«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет70/126
Дата12.09.2020
өлшемі0,7 Mb.
#63703
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126
Дәріс 15

Тақырып: Мәтіндік басылым. (соңы)

Дәрістің мақсаты: Мәтіндік басылым анықтамасы

Дәріс мазмұны:

Ақпараттық басылым.

Бос уақытқа арналған басылым

Жарнамалық басылым

Көркем-әдеби басылым
Дәріс 16

Тақырып: Кітап негізгі құжат түрі ретінде.

Дәрістің мақсаты: Кітап негізгі құжат түрі ретінде қарастыру

Дәріс мазмұны: Кітап әртүрлі құжат ретінде.

кітаптық құжаттың құрылымы.

Кітап басылымының аппараты

Автордан оқырманға дейінгі кітаптың жолы.


Дәріс 17

Тақырып: Патенттік және нормаға сәйкес құжат.

Дәрістің мақсаты: Патенттік және нормаға сәйкес құжатты анықтау

Дәріс мазмұны:Патенттік құжат. Патенттік жүйе.

Авторлық куәлік және патент.

Жаңалық ашуды сипаттау.

Нормативтік құжат .Стандарттау жүйесі.



Патенттік құжат - өнеркәсіп меншіктің объект ретінде мәлімденген немесе мойындалған ғылыми – техникалық қызметтік нәтижесін және ойлап табу иесінің құқығын растайды. Патенттік құжатнама – бұл патенттік заң шығарумен сәйкестелген және өнеркәсіп үлгілері мен пайдалы модельдерді ресми мойындап орнататын алғашқы және екінші құжаттардың жиынтығы. Патенттік құжат мемлекеттің заңды қорғауында болады. Мемлекеттік сараптаманың тұжырымымен расталады және бұнда тексерілмеген мәліметтер болмайды. Патент иелері мен ойлап табу иелерінің құқығын қорғауға және бекітуге арналған экономикалық,заңды ғылыми-техникалық хабар болады,сонымен қатар патент иелері мен патенттелген ойлап табу иелерінің приоритеттерін айқындайды. Ойлап табу құқығы авторлық куәлік немесе патентпен куәландырылады. Патенттік құжатнама – ойлап табуларды суреттеумен, өнеркәсіп иелерінің құжаттарымен, пайдалы модельдер мен тауарлық белгілермен, мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштермен, патенттік ведомствалармен көрсетілген. Патенттік құжатнама патенттану зерттеуінің объектісі болып табылады. Патенттік қабілетті және жеке патентті бар объектілерді құруда патенттік құжаттарды міндетті түрде зерттеуде, жаңа техникамен технологияны құрастырудың барлық кезеңдерінде патенттік зерттеулерді жүргізу, техниканың дамуын болжауда, техникалық шешімдерінің деңгейін анықтауда, шамаланған ойлап табуларға түскен сұраныстарға сараптама жасалғанда патенттік құжаттарды пайдалану қажет, ал бұл техника объектілерінің патенттік тазалығын тексеруде ерекше маңызы бар. Патенттік құжатнама - өзінің орамдылығын, сенімділігімен, бірегейлігімен ғылыми хабардың негізгі қайнарлардың бірі болып табылады.Бұл құжаттардағы мәліметтердің тек 5%-ы ғана ғылыми басылымдардың беттеріне түседі. Басқа құжаттардың түрлерімен салыстырғанда патенттік құжатнамада бірнеше артықшылықтары бар:

  1. Оны зерттеу нақты облыстардың даму деңгейлерінің ең сенімді көрсеткіштер береді.

  2. Онда ең жаңа хабарлар болады, ор басқа қайнарларда тек бірнеше жылдардан соң пайда болуы мүмкін. Себебі, ойлап табулар іске аспас бұрын олар туралы міліметтер анағұрлым ертерек жарияланады, тексеріс пен мемлекеттік сараптамадан өткен ең толық және сенімді хабар болады;

Сонымен қатар патенттік құжатнаманың кемшіліктеріде бар: ол ойлап табудың экономикалық нәтижелігін анықтамайды және мұнда баяндалған нәтиженің теориялық негіздемесі болмайды. Орта ғасырлардағы Батыс Европа елдерінде шен, атақ, ғылыми ереже беру туралы құжатты патент деп атаған. Патенттің аты болып Англия есептеледі. Нақ осында бірінші арнайы патент заңы, монополиялар туралы жағдай мен қазіргі замандағы авторлық құқық негізін салған өнеркәсіп үлгілері туралы бірінші заң қабылданады. Францияда патенттік заң 1791 жылы қабылданса , Германияда 1877 жылы Ресей бүкілодақтық патенттік ведомствосының репертуарын жалғастыруда. Украйнада ойлап табуға бірінші патенттерді 1992 жылы желтоқсанда берілген болатын, ал өнеркәсіп үлгілері мен тауарлармен қызметтерге арналған белгілерді қорғайтын құжаттарды 1992 жылы маусымнан бере бастады. Патент – (латынша patens – куәлік, грамота) ойлап табушының құқығын және бір нәрсені ойлап табылғандығын ресми растауын куәландыратын құжат. Сонымен қатар саудамен немесе кәсіппен шұғылдануға құқығы жөнінде құжат. Птаент – ойлап табуды пайдалануға ойлап табушы немесе оның ізбасарына ерекше құқық береді. Бұл патент иесі ойлап табылған нәрсеге не істеседе өзі біледі деген сөз: сатады ма немесе оны пайдалануға лицензия береді ме немесе анады да мынаны да істемейді. Патент – мемлекеттік патенттік ведомствосымен беріледі және сол мемлеке аймақтарына күші енеді. Патент күшінің уақыты ұлттық патенттік заңмен белгіленеді. Бұрын бұл ұғым нормаландыру болып келген. Нормаландыру (ағылшынша standart – норма, үлгі, өлшем) қызмет түрлерімен олардың нәтижелеріне қатысты мінездемелер мен жалпы принциптерін белгілейтін нормативтік құжат. 1993 жылға дейін «нормативтік, техникалық құжаттар мен әдебиеттер» деген терминдер қолданылады. Стандарттауға байланысты нормативтік құжаттарға стандарттар мен техникалық шарттар жатады. Стандарт – бекітілген құзырлы органдар мен мүдделес жақтардың көпшілігінің маңызды сұрақтарындағы қайшылықтардың жоқтығы негізінде әзірленген нормативтік құжат. Қолданылып жүрген заңзарға сәйкес бекітілген және озық тәжірибе, техника, ғылым нәтижелері негізінде белгіленген стандарттау объектілерінің талаптар, ережелер, нормалар кешені бар нормативтік өндірістік – практикалық басылым. Техникалық шарттар – жабдықтаушы мен мемлекеттік немесе салалық стандарттары жоқ өнімді тұтынушы арсындағы қатынастарды реттеуге арналған талаптарды айқындайтын немесе қажет болған жағдайда берілген құжаттардың талаптарын нақтылайтын нормативтік құжат. Техникалық шарттардың (ТШ) 2түрі болады:

  1. Өнімнің (бұйымның, қызметтің нормативтік құжаттарының бөлінбес бөлігі болып табылатын ТШ)

  2. Дербес құжат болып табылатын ТШ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет