Темербаева Жанна Амангелдиевна


Эксперименттің бірінші кезеңі (анықтаушы)



бет26/38
Дата06.02.2022
өлшемі3,38 Mb.
#36266
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Эксперименттің бірінші кезеңі (анықтаушы).
Анықтаушы кезеңнің мақсаты инженерлік мамандықтар бойынша оқитын бірінші курс студенттерінің инженерлік сызба пәні мазмұнын дәстүрлі әдіспен меңгерулерінің шығармашылық деңгейін анықтау болды.
Есептеулерге БҚ-11,12,14; БД-11,12; ИМӨ-11,12 БС-11,12, ӨҚС-11,12, ПСМК-11,12 (2004 - 2005 оқу жылы) және БС-11,12; БҚ-11,12,14; ӨҚС-11,12, ССМ-11,12; БД-11,12,12 қ; ҚМБҚЕ –11,12 (2005 - 2006 оқу жылы) БС-11,12; БД-11,12; ЖАҚ-11,12; ССМ-11,12; ҚОИҚ-11,12; Қ-11,12,14 (2006 - 2007 оқу жылы) – барлығы 391 cтудент, инженерлік мамандықтары бойынша оқитын топтар студенттері алынды, олардың орындалған графикалық жұмыстарының және тестілеріне жауаптарының нәтижелелерін салыстырамыз (тестілері және графикалық жұмыстардың үлгілері А және В қосымшаларда берілген).
Күрделіліктері әртүрлі деңгейлердегі тестілер жауаптарын студенттер дәстүрлі әдіспен шешкен, олардың «Инженерлік сызба» пәні аймағындағы сауаттылықтарының бастапқы деңгейілерінің біркелкі екендігі анықталды.
Тесті 7 сұрақтан құралды. Бағалау көрсеткіштері (баллдар мен бағалар):
– «өте жақсы» – дұрыс жауаптар 95 балдан аса;
– «жақсы» – дұрыс жауаптар 79 балдан аса;
– «қанағаттанарлық» – дұрыс жауаптар 54 балдан аса;
– «қанағаттанарлықсыз» – дұрыс жауаптар 54 балдан кем (кесте 2.1) ;
Келесі тапсырмалар берілген:
1 деңгей – қайталаным-эвристикалық деңгейде шешілетін типтік есептер ( қосымша А);
2 деңгей – өнімді-шығармашылық деңгейде шешілетін инженерлік есептер( қосымша Б);
3 деңгей – креативтік деңгейде шешілетін есептермен тестілер ( қосымша В).
«Хи - квадрат» өлшемдерін қолдану үшін келесі талаптар орындалады :
– барлық іріктеулер кездейсоқ жасалынады;
– іріктеулер тәуелсіз және іріктелінген жиынтық құрамның мүшелері де өзара біріне-бірі тәуелді емес;
– өлшем шкаласы болып 4 категориялы аталымдар шкаласы саналады;
χ2 (хи-квадрат») өлшемі екі құрамды нысанның таралуын салыстыру үшін қолданылатын болатындықтан, алдымен БҚ-11,12,14 және ӨҚС-11,12; БС-11,12, содан кейін ӨҚС-11,12, БС-11,12 және БД-11,12; ИМӨ-11,12 топтарында өткізілген тестілеу мен графикалық жұмыстарды орындау нәтижелерін салыстырамыз.
Эксперименттің бұл бөліміндегі болжамының мазмұны келесідей:
бірінші құрамнан кездейсоқ таңдалған студенттің і (і = 01,2,3,4) деген баға алу мүмкіндігін Р(і = 01,2,3,4) деп белгілейміз. Осы жағдайдың екінші құрам үшін мүмкіндігін Р(і = 01,2,3,4) деп белгілейміз. Сонда бірінші және екінші құрамдар нысандарының әр і-категорияда (і = 01,2,3,4) болуының нөлдік болжамын тексеруге, яғни келесілердің Р1 = Р12, Р13 = Р23, Р14 = Р24 теңдігінде орындалуын тексеруге болады. Студенттердің тестілік тапсырмаларды орындау нәтижесінде «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» бағаларды алу ықтималдығының теңдігі туралы болжамды тексеру мүмкіндігі туындайды. Сонымен, нөлдік болжам Но: Р = Р, ал альтернативтік болжам Р ≠ Р түрінде өрнектеледі.

Кесте 2.1 – Бағалар мен балдардың сәйкестігі





Н

Ц

Ә

К

95-100

А

4.0

Өте жақсы

Сынақ

90-94

А-

3.67

85-89

В+

3.33

Жақсы


80-84

В

3.0

75-79

В-

2.67

70-74

С+

2.33

Қанағат-лық

65-69

С

2

60-64

С-

1.67

55-59

D+

1.33

50-54

D

1

0-49

F

0

Қанағат-сыз








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет