ТОР-ЖОСПАРЫ Мектеп жанындағы лагерь жұмыстары төмендегі ретпен құрылуы керек
1. Жол жүруге дайындық.
2. Лагерь аймағына келу.
1-күн Лагерге келгеннен кейін:
а) балаларды орналастыру;
ә) лагерь өмірінің жағдайымен, күн тәртібімен таныстыру;
2-күн Таңертең: дене шынықтыру. (үнемі)
Күндіз топтарға бөліну, тапсырмаларды бөліп алу. Лагердің ашылуына дайындық.
Түстен кейін: «Біз лагерде қалай тұрамыз?» шара
3-күн Таңертең: «Ұлтымның ұланымын» атты ер балалар арасындағы сайысқа дайындық.
Күндіз: Дене шынықтыру сабағы. «Ең мықты жүргізуші» сайысы.
Түстен кейін: «Негеш» клубында кездесу. Танымдық сырына саяхат.
4-күн Таңертең: «Денсаулығың жақсы болса, жаттығуға алғыс айт» сайысы.
Күндіз: «Дастархан басында өзін мәдениетті ұстау» әңгіме.
Түстен кейін: «Мамандыққа саяхат» топтық әңгіме.
5-күн Таңертең: «Қазақстан қыздар»атты сайысқа дайындық.
Күндіз: «Біздің лагерь» атты сурет сайысы.
Түстен кейін: «Мақалдап сөйлеу – шешенге тән» сайысы.