары: болмыстың және ойлаудың тепе-теңдігі (дүниені тану ұстанымдары), таным үдерісінің диалектикасы, қоғамдық тәжі-рибе - танымның негізгі қорғаушы күші, шынайылық өлшемі, таным мақсаты; гносеологияның негізгі бөлімдері: адамның объективті дү-ниені тануы туралы білім; таным түсінігінің табиғаты: а) үдерістің классикалық сызбасы: таным нысаны - таным субъектісі; б) таным үдерісінің ғылыми сызбасы: таным объектісі - таным құралы - таным субъектісі.