Оқу басылымы.
Оқу басылымында ғылыми мәліметтер жүйеленген түрде беріледі. Әр түрлі жастағы оқырмандарға арналған. Оқу басылымдарын мақсаттық қызметі-оқу процесін қамтамасыз ету, нақты білім жүйесі жағдайында білімді игеруге әрекет ету. Олар сонымен қатар тәрбиелік функцияны да орындайды. Оқырмандық қызметі бойынша олар үш басты топқа бөлінеді:
Жалпы білім беретін мектептерге арналған, жоғарғы мектептерге арналған, одан басқа, оқу басылымдары оқушыларға және басқа балабақша тәрбиешілеріне, мектеп мұғалімдеріне, лицей мұғалімдеріне, балабақша оқытушыларына, училище, техникум жоғарғы оқу орындарына, ата-аналарға арналған. Оқу басылымының ақпараттық сипатының ерекшелігі-барлық оқу орнындарында оқытылуы. Оқу басылымының пәндері-бұл ғылыми және қолданбалы мәліметтер. Материял көлемі оқу бағдарламасымен анықталады. Оқу басылымдары курсты толығымен қамтиды. Ролі бойынша оқу процесінде оқу басылымының келесі түрлері белгілі: 1.оқулықтар; 2.оқу құралдары:; 3. практикумдар; 4.бағдарламалық-әдістемелік басылым.
Оқулықта оқу бағдарламасына сәйкес мәліметтер болады. Оған нақты құрылымсабақтастық, тақырыптық және әдістемелік бірлестік тән. Оқулықтар оқыту, тәрбиелік, дамытушылық сипатқа ие.
Оқу құралы-оқулықты толықтырушы басылвм. Оқулық пен оқу құралының айырмашылығы-оқулықта курстық теоретикалық негізі бағдарламамен қатаң сәйкестікте, ал оқу құралында- бұл есепке алынбайды.
Христоматия әдеби-көркем, тарихи мағынадағы шығармалардан тұратын оқу құралы.
Оқу көрнекілік құралы-проктикалық тапсырма мен жаттығулардан тұратын оқу басылымы.
Оқу көренкілік құралдары – оқу, тәрбиеге байланысты материалдарды бейне басылым.
Бағдарламалық-әдістемелік басылмдарға: оқу бағдарламалары, оқу – әдістемелік құралдары, әдістемелік ұсыныстар жатады.
Оқулықтар мен оқу құралдары жоғары сапалы безендіріледі. Оларды мықты қағазда басады. Бағдарламаларда иллюстрациялар болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |