Қорытынды
Жоғары оқу орнында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері жүргізіп жатқан реформалар, білім берудің жаңа парадигмасын іздеу, білімденудің инновациялық технологияларының нәтижелі болуына бағдарлану, студенттің тұлғалық моделі мен сапасын әрбір өтілетін пәннің мазмұны арқылы дамытуға бетбұрыс жасады. Білім беруді студенттердің игеруге тиісті мамандығын кәсіби құзыреттілігі сапада меңгерулеріне білімденудің кредиттік технологиясы басқа технологиялармен интеграцияланып өркендеуіне мүмкіндік береді: ол мәнді және сондықтан әр студенттің интериоризациясының даралық келбетін анықтаушы, оның одан әрі иерархиялық жоғарыға көтерілуіне жол ашушы, яғни ең алдымен парасатты іс-әрекет сезімінің оянуына ықпал етуі тиіс деген сенімді орнықтырады.
Сөйтіп, зерттеуімізде көрсетілген үш парадигманың өзі студенттердің болашақта кәсіби құзыретінің артуына түрткі демекпіз.
Кәсіби білім меңгеру мазмұнының тірегі дидактикалық негіз екені, оның әдіснамасы нәтижеге бағдар жасайтын ұтымды, вербальді емес әдістердің жиынтығынан тұратыны еңбегіміздің басымдық маңызы болып табылады. ЖОО-ның білім беру мазмұнында оқылатын пән құрылымының стандарт талабынан формальді емес педагогикалық зерттеулердің нәтижесі парадигманың білімдік жинақталған қағидаларын сіңіре келе, мемлекет сұранысына, қоғамның қажеттілігіне, білімді кредиттік технология мүддесімен сәйкестендіре алу іскерлігіне бағдарлайды.
Білім берудегі тұлғалардың ілімі интеллектуалды әлеуеттеріне қарай өркендеу, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі дамытуы, үзіліссіз болашақ мамандығын шыңдауға қуат жиюы, осыларға деген қызығушылық уәжі мен қажеттіліктер инновациялық сыңайда ұйымдастырылған қауымдық және жеке жұмыстарды саралауға мүмкіндік береді.
Мұнымен бірге ғаламда және Қазақстанда болып жатқан білім беру мақсаты саласындағы өзгерістер, адамның болмысын айшықтауға, оның әлеуметтік әлемге өтуіне, әлемдік міндеттерді ұлттық мүддеге қабыстыра алуға байланысты шешуге бірнеше технологиялардың қызметі сараптау барысында айқындалды. Үш парадигманың «үш киті» болып есептелетін үш тірегі бар: 1. гносеология, 2. онтология, 3. аксиология. Бұл «үш киті» аталған үш парадигманың нәтижеге нормативтік сипатта жүзеге асырылуына жағдай туғызатыны ашылды: біріншіден, студенттің кредиттік технологияны меңгеруі үшін өзінің таным қисынын толыққанды түсінуіне қолайлы жағдай жасау оқытушы-профессордың басты міндет, екіншіден, студенттің өз болмысын, болашақ кәсібіне, табиғатқа, әлемге қатысты дүниетанымның білім мазмұны арқылы дамуына қозғаушы күш болуы – кредиттік технологияда силлабустың нұсқалы құрылуы. Үшіншіден, меңгеруге тиісті болашақ мамандығының жеке басына, қоғамға, халқына, әлемге тигізер рухани құндылығын студент кезінен сезіне алуына оқытушы-профессорлар құрамының мүмкіндік беруі. Нәтижесінде, студенттің когнитивтік, мобильдік құндылықтар жиынтығы білім беру үдерісінде нәтиже ретінде құзыреттілікке ұмтылысын тудырады.
Зерттеу жұмысының барысында жасалған теориялық талдау, тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
1. Зерттеу мәселесін оңтайлы шешуде жоғары оқу орындарының оқыту дидактикасын ғылыми-теориялық негіздеме тұрғысында зерделеніп, студенттердің кредиттік технологиямен оқу үдерісіне қолданылатын ең ұтымды технологиялар, модельдеу, модульдеу, интерактивтік, ақпараттық, қарқындылық, интеграциялық және даралау-саралау, трансформациялау секілді амалдардың нәтижелі болуына маңыз берілді.
2. Кредитті технология режимінде міндетті түрде модельдеу мен модульге салу іс-әрекеті қарастырылады. Бұл орайда студенттердің өзін-өзі тану қисынын меңгеруіне мүмкіндік туғызу мақсатында модульдік оқытудың дидактикалық шарттары құрылды. Бұған дейін модульдік оқытудың педагогикалық шарттары ресми «Педагогика» оқулықтарында арнайы және дербес қарастырылмағаны зерттеліп, оның жеті шарты құрылып, ЖОО-ның білім үдерісіне ұсынылды. Жеті шарттың түрлері мынадай түзілімдерден тұрады:
Бірінші шартында студенттердің іс-әрекетіндегі оқу және ғылыми еңбегінің стандарт шеңберінде дамуына толық қолайлы жағдай туғызылуына назар аударылады. «Оқыту» және «дидактика» ұғымдарының екеуі екі түрлі мағынаны білдіретініне негіздеме берілді;
Екінші шартында әр студенттің болмысын, тұлғасын ескеруге, ішкі интеллектуалды әлеуетін өркендетуге, интериоризациясын өздігінен дамытуға мүмкіндік туғызуына көңіл бөлінеді;
Үшінші шартында әр студенттің болашақ мамандығына қатысты қажетсіну уәжі мен қызығушылық қабылдау сезімін оятуға мән беріледі. Мұның мазмұны: қайталаным, эмпирикалық, эвристикалық, ізденісті-зерттелім, шығармашылық, креативтік деңгейліктер жіктемесі;
Төртінші шартында мамандыққа қатысты оқылатын «Инженерлік сызба» пәнінің әлеуметтік маңызына ден қою; оған салиқалы түсінікпен қарауға бағдар жасалады;
Бесінші шартында кредитті технологияға қызмет етер деген ең ұтымды білімденудің инновациялық технологияларының интеграциясын сұрыптауды еске сақтауға бағыт беріледі;
Алтыншы шартында әр студенттің стандарт шегінде трансформациялаған білімінің прагматикалық-практикалық жарамдылығын эксперимент арқылы есептеуге ұмтылдыру ескеріледі;
Жетінші шартында өтілуге тиісті пәннің мазмұнындағы рухани құндылықтарды мемлекеттің Сәулеті мен құрылымына сәтті қолдануға ұдайы сәйкес келу әрекеттестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау қарастырылады.
3. Студенттерді кредиттік оқу жүйесіндегі модульдік технология арқылы оқытудың үлгісі ұсынылды. Үлгіні құрастыру барысында ескерілген нышандар былай болып келеді:
1) Стандартқа сай құрылған жұмыс бағдарламасының оқыту мазмұнын дидактикалық бірлікте саралау және интериоризациялау дәрежесінде жүзеге асырады. Оның өзі мамандық негізіндегі өзектілікке қатысты шешім табу деңгейі мен кәсіби бейімділікті дамыту тұрғысында құрылады.
2) Кредиттік оқыту жүйемен модульдік бағдарламалардың қандайын таңдау студенттер еншісіне беріледі, сөйтіп, студенттердің өздігінен білімді ғылыми-кәсіби құзыреттілікке қызмет етерлік сыңайда алуға мүмкіндік туады.
3) Кейбір модульдер сценарий сипатында меңгерілуге қолайлы жағдай жасайды.
4) Әрбір студенттің когнитивтік-аксиологиялық пайымын арттыруда кеңестік-үйлестіруші қызмет атқарады.
5) Оқыту мазмұнының нұсқасы тұрғыдағы жүзеге асуы білім мазмұнындағы артық қосымша жүретін түсініктердің қысқаруымен іске асады.
Ұсынылған үлгінің ең негізгі басымдығы – әр студенттің ішкі ойлау пайымының, интеллектуалды әлеуетінің ұдайы пән мазмұны арқылы өркендеп отыруы.
Үлгіге қатысты кредиттік оқыту жүйесіндегі модульдік оқытудың қағидалары, рейтингімен мониторинг құру технологиялары сұрыпталды.
«Инженерлік сызбаны модульдік технология арқылы оқыту» атты инженерлік сызба пәнін оқытуда қолдануға арналған оқу-әдістемелік құрал құрылып, баспадан жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |