Дәріс 27
Тақырыбы: Жаңаша ақпарат тасушылардағы құжаттар.
Дәрістің мақсаты: Жаңаша ақпарат тасушылардағы құжаттарды анықтау
Дәрістің мазмұны: Магнитті құжат: жалпы мінездеме, негізгі түрлері. ( магнитті карта, магнитті дисктер )
Дәріс 28
Тақырыбы: Голографиялық құжат.
Дәрістің мақсаты: Голографиялық құжатқа мінездеме
Дәрістің мазмұны: Голограмма (грек. Holo – бүкіл, толық, Graph – жазба және gamma – жазба, сызық) – көлемді бейнелеудің жаңа тасымалдаушы.
Голограмма – бұл бейнелеу, жазба және көшірмелі линзаны қолданбай, лазерлік сәуленің көмегімен оптикалық әдіспен жасалатын құжат.
Голограмма голографияның жазба көмегімен жасалатын қайта жаңғырту және қайта жасау толқыны, ол көлденең толқындары бақылаумен, я болмаса, толқындардың құжатта бір нүктеде күшеюінен және төмендеуінен әр түрлі толқынды интерференциялайтын фазаларға тәуелді. Құбылыс толқын интерференциясына негізделген.
Фотопластинкаға «дыбыс» толқынымен бір уақытта шашыраңқы объектімен сол жарық көзінен «тірек» толқынын бағыттайды. Интерференция кезінде пайда болатын толқындардың бұл көрінісі объект түрінде ақпаратпен қамтамасыз ететін жарық сезілетін бетінде белгіленеді.
Голограммаға және оның маңына сәуле түсіру кезінде тірек толқын арқылы объектінің көлемді бейнесін көруге болады.
Голограмманың ерекшелігі түпнұсқаның барлық белгілеріне ие заттың бейнесін көрінетін түрде алуы болып табылады. Заттың қатысымен оның толық емесіне қол жеткізеді.
Голограммаларда жазба және бейненің көрінісі лазер көмегімен жасалады. Голограмманы қолдану бейненің сапасы кезінде лазерде сәуленің монохромикалық таралуына және фотоматериалдардың қабілеттілігін көрсетуіне тәуелді. Лазердің сәуле тарату спектрі кең болса, онда нәтиже беретін интерференциялық көрініс анық емес шығады. Сондықтан голограмманы дайындау кезінде спектральді сәуле тарату сызығы өте тар лазерлерді қолданады.
Голограммалық бейненің сапасына фотоматерияның қабілетін көрсететін түсірілімнің жағдайы әсер етеді. Голограмманың сырты суретке түсіретін заттың ешқандай белгісі жоқ жарқыраған. Фотографиялық негативті еске түсіреді. Дегенмен, көлемді бейне пайда болған бойда голограмманы лазерлік сәулемен жарықтандыру жеткілікті. Заттар фотопластинканың тереңінде айнадағы кескін сенімді орналасады.
Голографияның көмегімен бақылаудағы заттардың шынайы толық елесін жасайтын – көлемін, түсін алуға болады. Голограммада заттың бейнесі соншалықты анық және шынайы сияқты, бақылаушы оны заттың өзін көріп отырғандай қабылдайды.
Голограмма жазық немесе көлемді болуы мүмкін. Голограмма көлемді болса, онда оның қасиеті де соншалықты жақсы көрінеді. Голограмманың кәдімгі фотосуреттен айырмашылығы мүсіннің суреттен айырмашылығы сияқты. Әдеттегі фотосуреттегі бейненің нүктесі фотопластинкада объектінің кейбір нүктесіне сәйкес келеді.
Голографияда объектінің әрбір нүктесі голограмманың үстінен түгел түсетін шашыраңқы толқын жібереді.
Егер фотопластинканы сындырса, голограмма тіркеген оның кез келген бөлігі үш өлшемді шашырайтын объектінің бейнесін қайта қалпына келтіруге жеткілікті. Нәтижесінде объектінің кез келген нүктесі голограмманың толық үстіне сәйкес келеді. Объектив сынғанда, осы жағдайды еске түсіреді. Оның кез келген сынығының көмегімен заттың бейнесін алуға болады. Голограмма арқылы оқығанда лазер сәулесі екі сәулеге бөлініп, біреуі объектінің түсірілім процесіне қатысады және осы кескінделген объектіден жарық сезгіш материалға түседі, ал екінші сәуле тікелей жарық сезгіш материалға түседі. Осы екі сәуленің көмегімен интерференциялық көрініс жазылады.
Егер голограмманы микроскоппен қарасақ, ашық және күңгірт жолақтардың алмасу жүйесі көрінеді. Шынайы объектінің интерференциялық өрнегі өте күрделі. Голограмманы көлемді бейнені әдеттегі жарықта да көруге болатындай әдіспен дайындауға болады.
Голограмма бейнені жарық сәулесін фазалық құрастырушыға дейін жазуға мүмкіндік беретіндіктен, түсірілім объектісі туралы үш өлшемді ақпаратты сақтауға болады. Қазіргі таңда бұл технология штрих кодты оқуды, оптикалық дискілерге түсірушілерге және т.б. пайдаланады. Сонымен қоса оны оптикалық компьютерлерде ақпаратты өзгертуде сәтті қолдануға болады.
Өңдеу және голографиялық тіркеуге енгізу әдісінің көпшілігі және ақпараттың, өңдеулердің көпшілігі көбіне жазба құжаттар түрінде болады.
Голограмма өзін оптикалық элемент ретінде ұсынады, оның ең баты ерекшелігі бейнелеу сыртқы оптиканың көмегінсіз қалыптасады. Бір голограммаға 150 бейнелеу (сурет) түсіруге болады. Әрі олар көшірілген кезде бір-біріне әсер етпейді. Тек қана әрбір бейненің мұқият жазылуын қадағалау керек.
Голограмма помехоустойчива (тұрақтыбөгет) бүлінген кейбір бөліктері барлық суреттің жойылуына жол бермейді. Сондықтан голограмманың әрбір нүктесі толықтай жазылады: сызат, шаң-тозаң, эмулцияға қосылулар суреттің жарығының төмендеуі мен кемуін ғана шақырады.
Пленканың жоғарғы шаршы бөлігінің 10 млн бит ақпарат сыйғызуға болады.
2,5х2,5х0,2 см калий бром пластинкасына шамамен бүкіл үлкен кітапхананың архивінің 300 мың құжаттық ақпаратын сыйғызуға болады. Сол себепті архив ісінде голограмманы қолдану сыйымдылығы 108-109 көлемді құжаттарды іздейді жеделдетеді. Қазіргі кезде мультипликациялық техника, кредиттік карточкалар жасауда голограммалар қолдануда.
1989 жылы ең алғаш ағылшындар мен жапондықтардың бірігуімен «Голографиялық картина» атты кітап жарыққа шықты. Голографиялық миниатюризацияға қайтадан өңдеу жүргізу арқылы экспериментальдық қорытындыда құжатты 200х-қа дейін келтіруге болады. Сонда голограмма - болашақ кітапхананың ақпарат орталығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |