Ғылыми басылым
Ғылыми басылымға теоретикалық және эксперименттік зерттеулер нәтижелері кіреді, сонымен қатар тарихи құжаттар мен әдеби мәтіндер де кіреді.
Заманауи ғылыми басылымдардың басты функциясы болып – қоғам қызметінің барлық сферасын ғылыми ақпаратпен қамту. Оған ғылым, өндіріс, білім, мәдениет, басқару қызметтері кіреді.
Ғылыми басылым нақты ғылым саласы мамандарына арналған, бірақ басқа да оқырмандар категориялары пайдалана алады. Ғылыми басылымдар теоретикалық және эксперименталдық зерттеулер нәтижелерін айқындайды. Ғылыми басылымдар тақырыбы шексіз. Онда түрлі мәселелер көрсетіледі: заңдар, гипотезалар, зерттеу барысы, нақты тәжірибелі сипаттау, ғылым генезисі, даулы мәселе бойынша дискуссия және т.б. Мұнда зерттеу әдістемесі, маңызды жаңалықтар тарихы, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары сипатталады. Ғылыми басылым- бұл зерттеу жұмысының құралы мен нәтижесі.
Ақпарат сипаты бойынша ғылыми басылым екі түрге бөлінеді. Ғылыми –зерттеу басылымы ғылыми жұмысқа арналған және онда теоретикалық немесе эксперименттік мәліметтер болады.
Классикалық шығармалардың деректерін басылымы құжаттардан, мұрағат материалдарынан тұрады.
Ғылыми-зерттеу басылымдары қосымша мақсатты қызметі бойынша келесі түрлерге бөлінеді: монография, дисертациялар, авторефераттары, ғылыми конференциялар авторефераттары, ғылыми конференциялар баяндамалары тезистері, конференция материалдары, ғылыми еңбектер жинақтары.
Монография кітап түріндегі, бір мәселе немесе тақырыпты толық, жан-жақты зерттейтін басылым.
Диссертация авторефераттары – брошура түріндегі, жүргізілген зерттеулерді құрайтын ғылыми басылым.
Бақылау сұрақтары.
Ғылыми басылымдар дегеніміз не?
Ғылыми басылымдардың басты мақсатты бағыты қандай?
Ғылыми басылымдардың жүктеме сипатының айырмашылығы неден тұрады?
Ғылыми басылымдар қалай бөлінеді?
Ғылыми басылымдардың басты түрлерінің жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
Жіктеме, типология мәселелерін құрастырудың жетістіктері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |