ҚТӘ – 203 абдырахманова қалия үстеу үстеу



бет1/3
Дата23.04.2023
өлшемі18,74 Kb.
#175204
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Үстеу


ҚТӘ – 203 АБДЫРАХМАНОВА ҚАЛИЯ
ҮСТЕУ
Үстеу – заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады:

  1. негізгі үстеулер

  2. туынды үстеулер.

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:

  • Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш сөздер қолданылады. Мысалы: бұрынырақ , кейінірек.

  • Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос, құрдан-құр

  • Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қорсарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-әрең, азар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, ұдайылап, әрі-бері, бұрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төменді, енді-енді, кейінде, кейіннен, ендігәрі

Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.
Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) септік жалғаулары арқылы.
Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

  • -ша, -ше: құсша, ізінше, балаша,

  • -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай,



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет