Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері


Комитет тәртіп бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады



бет18/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
8 кл СОР 1 вариант (1), СРО1 Русский copy, Қабылдау және қарым қатынас
Комитет тәртіп бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. өз құзыретіндегі мәселелер бойынша темір жол көлігі туралы нормативтік құқықтық шешімдерді әзірлеу және қабылдау;

  2. магистралдық темір жол желісіне еркін және тең қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылау;

  3. темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу;

  4. темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

  5. тиісті мемлекеттік органдармен темір жолдарды және ондағы құрылыстарды салу, пайдалану және күтіп ұстау мәселелері бойынша үйлестіру және өзара іс қимыл жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

  6. темір жол көлігі объектілері мен кәсіпорындарын жекешелендіру жөніндегі мәселелерді шешуге қатысу;

  7. жүктелген өкілеттіктер шегінде темір жол көлігі саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру;

  8. темір жол көлігі саласында жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік реттеуді, үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету;

  9. Сонымен қатар заңға сәйкес өзге де функциялар. Көлік саясаты саланың күрделеніп кеткен ішкі ұйымдасуына және теміржол көлігі мен мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметтері мен жауапкершілігінің айқын бөлінуіне лайық бара-бар жаңа сапа деңгейіне көтерілуі тиіс.

Теміржол көлігінде терең реформалар жүргізу уәкілетті мемлекеттік органның саланы мемлекеттік реттеуін күшейтуді табандылықпен жүргізуді талап етеді. Ол мемлекетаралық келісімдерге және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы мүддесіне өкілдік етуге, теміржол саласында қауыпсіздікті инспекциялау және бақылау, техникалық стандарттарды, нормативтер мен талаптарды бекіту мәселесін қоса алғанда мемлекеттің құзыретті реттеуші органның функциясын жүзеге асыруға жауапты болуы тиіс.

Уәкілетті орган Теміржол көлігінің Орталық Кеңесінде (ТЖОК) және Темір жолдардың ынтымақтасу ұйымында (ТЖЫҰ) Қазақстан Республикасы теміржол көлігіне өкілдік етеді, сала кәсіпорындарының шаруашылық қызметін реттеуді жүзеге асырады, операторларға лицензия беруді және қауыпсіздікті бақылауды, локомотив және вагон шығару жоғары технологиялық салаларда импорт алмастыруды дамытуды жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет