Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқыту үдерісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру - білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері



бет233/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Оқыту үдерісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру - білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері. Оқытудың түрлеріне дамыта оқы-ту, модульдік оқыту, проблемалық оқыту т.б. жатады.Дамыта оқы-тудың мақсаты білім алушының күнделікті өмірге тәуелсіз, сонымен қатар ақиқатты іздей отырып, өзіндік оқуы арқылы білім алуға қол жеткізуі.Дамыта оқыту әр білім алушының дербес танымдық әрекет-терге ұмтылуға құштарлығын, белсенді өмірлік қағидаттарын қалып-тастырады. Білім алушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Ол оқытуда қолданылатын дидактикалық ойындар, пі-кірталастар, сонымен қатар шығармашылық қиялы мен ойлауына, есте сақтауына, сөйлеуіне бағытталған түрлі іс-әрекеттерге білім алушы-ларды өту түріндегі оқыту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асыры-лады. Дамыта оқыту білім алушының жан-жақты тұлғалық сапасының дамуына, өзіндік ой-тұжырымын жасауына, өзіндік оқу іс-әрекетіне талдау жасауға және оны басқара білуіне бағытталған.
Модульдік оқыту. Модульдік оқыту – оқу ақпаратын блокты – модуль негізінде беру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі. Оқу мазмұны ақпаратты блоктарда беріледі де меңгеру мақсатқа сәйкес жү-зеге асырылады. Модульдік оқыту барысында білім алушылар үшін оқытылатын білім көлемі ғана емес, оны меңгеру деңгейінің дидак-тикалық мақсаты тұжырымдалады. Модульдік оқыту білім алушылар-дың базалық дайындығының деңгейіне, жеке сұраныстары мен икем-ділігіне қарай оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытуды дараландыруды оқу мазмұны, меңгеруін, өзіндік деңгейі, әдісі мен тәсілі, бақылау, өзін-өзі бақылауы қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқыту. Проблемалық оқыту – өзіндік дүниета-нымын қалыптастырудың барынша өзекті құралы. Проблемалық оқы-тудың тиімділігі ол білім алушылардың сыни, шығармашылық, диа-лектикалық ойлауын қалыптастыру міндетін шешуден тұрады. Проб-лемалық оқыту логикалық тәсілдер жүйесін немесе жекелеген шы-ғармашылық іс-әрекеттерін, жаңа жағдаятта білімін шығармашылық-пен қолдану біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол шы-ғармашылық тәжірибесінің молаюына, зерттеушілік әдістерді меңге-руіне, практикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Проб-лемалық оқыту оқудың қажеттілігін, уәжін қалыптастыруға, яғни әлеуметтік құзыреттілігін, адамгершілік, танымдық қажеттілігін құ-руға мүмкіндік береді.
Оқытудың үшқызметібар: білім беру, тәрбиелік, дамыту-шылық.
1.Оқытудыңбілім беруқызметі. Оқушыларға білімді толық игерту үшін негізгі талаптарды ескерген жөн. Олар: білімнің толық-тылығы; білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, бірізділігі; білімнің ұғым-дылығы – оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеру үшін олар-дың ойын дамыту; білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау. Оқытудың білім бе-ру қызметі қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген, өз бетімен білім ала алатын, жоғары білімді маман даярлауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.
2. Оқытудыңтәрбиелік қызметі- оқыту барысында тәрбие-нің мақсаты, міндеттері, мазмұны, тәсілдері анықталады. Тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше, біртұ-тастық ұстанымына негізделіп бірлікте қарастырылады. Демек, білім бере отырып тәрбиелейді, тәрбиелей отырып білім береді.
3. Оқытудың дамытушылыққызметі. Оқыту барысында оқу-шыларға білім беру, тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-се-зімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттері да-миды. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Дамудың ерек-шелігі – ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, ол оқытудың, білім беру және тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Тәрбие мен бі-лім беру дамудың алдында жүріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет