Эксперименттің қалыптастырушы кезеңі (2006 - 2007 ж.ж.)
2006-2007 оқу жылының қалыптастырушы кезеңін алдыңғы жылдағыдай есептейміз.
Зерттеу үшін қажетті деректер: БС - 11,12, ҚОИҚ -11,12, БД-11,12 ЖАҚ-11,12 және ССМ–11,12; Қ- 11,12,14 академиялық топтарындағы студенттердің тапсырмаларды орындау нәтижелері (бұлардың қатарындағы БС - 11,12, ҚОИҚ -11,12 топтарында модульдік технология оқу үдерісін жеделдету үшін, ал БД-11,12 ЖАҚ-11,12 топтарында модульдік технологияны қолдану жеке оқытуды көздегенін ескеру қажет) (кесте 2.10).
Кесте 2.10 – 2006 - 2007 оқу жылындағы тиімділік көрсеткіші
Бұлай болса, 2006-2007 оқу жылында модульдік технологияны қолданудың тиімділігі күмән тудырмайды: егер модульдік технологияны оқу үдерісін жеделдету мақсатында пайдаланудан тиімділік көрсеткіші 7,2 %- ға жоғарылаған болса, осы әдісті жекелендіру үшін пайдаланғанда 13,6 %-ға көтерілген. Экперимент өткізілген кезеңінің нәтижелері 23 суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |