«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Нота басылымдардың жіктелуі



бет73/126
Дата12.09.2020
өлшемі0,7 Mb.
#63703
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126

Нота басылымдардың жіктелуі


Нота басылымдарын жіктеуді құрастыру маңызды теоретикалық әне практикалық міндет болып саналады. Олардың спецификасы жіктеудің көп аспектілік жүйелік құруды талап етеді.

Нота басылымдары музыкалық шығармаларды орындау мен үйренуге бағытталған.

Функционалдық қызметі бойынша барлық нота басылымдары үш түрге бөлінеді: ғылыми, оқу, концерттік.

Ғылыми нота басылымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған, әдетте мамандар, жоғары оқу орны студенттері оны кеңінен қолданады. Оларды басар алдында үлкен мәтіндік жұмыс жүргізіледі: осы жинаққа кіретін шығармалар автографтармен, алдыңғы шыққан басылымдармен салыстырылады, композитордың шығармашылық ойын беретін дәлдік тексеріледі. Ғылыми басылымдарда автордың шығармамен жұмыс жасау процесін айқындаушы фрагменттер нұсқалары келтіріледі. Басылым ғылыми аппаратпен жабдықталған: комментарийлер мен тізімдермен, көрсеткіштермен.

Оқу нота басылымдары тобына мектептердегі әр түрлі музыка аспаптарындағы ойын басылымдары кіреді, оларға хрестоматиялар, диктанттар, жаттығулар, этюдтер, ғаммалар, арпеджио т.б. кіреді.

Музыкалық шығармалардың барлық аудитория алдында орындауға бағытталған түрлері концерттік болып саналады. Оларда комментарий, ғылыми аппарат болмайды. Олардың түсіндірулер көбінесе орындау техникасына байланысты. Композитор жазған бөлек вокализдер мен этюдтер жаттығу секілді көркем мәнге ие болады және жаттығу секілді емес, бөлек музыкалық шығарма ретінде, мысалы Листтің этюдтері, Поганини, Рахманинов, Шопен шығармалары секілді бағаланады. Концерттік басылымдарды орындаушылар, педагогтар техникалық тәсілдерді жаттықтыру үшін пайдаланады.

Барлық нота басылымдары келесі топтарға бөлінеді: музыкалық оқу орнының оқушыларына (мектеп, училище, консерватория); мамандар үшін (педагогтарға, музыкатанушыларға, композиторларға, дирижерларға, орындаушы-мамандарға), кәсіпқойларға.

Музыкалық шығармалардың орындалу сипатына қарай барлық нота басылымдары сахналық, аспаптық, вокалдық-хор шығармаларына бөлінеді.

Сахналық шығармалар тобы театрда ғана орындалатын музыкалық шығармаларды құрайды. Олар драма, музыка, биді біріктіретін өнердің синтетикалық жанры болып есептеледі.

Бұл жанрға опера және музыкалық драма, яғни оперетта, музыкалық комедиялар, мюзиклдар, сонымен қатар балет кіреді.

Аспапты музыка шығармалары 3 үлкен нота басылымдардың топтарын құрайды:

а) оркестрге (симфониялық, камерлік, эстрадалық, халық аспаптары): жанрлық қатынаста бұл басылымдар симфония, концерт, увертюра, поэма, симфониялық картина, пьеса -–миниатюра негізінде берілген;

б) камерлік шығармалар басылымдары. Оған сонаталар, ансамбльдерге арналған шығармалар жатады.

в) бөлек аспаптарға арналған шығармалар басылымдары: фортепиано, халық асапаптары және симфониялық оркестр аспаптары; олар қиял, вариация, полифониялық пьесалар жанрында жазылуы мүмкін.

Вокалдық-хор шығармалары басылымдары топтарына келесі түрлер жатады: вокалды-симфониялық шығармалар басылымдары – контат, ораторийлер, вокалды-симфониялық циклдер; хор мен дауысқа арналған шығармалар басылымдары, олар халықтық (әндер, частушкалар), кәсіби, авторлық, камерлік, вокалды шығармалар, эстрадалық және көпшілік әндер.

Аралас басылымдар әр түрлі жанрлар бойынша музыкалық шығармаларды құрайды. Бұл тақырыптық емес және тақырыптық автор жинақтары.

Сипаты бойынша музыкалық шығармалардың басылымдары партитура және дирекциондар, оркестрлік дауыс, дауыс жазу т.б. болып бөлінеді.

Партитура – оркестр, хор, камерлік ансамбльдерге арналған ноталық жазба. Партия – бөлек дауыспен орындалатын оркестрлік, хор және опера шығармасының бір бөлігі.

Партитурада ноталық белгілер әр жолға орналастырылған, әр жолда бір аспап партиясы көрнекті етіп жазылған. Партитурадағы барлыө партиялар бірінен соң бірі белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан. Партитуралар оркес-трлік, оперлік, балеттік, камерлік, вокалды-хорға арналған түрлері болады.

Заманауи партитураның орналасуының басты принципі: диапазоны жоғары дауыс бойынша жоғары орналасады, ал төмен дауыстар – төменге орналасады. Хор партитурасының тәртібі жоғарыдан төменге қарай: страна, альты, менор, бас; ішектік квартет партитурасының тәртібі: бірінші, екінші скрипка, альт, виолончель және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет