Дәріс 24
Тақырыбы: Құжат - артефакт ретінде.
Дәрістің мақсаты: Құжат - артефакт ретінде қарастыру
Дәрістің мазмұны:
Артефактың түсінігі.
Құнды және сирек кезедсетін құжат.
Естелік кітап.
Әлеуметтік – мәдениет мағынасында құжаттар тобы артефакт атауын иеленген. Әлеуметтік – мәдениет құндылық ерекшелігі бар, жалпы құжатқа тән емес. Артефакттық құжат – бұл құжаттық ерскерткіштер, ескерткіш жазбалары, еліміздің, халықтардың құндылығының бір бөлігі, арнаулы заңдармен қорғалады.
Кітаптық ескерткіш.
Дәріс 25
Тақырыбы: Кинофотофоноқұжат.
Дәрістің мақсаты: Кинофотофоноқұжатқа мінездеме беру
Дәрістің мазмұны:
Кинофотофоноқұжатқа жалпы мінездеме.
Киноқұжат: жіктелуі, түрі, тарихы.
Фоноқұжат: жіктелуі, басты түрі.
Кинофильмдер диопозивтер граммтаспалар, магниттік фонограммалар жиынтығы кинофотофоно құжаттар (КФФҚ) деп аталады және олар құжаттық ақпарат көздер арасындағы маңызды орын алады. «Кино», «фото» фоноқұжат түсініктерін жалпылайтын кинофотофоноқұжат термині ғылымға 1980жылдары енгізілді. Дегенмен бұл түсініктің жалпыға бірдей дефинициясы жоқ. Жалпыға қабылданған анықтама болу үшін кинофотофоно құжат бейнеленген, дыбыстық немесе бейнеленген,- дыбыстық ақпараты бар болуы тиіс және олар арнайы техникалық құралдар (диаскоп, эпидиаскоп, фильмскоп, диопроектор, кинопроектор, магнитафон) арқылы өндіріледі. Тек бұлардың қатарына фотосурет кірмейді. Себебі мұндағы ақпарат техникалық құралдың көмегінсіз шығарылады. КФФҚ-ның пайда болуы қоғамның қазіргі және келешек ұрпаққа ақпаратты беруде сөзжүзінде берілген жағдайда өзінің толық немесе басты маңызын специкасын жоғалтып алатын болғандықтан мұраны бейнеленген түрде бекіту, қалдыру, жалғастыру сұранысының өсуімен ұштаса түсті. КФФҚ басылымдармен салыстырғанда құжаттық салада оларды кеңінен пайдаланудың бірнеше артықшылықтары бар. Бірарналық қабылдауда болатын ақпарат азаю мүмкіндіктерін төмендететін КФФҚ – адамның түрлі анализаторларына кешенді ықпалы солардың басты артықшылығы болып табылады. Адамның қанша сезім мүшесі болса, сонша ойлау тәсілдері болады деп есептелінеді. Негізінен ақпарат барлық арналардан бір уақытта түсуі тиіс. Көру-3%, есту-13%, сезіну-6%, иіс сезу-3%, дәм сезу-3%. Ауызша мәтінді құжаттарды немесе толық және мүлдем сөзбен бекітілмейтін дыбыстық және образдық ақпаратты тараптар бекіту және таратуды қамтамасыз ететін КФФҚ-маңызды ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар КФФҚ арқылы ақпаратты қабылдауда пайда болатын эмоциональдық негізін қалайды. Осы күнге дейін жалпыға бірдей қабылданған КФФҚ топтамасы жоқ. Негізінде екі түрлі қасиеттері бар:
Ақпаратты қабылдау арнасы немесе адамның сезім мүшелеріне әсер ету тәсілі
Ақпаратты құжаттандыру тәсілі: КФФҚ құжатта белгіленген.
Ақпартты қабылдау арнасы бойынша екі түрге бөлінеді:
Көру арқылы қабылданатын визуалды (лат: visere –смотреть, қарату); диафильмдер, диапозивтер, дыбыссыз кинофильмдер, эпифильмдер;
Есту арқылы қабылданатын аудиалды (лат: audire – слышать, есту):грамматаспа, магниттік фонограммалар: аудивизуалды (зрительно-слуховые, көру, есту) кинофильмдер, диафильмдер, бейнефильмдер, магнитофильмдер.
Сонымен қатар КФФҚ құжаттандыру тәсілі бойынша үш түрге бөлінеді:
Киноқұжаттар: диа, кино, видео;
фотоқұжаттар, диапозитивтер(слайдтар) фотосуреттер,
Фоноқұжаттар: грамматаспалар, магниттік фонограммалар.
КФФҚ көпшілігі – матрициалдық құжаттар. Фото және кинопленка, диск- бейне сурет немесе дыбыс өндірілетін матрица. Қабылдау саласы бойынша КФФҚ адам оқитын (фотосурет) және машина оқитындарға (диафильм, диапозитив, кинофильм, грамматаспа, магниттік фонограмма) бөлінеді. Мұндағы ақпаратты адам техникалық құралдар қолдану арқылы қарапайым түрде жеңіл қабылдайды. КФФҚ материалдық сындары конструкциясы бойынша ерекшеленеді, себебі бабина катушкада, кассетада, дискетада, рульнда лентада, кадрда, компакт дискіде шығарыла алады. Бұл олардың сақталу ерекшеліктерін және түрлі құжаттық жүйесінде қолдану жағдайын туғызады. Кинофотофоно құжаттарының бөлек түрлерінің жиынтығы ретінде кітапханалар мен ақпараттық орталықтарындағы КФФҚ қорының құрылымына фото, фильмо, диско фоно, видеотекалар кіреді. Киноқұжат – КФФҚ негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Киноматографиялық тәсілмен шығарылған бейнеленген немесе аудиовизуальдо құжат. Киноқұжат ақпаратты өндіру тәсілі бойынша екі түрге бөлінеді:бейнелі статистикалық (диафильмдер, эпифильмдер) және бейнелі динамикалық.. Киноқұжат деп бейнелеу объектілері жағдайларының болмашы айырмашылықтары бар, фототүсірілімдердің үзіліссіз қатарын айтамыз. Киноқұжат бөлек түсілімдердің жылдам ауысуы түсірілген объектілердің қозғалыс әсерін береді. Көпқабатты полимер үлдір (пленочная) киноқұжаттардың материалдық негізін құрайды. Ақ, қара киноүлдір полимер негізінен және жарықсезгіш сектор тұздар кристалдары жинақталған желатин қабатынан тұрады. Түрлі-түсті киноүлдір (кинопленка) негізгі бөлектен, астыңғы қабаттан, эмульсиялық түстерінің бөлінуінен және қорғаныс қабаттарынан тұрады. Диакино, бейнефильмдер киноқұжаттардың негізгі түрлері болып табылады. Фтотқұжатқа фотографиялық тәсілмен алынған бір немесе бірнеше бейнесурет кіреді. Он объективті шындық құбылыстарды фотохимиялық тәсілмен жазылған бейнетүрімен құжаттандыру нәтижесін айтамыз. КФФҚ негізгі түрі фотоқұжаттарға (ФҚ) фотосурет пен диапозитивтер жатады. Олар сала мен жанрға байланысты төмендегідей бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |