2 - бөлім бойынша қорытынды
Зерттеу барысында оқытушылар мен студенттерден алынған сауалнамалар оқыту мәселесінің өзектілігін растап, оны шешудің жолдарын іздеуге түрткі болды. Модульдік технология үлгісінің әдістемелік жүйесінің компоненттерінің тиімділігіне модульдік технологияның ықпалын сәулет-құрылыс факультетінің студенттеріне инженерлік сызба пәнін оқытуда сынап көрдік. Соның негізінде модульдік технология арқылы оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі ұсынылды.
Әдістеме модульдік технология арқылы оқытуды мақсатына сәйкес инженерлік сызба графикалық жұмыстарын ұйымдастырғанда студенттердің жұмыстарының ұйымдастыру формаларын өзара үйлесімді болуын, тапсырмалар жүйесін қолдануды, инновациялық технологияларды қолдануды қарастырады.
Зерттеу барысында ұсынылған модульдік технологияның үлгісіне сәйкес оны тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары: студенттерге оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі; ұйымдастырушылық; психологиялық; студентердің оқуларын белсендіру мен тиімділігін арттыру шарттарының болашақ инженерлердің кәсіби дайындығының сапасына әсері эксперимент барысында тексерілді. Эксперимент деректерін статистикалық өңдеуде арифметикалық орта, математикалық статистика, тиімділік көрсеткішін, білім деңгейін бағалау коэффициенті есептелді.
Студенттердің жұмыстарын оқу - әдістемелік қамтамасыз етілуі үшін инженерлік сызба пәнінің оқу - әдістемелік кешені өткізілді.
Бұл инновациялы технологиялар аудиториядан тыс студенттердің жұмыстарын ұйымдастыруға, студентке өзін-өзі бақылау жасауға, графикалық жұмыстарын орындауға уақытын тиімділеуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы және бақылаушы эксперимент барысында бақылау арқылы жүйелі түрде ұдайы жүргізілетін мониторингтің қажеттігі, оның білім сапасы мен студенттердің графикалық жұмыстарының нәтижесіне ықпалы анықталды.
Эксперимент бағдарламасына сәйкес үш кезеңнен тұратын тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар модульдік технология үлгісінің тиімділігін растады.
Оның тиімділігін бағалау үшін болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттерінің өлшемдіктері алынды.
Қалыптастырушы және бақылаушы эксперименттің нәтижесі бақылау тобына қарағанда эксперименттік топта студенттің графикалық жұмыстарын өз бетімен жұмыс істей білуі, өзін-өзі ұйымдастыруы, өзіндік бақылау жасауының көрсеткіші анағұрлым артты.
Өткізілген эксперимент - тәжірибе жұмысында кредиттік оқу жүйесінде модульдік технологияны пайдаланудың тиімділігін айғақтайды.
Өткізілген эксперимент - тәжірибе жұмысы кредиттік оқу жүйесінде модульдік технологияны пайдаланудың тиімділігін, атап айтқанда, оқу материалын қарапайым қайталап айтып беру арқылы меңгеру деңгейінен шығармашылық деңгейге көтерілген студенттер санының пайыздық көрсеткішінің ұлғайғанын айғақтайды.
Кредиттік оқу жүйесі бойынша модульдік технология арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудағы болашақ инженерлердің графикалық жұмысының дидактикалық шарттары және оны тиімділеуде мониторинг пен жаңа инновациялық технологияларды қолдану қажеттігі дәлелденіп, эксперименттік топ студенттерінің кәсіби дайындығына қажетті инженерлік сызба курсынан алған білімдерінің сапасы арту арқылы айғақтар алынып, зерттеу болжамы расталды.
Достарыңызбен бөлісу: |