ҚТӘ – 203 абдырахманова қалия үстеу үстеу



бет3/3
Дата23.04.2023
өлшемі18,74 Kb.
#175204
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Үстеу
Дәріс материалдары, 7226373fa69436abdd3afae371421fc2fda595a48b38d1d4c1fd24624da1c541, Мухитов Акылжан
Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? Қалайша? Қалай? Кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді,
Мөлшер үстеуі қанша? Қаншама? Қаншалық? Қаншалап? Деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты.
Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті.
Мақсат үстеуі не мақсатпен? Қалай? Деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
Себеп-салдар үстеуі не себепті? Қалай? Неге? Деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді.
Үстеудің сөйлемдегі қызметі .
Үстеу сөйлемде көбіне етістікпен тіркесіп пысықтауыш қызметін атқарады. Өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр түрлі сын-сипатын, яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы :Шыңғыстың сырты тез (қалай?) жылынбағандықтан, ерте (қашан?) көктемейтін.
Үстеулер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады.
Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш қызметінде жұмсалады. Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.
Күшейткіш үстеулер сапалық сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш қызметін атқарады. Бәйгеге өңшең жүйрік, кілең сәйгүлік (қандай?) аттар қосылды.
Кейбір үстеулер жіктеліп келіп баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Сендер осындасыңдар ма? Бірлік қайда болса, жеңіс сонда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет