Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері


Темір жол комитеті сонымен қатар мынадай қосымша қызметтерді атқарады



бет19/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
8 кл СОР 1 вариант (1), СРО1 Русский copy, Қабылдау және қарым қатынас
Темір жол комитеті сонымен қатар мынадай қосымша қызметтерді атқарады:

  • мемлекеттік мүлікті иелену, оның реформалануын, жекешелендірілуін, мемлекеттік акциялардың сатылуын, арендаға, сыртқы басқаруға берудің ұйымдастырылуын және т.б қоса;

  • "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-ты, басқа да негізгі және қамтамасыз етушілік қызметтердің ЖАҚ- тары мен ААҚ- тарын қоса, мемлекеттік акциялар пакеттері Уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылған теміржол саласының барлық шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты басқару;

  • тартымдық және басқа жылжымалы құрамды, технологиялық жабдықтар мен теміржол зауыттарға арналған жинақтауыштық және шығыстық материалдарды, жолдың үстіңгі құрылыс элементтерін өндіру жөніндегі теміржол кәсіпорнын дамыту арқылы импорталмастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, сондай ақ ғылыми техникалық базалар мәселелерін шешу;

  • теміржол саласының қызметін қамтамасыз ететін және реттейтін нормативтік құқықтық актілердің, техникалық және технологиялық нормативтердің қажетті пакетін дайындау;

  • теміржол көлік саласында халықаралық құқық және халықаралық қарым қатынастар субъекті функциясын жүзеге асыру;

  • тасымалдау қауыпсіздігін қамтамасыз етуді мелекеттік реттеу және бақылау жасау;

  • инфрақұрылымға еркін және тең қол жеткізілуін қамтамасыз ету;

Жолаушылар тасымалын қайта құрылымдау үшін Уәкілетті мемлекеттік органда мына функциялар жүктелетін жолаушылар тасымалдары бойынша арнаулы бөлімше құру қажет болды:

  • нақты маршруттар бойынша жолаушылар тасымалы қызметіне мемлекеттік тапсырыс көлемін белгілеу және оларды санаттау;

  • мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден жолаушылар тасымалын дотациялау механизмі мен рәсімдерін белгілеу;

  • жолаушылар тасымалы қызметіне дотациялардың жыл сайынғы көлемін белгілеу;

  • жолаушылар тасымалы бойынша кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметіне бақылау жасау және ревизиялау;

  • жолаушылар тасымалы шаруашылықтарының жекелеген сегменттерін франчайзинг механизмі негізінде жеке меншік операторларға қызмет көрсетуге беру ресімін белгілеу және тапсыру;

  • жолаушылар тасымалы мәселелері қатысы бар үкімет органдарымен өзара әрекеттесу;

  • қауыпсіздік және техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын орындау мәселелері бойынша бақылау жасауды ұймдастыру және жүргізу;

  • қала маңындық жолаушылар қатынасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмысты үйлестіруші;

  • теміржол жолаушы компаниялармен контракталар жасау;

  • СМПС - қа инфрақұрылымға қол жеткізу бағасын анықтау ескерілген жолаушылар тасымалы үшін өзара есеп айырысу жүйесін өзгерту жөніндегі ұсыныстар енгізу. [20. № 4 63 бет].

Теміржол компаниясы өз қызметінің ерекшелігіне байланысты қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік реттелуге жатады.

Мемлекеттік реттеуді күшейтуге мемлекеттік органдар мен теміржол компаниясы менеджменті арасында қауыпсіздік, меншігін басқару және иелену, бағаны түзеу, қоғамдық қызметтер көрсету, жұмыспен қамтамасыз ету және инвестициялар саясаты мәселелерінде функциялардың, өкілеттіктер мен міндеттемелердің айқын бөлінуі кіреді.

Сондай – ақ уәкілетті мемлекеттік орган "Теміржолмашинажөндеу" ЖАҚ-тың "Локомотивжөндеу" ЖАҚ-тың, "Қазкөліксервис" ЖАҚ-тың, "Теміржолсужылужабдықтау" ЖАҚ-тың, "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-тың, "Жылжымалы құрам" ЖАҚ-тың даму саясатын белгілейді.

"Акционерлік қоғам туралы" заң "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығына қарағанда меншік иесі, оның ішінде мемлекеттік және де кәсіпорын менеджменті арасындағы қарым - қатынастар жүйесін көбірек белгілейді және реттейді. Сондықтан республикалық мемлекеттік кәсіпорынды жабық акционерлік қоғам етіп қайта құру жүргізілді.

Дегенменен, бұл заң да инвестицияларды белгілеу, қоғамдық қызметтерді көрсету және жұмыспен қамтамасыз ету саясатын жүргізу жөніндегі мемлекет пен менеджменттің қарым - қатынастарына қатысты көптеген мәселелерді шеше алмайды.

Сондықтан да көптеген елдердегі сияқты контракт жүйесі енгізіледі. Контракт жүйесінің мәні уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен бизнес жоспарды орындау жөнінде кезеңдік есептер беріп отырудың орнына теміржол компаниясының менеджментіне кең шеңберде өкілеттік пен жұмыс нәтижесі үшін жауапкершіліктің берілуінде. Бизнес жоспарға өндірістік сипаттағы көрсеткіштер ғана емес, персоналды қысқарту, әлеуметтік мәні бар тасымалдар көлемі, күрделі құрылысқа қажетті инвестициялар көрсеткіші, қозғалыс қауыпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы кіруі тиісті.

Мемлекет жаңа темір жолдар мен тиісті инфрақұрылым салу және қаржыландыру үшін жауапкершілікті өзіне алады. Мемлекет әлеуметтік мәні бар, әсіресе шығынды жолаушылар тасымалын дотациялау мөлшері мен механизімін белгілейді. Теміржол көлігінің коммерциялануын қамтамасыз ететін функциялардың, жауапкершілік пен өкілеттіктердің бөлінуі заңдарда және Үкіметтің нормативтік актілерінде көрсетілуі тиіс.

Тасымалдарға тарифтерді мемлекеттің реттеуін өзгерту қажеттілігі пісіп жетілді. Жаппй үйме және құймалы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау негізінен баламасыз болып табылатындықтан, ал басқа санаттар үшін автомобиль көлігі жағынан балама бар болғандықтан бірінші кезеңде жүктерді санаттауды енгізу қажет. Жылжымалы құрам оперпторларының "Қазақстан темір жолы" ҰҚ ЖАҚ-тың қызметтерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақысы, клиенттер үшін тарифтердің жоғары деңгейін белгілеуді қоса алғанда мемлекеттік баға реттеуіне жатады. Демеу қаржы беру қажеттілігіне байланысты жолаушылар тасымалының тарифтерін мемлекеттік реттеу сақталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет