ҚТӘ – 203 абдырахманова қалия үстеу үстеу


Дайын, -дейін, -тайын, -тейін



бет2/3
Дата23.04.2023
өлшемі18,74 Kb.
#175204
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Үстеу
Дәріс материалдары, 7226373fa69436abdd3afae371421fc2fda595a48b38d1d4c1fd24624da1c541, Мухитов Акылжан
Дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін

  • Шама, -шалық: соншама-соншалық,

  • -майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше: оқымайынша, үйренбейінше,

    Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:

    • Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма), текке (күлме), т.б

    • Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т.б

    • Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т.б.

    • Көмектес септіктің көнеленуінен: кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты).

    Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер бірге жазылады. Мысалы, бұл жыл – биыл, бұл күн – бүгін,
    Сөздердің қосарлануынан, қайталануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы, анда-санда, бетпе-бет,
    Тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеулер бөлек жазылады. Мысалы, қыс бойы, таң сәріде, келе сала, төмен қарай, жоғары жаққа.
    Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.

    1. Мезгіл үстеулер

    2. Мекен үстеулер

    3. Мөлшер үстеулері

    4. Сын (я бейне) үстеулері

    5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

    6. Мақсат үстеулері

    7. Себеп-салдар үстеулері

    Мезгіл үстеуі қашан? Қашаннан? Деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті.
    Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? Қайдан? Қалай қарай? Сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу,


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет