«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет74/126
Дата12.09.2020
өлшемі0,7 Mb.
#63703
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126
Дәріс 20

Тақырып: Картографиялық басылым

Дәрістің мақсаты: Картографиялық басылым анықтамасы

Дәрістің мазмұны: Картографиялық басылымның жалпы мінездемесі.

Картографиялық белгілер.

Картографиялық басылымның негізгі түрлері: карта, атлас ,глобус.

Картография(карта және графия) географиялық карталарды, оларды жасау және пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым.

Картографияның кең тараған бұл анықтамасы оның техника жағын басымырақ көрсетеді. Географиялық карталарды кеңістіктің көрнекті образды белгілік моделі деп қарайтын қазіргі ғылыми көзқарас картографияның пәні мен әдісіне бұдан да дәлірек анықтама туғызды. Картография – табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуімен өзара байланысын, олардың кеңістіктегі орналасуын және олардың мезгілге қарай өзгеруін т.б. картографиялық кескіндеудің көмегімен бейнелейтін және зерттейтін ғылым. Бұл анықтама Картография шұғылданатын ұғымдарға аспан денелері мен жұлдыздық аспанның карталарын, сондай ақ глобустар мен рельефтік карталарды және картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдерін де жатқызады. Картография пәні және тақырыптық карталардың дамуы картографияны жаратылыс ғылымдарының қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. «Картография» термині ғылыми және өндірістік картографиялық іске де, әрі оның нәтижелеріне де қолданылады, мысалы, мемлекеттік картография. Бұл мағынада «Картография» терминінің мәні СССР-дің картография-геодезия қызыметінің атына кіреді.

Қазіргі картографияны зерттейтін басты проблемалар:



  1. ғылымның теориялық негізі, оның ішінде картографияның пәні мен әдісі, карта туралы ілім; соңғысына картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің теориялары жатады.

  2. Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы.

  3. Картографиялық деректер тану.

  4. Карталарды жобалау және оны пайдалану теориясы мен технологиясы.

  5. Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдісі.

Картографияның бұл проблемалары әр тарихи кезеңде қалыптасқандықтан дамудың әр сатысында тұр. Осының нәтижесінде карта төмендегідей салаларға бөлінеді:картатану, математикалық картография, карта жасау процесі , карталарды өңдеу, картометр. Картатану ғылымының теориялық негіздерін, тарихы мен деректерін, карталарды пайдалану әдістерін біріктіреді. Картография салаларының ішінде бәрінен бұрын ерекше пән ретінде математикалық картография не картографиялық проекция теориясы қалыптасты. Картаметрияның (карта бойынша координаталарды, қашықтықты, ұзындықты, биіктікті, ауданды т.б. өлшеу мен санау туралы ілім) ұзақ тарихы бар.

Ол карталарды пайдалану әдістерінің бірі болып саналғанымен практикалық маңызына, зерттеулерінің ертеден қалыптасуына және жан-жақтылығына байланысты көбінесе жеке қолданылады. «Карталарды жасау және редакциялау» деген атпен СССР-де карталарды жобалау теориясы мен технологиясы және олардың түп нұсқаларын дайындау қалыптасуда. Карталарды өндеудің негізгі міндеті – картографияның кескіндеужолдарын зерттеу мен шешу. Мұнда семиотиканың, бояу танудың, инженерлік психологияның деректері қолданылады, сондай-ақ графика өнерінің әдістері пайдаланылады,полиграфиялық талаптар еске алынады. Картография бірнеше тақырыптық салаларға бөлінеді. Бұл жапсарлас пәндер орындалу әдісі жағынан геологияға, экономикаға жатады.

Қазіргі сақталған көне картографиялық кескіндер Вавилония мен Египетте б.з.д.ІІІ-І ғасырда жасалды. Картографияның тұңғыш ғылыми негізі Ежелгі Грециядан тараған. Орта ғасырда картографияға Г. Меркатардың еңбектері үлкен үлес қосты.

Картографияның идеялары мен ғылыми негіздерін дамытуға тұңғыш советтік географиялық атластар т.б. дайындау туралы 1920-21жылы В.И. Лениннің жазған хаттарының және картография туралы оның басқа документтерінің маңызы өте зор болды. Бұлар құбылыстарды, олардың әр жақтылығын, өзара байланыстылығын, тарихи дамуын, қайшылығын еске ала отырып, көрнекті, толық және дәл бейнелеудің маңызы үлкен екендігін көрсетті.

Картография геодезия, география ғылымдарымен тығыз байланысты. Геодезия картография жердің формасы мен мөлшері туралы өте дәл деректерді, топография, аэрофототопография оған негізгі картографиялық деректерді және барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын ірі масштабты топографиялық карталарды дайындап береді. Географиялық ғылымдар картографтарды картографияланатын құбылыстардың сандық, сапалық сипаттарын түсіне отырып талдауға және олардың аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс бейнелеуге қажетті біліммен қаруландырады. Өз тарапынан география картадан кез келген табиғи, әлеуметтік құбылыстардың, кеңістікте орналасуын, үйлесуін зерттеуге керекті құнды материалдар табады. Картографияның практикалық маңызы-географиялық карталардың құндылығында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет