Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері



бет234/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. Оқыту үдерісі сонымен қатар, тәрбиелік сипатқа ие. Педагогика ғылымы, оқыту мен даму ара-сындағы сияқты тәрбие мен оқытудың байланысын объективті заң-дылық деп есептейді. Бірақ оқыту үдерісі барысындағы тәрбиелеу, кейбір сыртқы факторлар ықпалынан қиындатылады, сондықтан да тәрбиелеу күрделі үдеріске айналады. Оқытудың тәрбиелеу қызметінің маңыздылығы, бұл оқыту үдерісі барысында өнегелік және эстетика-лық түсініктер, әлемге деген қөзқарасжүйесі, белгілі бір ортада ар-найы нормалық ережеге сай заңдылықтарғабағыну түсінігі қалыпта-сады. Оқыту үдерісінде тұлғаның қажеттіліктері әлеуметтік мінез-құл-қы, құңдылықтары, құңдылық бағдары, дүниетанымы қалыптасады.
Оқытудың тәрбиелік қызметі тек оқушының білімді игеруінен ғана тұрмайды. Оның тұлға болып қалыптасуына жағдай жасап, бел-гілі бір адамгершілік сапасы мен мінез-құлқын қалыптастыруы керек. Оқытудың тәрбиелік қыры білім мазмұнында қарастырылады, оны дидактикалық талдауда еске алу қажет. Сабақтың әр мину-тында оқушылар білім мазмұны құрайтын білімдер, іскерліктер, дағ-дылар, қарам-қатынастар игереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет