Дәріс 29
Тақырыбы: Жаңа ақпарат тасушылардағы құжаттар.
Дәрістің мақсаты: Қазіргі кездегі құжаттанудың дамуын анықтау
Дәрістің мазмұны: Оптикалық құжат. Оптикалық құжат мәліметті жазба түрінде алып жүруші жаңаша ақпарат түріне жатады. Барлық жалпы құжаттар ішінен ол жинақтаушы негізінде көзге түседі. Оптикалық құжат әртүрлі әдіс-тәсілдермен, ақпарат материалдарының жазылуын негізінде ұстайды. Оның мәліметті алып жүрудегі ең басты жетістігі біріншіден оның жан-жақтылығы, яғни дыбыстық, мәтіндік, графикалық, видео түрінде жазылып, ортақ формада сақталуы, екіншіден оптикалық құжат ұжымда ақпараттың бір ортақ формада көрінеді. Үшіншіден бұл құжат ақпарат жүйелерінің тоғысқан жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.
Оптикалы құжат – бұл құжаттардың интегралды түрі, кітап, микро диафильмдерді, аудио жазбаларды, бір мезгілде сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл құжат үлкен мөлшердегі мәліметтердің ұзақ сақталуы үшін қажет. Оптикалық құжатқа оптикалық дискілер және видеодискілер, компакт-диск, CD-ROM, DVD дискілер және т.б. жатады. Оптикалы құжаттар сапа/баға қатынасын ұстап, сонымен қатар ақпарат сақтау арзанға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |