Температура



бет3/4
Дата13.11.2019
өлшемі111,21 Kb.
#51710
1   2   3   4
Байланысты:
гигиена


26 Аяқ киім гигиенасы. Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:

1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;

2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;

4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;

5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;

6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.

Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз.

Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.

Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.

Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа- және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.

Спорттық және резеңкеден жасалған аяқ киімнің ауа- және бу өткізгіштігі төмен. Лакталған аяқ киім ауаны мүлде өткізбейді. Бұндай аяқ киім күнделікті киюге жарамсыз болып табылады және шектеп қана киюді қажет етеді.

Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара болмауы керек, бұл аяқ киімнің өлшемін дұрыс таңдауымен қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек, себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта, аяқтың жалпаюы және аяқ тамырларында қанның толуы нәтижесінде, аяқтың көлемі мен ұзындығы үлкейеді. Тар аяқ киім аяқты қысады, қан және лимфа айналымдарын бұзады, бақайларының қисаюына, тіпті аяқ сүйектерінің деформациялауына, аяқта сүйел пайда болуына, қажалуына, тырнақтардың жұмсақ тінінің ішіне кіре өсуіне әкеп соғады. Жылдың салқын мезгілдерінде қан айналымының бұзылуы аяқтың тоңуына әкеледі. Аяқ киімнің өкшесі биіктігіне байланысты, екі жақты рөл атқарады

Биіктігі 2-3 см, жуан өкше табанды жерден жарақаттануынан қорғайды, аяқтың рессорлық қызметін жоғарылатады, аяқ сүйектеріне механикалық жүктемені тең беріп, нәтижесінде бұлшық еттердің шаршауын азайтады. Аса биік өкше, әсіресе, бізөкше түрі, ауырлық нүктесін алға қарай ығыстырып, жүрісінің беріктігін бұзады, барлық жүктемені аяқтың алдыңғы бөлігіне түсіреді, нәтижесінде аяқ ұшы байламдарының және сирақ бұлшық еттерінің зорлануы күшееді, аяқ ұшы жалпаяды, бақайларының пішіні өзгереді.

Балалардың аяқ киімдерін үлгісін жасау кезінде, аяқ киім тігілетін материалдан басқа, балалардың аяқ ұшы құрылысының ерекшеліктері және олардың сүйектену үрдістерінің аяқталмағандығыны ескеріледі. Балалар аяқ ұшына радиальды пішін тән, бұл кезде ең үлкен жалпақтығы бақайларының ұшында байқалады, ал үлкен адамдарда - 1-5 табан сүйектірінің тұсында болады. Сондықтан, балалар аяқ киімінің тұмсық бөлігі кеңдеу тігіледі. Балалар жасында аяқ сүйегі, негізінен, шеміршекті болатынын ескере отырып, оның иілгіштігіне, аяқ киімнің қалыңдығы мен салмағына көңіл бөлінеді. Себебі, кез келген механикалық әсерден, аяқ оңай деформацияға ұшырайды. Өкшенің биіктігі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 10 мм аспауы керек, мектеп жасындағылар 8-10 жастағылар үшін - 20 мм, 13-17 жастағы ұлдар үшін - 30 мм, осы жастағы қыздар үшін - 40 мм аспауы керек.

11 жасқа дейінгі балалардың аяқ киімнің міндетті түрде сірісі және ілгек, сырма, бау, белдікше түріндегі, сенімді бекіткіші болуы керек. Балаларға тігілетін аяқ киімнің үстіңгі бөлігі жылдың барлық мезгілдері үщін табиғи теріден болуы ұсынылады. Жазғы аяқ киім үшін әр түрлі текстильді материалдарды пайдалануға болады. Балалар аяқ киімін дайындауда полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін, бірақ, олардың қолданылуы санитарлық нормалар мен ережелермен регламенттеледі.



27. Орхус конвенциясы – «ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы» БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының конвенциясы.

Конвенция мақсаты  – қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу және шешімдерді қабылдау үдерісіне жұртшылықтың қатысуы, ақпаратқа қол жеткізу, адамның денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн қолайлы қоршаған орта, адам құқығын қолдау.

Орхус конвенциясы жұртшылықтың  қатысуының  негіз болатын үш қағидасымен құрылған:

Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу.

Экологиялық маңызды шешiмдерді қабылдауда жұртшылықтың қатысуы.

Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу.

Қазақстан  ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы конвенцияны ратификациялады  (Орхус конвенциясы. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы № 92-II Заңы).

Конвенция барлық негіз болатын үш қағидасы аясында жұртшылықтың құқықтарын қолдау және іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар міндеттер жүктейді. Конвенцияны орындауда уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып табылады.

Орхус конвенциясын іске асыру мақсатында 2009 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК базасында  (ҚР Қоршағанортаминінің №35-ө бұйрығы)  Орхус орталығы құрылды және орталық келесі қызметтерді жүргізеді:

жеке және заңды тұлғалардың сұранымдары бойынша қол жетімді экологиялық ақпарат беру;

БАҚ жариялымдар, радио мен телевизияда сөз сөйлеу, жарнама компанияларын өткізу, сонымен қатар, жоспарланған және өткізілген қоғамдық тыңдауларды ақпараттық сүйемелдеу;

Орхус орталығының aarhus.kzвеб-сайтында экологиялық ақпаратты орналастыру.

Орталық ҚР ҚОСРМ келісуі бойынша Орхус конвенциясының ережелеріне сәйкес ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзуді қамтамасыз етеді.

Орталықтын негізгі міндеттері:

жұртшылықтың қоршаған орта жағдайы туралы, қоршаған ортаға айтарлықтай әрекет ететін жоспарланған және жүзеге асырылатын қызметтер туралы толық әрі нақты ақпаратты уақытылы алудың құқығын қамтамасыз ету;

Жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасында өзара байланыс орнату;

Конвенция ережелерін іске асыру бойынша өз міндеттерін орындауда үкіметтік ұйымдар мен қызметшілерге тәжірибелік көмек көрсету;

Қазақстанда және әлемде экологиялық проблемалар туралы жұртшылықты ақпараттандырудың деңгейін арттыру және экологиялық білім беру;

қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу және шешімдерді қабылдау үрдісінде жұртшылықтың қатысуына ықпал ету;

Конвенция ережелерін жүзеге асыру саласында халықаралық тәжірибені меңгеру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Орталықтың негізгі қызметтері:

заңды және жеке тұлғалардың сұранымдары бойынша қол жетімді экологиялық ақпарат беру;

жеке және заңды тұлғалардың экологиялық мәселелер (проблемалар) бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу және шешiмдер қабылдауға қатысуы, экологиялық ақпаратқа қол жеткізуде олардың құқықтарын қолдану бойынша кеңес беру;

қызметкерлердің біліктілік деңгейлерін арттыруды енгізе отырып оқыту іс-шараларын өткізу (семинарлар, қоғамдық дәрістер);

БАҚ жариялымдары, радио мен телевизияда сөз сөйлеу, жарнама компанияларын өткізу;

экологиялық ақпаратты жинау , толтыру, жүйелеу, сақтау және тарату;

экологиялық ақпаратты интернетте орналастыру;

Орхус конвенциясын жүзеге асыру бойынша жобаларды және іс-шараларды әзірлеуде көмек көрсету;

Заңды және жеке тұлғаларға қоршаған орта стратегиясы саласында  нормативті-құқықтық актілерге, бағдарламаларға, жоспарларға қол жеткізуге және оларды қоғамдық  талқылауды ұйымдастыруға ықпал ету болып табылады.

Орхус конвенциясы Хатшылығымен байланыс  Орхус конвенциясы жауапты лауазымды тұлғасы, үйлестірушісі арқылы жүзеге асырылады. Орхус конвенциясы Хатшылығымен ынтымақтастығына:

–  белгіленген үлгілер мен рәсімдерге сәйкес  республикада Орхус конвенциясын жүзеге асыру туралы есептер мен баяндамаларды дайындау және ұсыну;

–  Орхус конвенциясын жүзеге асыруда нұсқаулықтарды, ұсыныстарды қолдану;

–  Орхус конвенциясы тараптарының кездесулеріне, конференцияларына, семинарларына қатысу;

–  Орхус конвенциясы тараптары кездесулерінің шешімдерін орындау кіреді.

«Жасыл даму» бағдарламасына сәйкес ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері хаттамасына қосылу мүмкіндігі қарастырылады. Хаттама шаруашылық объектілерімен қоршаған ортаның ластануы туралы ақпаратты реттеуге және осы салада жұртшылық тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған. Ұлттық ЛШТТ-н құру Хаттамаға сәйкес айтарлықтай дәрежеде экологиялық есептің барлық нысандарын дайындау үшін қажетті деректерді жинауды жеңілдетеді. Ұлттық Ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін әзірлеу және жүргізу бойынша жұмыстар басталды.

Қазақстанда бүгінгі таңда 8 Орхус орталығы жұмыс жасайды:«Бурабай Орхус орталығы» ҚҚ;«Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ;«Маңғыстау Орхус орталығы» ҚҚ;«Алматы Орхус орталығы» ҚҚ;«Қызылорда |Орхус орталығы» ҚҚ;«Қазақстан Орхус комитеті» ЖҚ;«Жайық-Каспий Орхус орталығы» КҚ;«Астана Орхус орталығы» ҚҚ.



28.Адын алу жөніндегі шаралар




1.Өзіне тән емес (спецификалық емес) алдын алу




Сәулеттік-жоспарлау  

· Секцияларды, палаталарды, операция блоктарын, бөлімдерді оқшаулау · Жүретін жолдарды таза және лас жолдарға бөлу · Аурухана аумағын зоналарға бөлу · Қабылдау бөлімін ұтымды орналастыру · Бөлімдерді ұтымды орналастыру

Санитарлық- эпидемияға қарсы  

· Инфекция көздерін, оның ішінде бактерия тасмалдаушыларды да, анықтау · Бактерия тасмалдаушыларды жұмысқа жибермеу және оларды санациялау (тазалау) · Ауруларды оқшаулау · Ауаны, заттың беттерін, саймандарды және басқаларды дезинфекциялау және стерильдеу · Қызметкер мен аурулардың гигиеналық тәртіпті сақтауы · Стационардың санитарлық жағдайы мен режимін, ауруханаішілік ортаның бактериялармен ластануын бақылау. · Қызметкер мен аурулар арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.

Санитарлық- техникалық

· Желдету

Медицина қызмет-кері мен ауру (науқас) адамдардың инфекцияға специфи-калық емес резис-тенттілігін арттыру

· Шынықтыру, тыныс алу гимнастикасын жасау, қосымша дәрумендер беру, УК-сәулеге түсіру және т.б.

2. Өзіне тән (спецификалық) алдын алу




Иммундау  

· Пассивті (антибиотиктер қолдану, гамма-глобулин, анатоксин және басқалар енгізу) · Активті (вакцина егу)

 

 

 

Егер жұқпалы аурулар бөлімі, жалпы соматикалық аурухананың құрамында болса, онда оны учаскенің түкпір жағында, бөлек ғимаратта, басқа корпустардан 30 м кем емес қашықтықта орналастырады және дуалмен қоршайды. Жұқпалы аурулар бөлімінің зонасына өз алдына бөлек, көлік кіріп-шығатын жол қарастырылады. Жұқпалы аурулар ауруханасының немесе бөлімінің аумағында, бір-бірінен егілген бұталармен және ағаштармен оқшауланған таза және лас зоналарға бөледі.

Жұқпалы аурулар ауруханаларының және жұқпалы аурулар бөлімдерінің ерекшеліктері, қабылдау бөлімі мен палата бөлімдерінің өзіне тән жоспарлануы. Жұқпалы аурулар ауруханаларының, жалпы соматикалық саладағы ауруханалардан айырмашылығы, қабылдау бөлімі қарайтын -қабылдайтын бокс тұрінде жасалған. Қарайтын -қабылдайтын бокстар, екі есігі бар, сыртқы және ішкі, бөлмелер кешенінен (кіретін тамбур, палата, ваннасы бар санитарлық жүйе, шлюз) тұрады (10.3.-сурет.). Науқас боксқа сырттан, араларында тамбуры бар 2 есік арқылы кіреді. Медицина қызметкері боксқа палата дәлізінен шлюз арқылы кіреді. Шлюз, бұл қызметкер жұмыс киімін ауыстыратын, қолын жуып, дезинфекциялайтын, шағын бөлме. Шлюзде науқасқа тамақ беретін терезе, қолжуғыш, халаттар ілетін ілгіштер болады. Осындай жоспарлау шараларымен, бокстағы науқастарды бөлімде жатқан аурулардан максималды оңашалауға жағдай жасалады. Жоғарыда жазылған толық боксты, оны бірінші рет ұсынған Петербург инженеры Е.Ф.Мельцердің атымен, Мельцер боксы деп де атайды.


Ауруханаішілік инфекция деп аталуы- науқастар стационарға тексерілуге немесе емделуге келгенде жұқтырып алған аурулары. АІИ –дегеніміз әртүрлі жұқпалы аурулардың жиынтығы.Бұл өте кең таралған патология түрі. Ол науқастардың жағдайын онан сайын ауырлатады; 2) Емделіп шығу мерзімін ұзартады; 3) Өлім-жітімді көбейтеді; 4) материалдық шығынды талап етеді;

Жиілігі бойынша 1 орында ауа-тамшылы инфекциялар:

корь, скарлатина, грипп, ветреная оспа, ангина, инфекционный паротит т.б.;

2 орында: стафилокок, стрептококтар, тері және теріасты, шырышты қабат инфекциялары, операциядан кейінгі іріңді асқынулар, іріңді аурулар;

3 орында: ішек инфекциялары (дизентерия, сальмонеллез).

АІИ шығу көздері:.

1. Инкубациялық кезеңінде стационарға түскен жұқпалы аурулары бар адамдар

2. Карантин мерзімін ұстамайтын соматикалық ауруы бар адамдар, ағзасында патогенді стафилокок, стрептококтар, ішек инфекциялары, полиомиелит инфекциялары бар адамдар.

3. Науқастар мен қызметкерлер.

АІИ пайда болу себептері:

1. Микроағзалардың тіршілік ету ортасымен қасиеттерін өзгертуі.

2. Тәжірибеде күрделі оперативті заттарды қолдану.

3. Стационарға ерте жастағы балалармен қарт адамдардың көп түсуі.

4.Антибиотиктерді жүйесіз рационалды емес қолдану.

5. Асептка ережелерін сақтамау.

6.Стационарда санитарлық –гигиеналық тәртіптің бұзылуы.

АІИ мен күресу қиыншылықтар болдырады:

1. Аурухана ішінде қоздырғыштардың кеңінен таралу.

2. Таралу жолдарының әртүрлігі (ауалы-тамшылы, шаң, жанасу арқылы).

3. Қоздырғыштардың қоршаған ортаның қолайсыз факторларына тұрақтылығы.

4. Науқас адамдардың қоздырғыштарды тез қабылдауы, арнайы алдын алу әдістерінің жоқ болуы.

29. Персонал мен халық

ондаушы сәулеленулердің ашық және жабық көздерінің әсер етуі кезінде кәсіби топтағы адамдар мен халықты қорғау жөніндегі гигиеналық шаралар



Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі қағидалары (негіздеу, қолайлы ету, нормалау) және радиациядан қорғау жөніндегі талаптар сақталса, қызметкердің, халықтың және қоршаған табиғи ортаның радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.

Негізгі қағидаларының жүзеге асырылуын бақылау, келесі талаптардың орындалуын тексеру жолымен жүргізілуі тиіс:

1) негіздеу қағидасы (иондаушы сәулелену көздерін пайдалану кезінде адамның және қоғамның алатын пайдасы, оларды қолдану кезіндегі ТРФ-ға қосымша сәулеленуге ұшырауы келтіретін қауіп-қатер мүмкіншілігінен аспайтын болса, оларды пайдалану жөніндегі барлық іс-әрекеттерге тыйым салу) сәулеленудің жаңа көздерін және радиациялық нысандарды жобалау, лицензия беру, радиациялық қауіпсіздік жөнінде ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді дайындау және бекіту туралы, сондай - ақ оларды пайдалану жағдайлары өзгерген кезде, өкілетті органдар шешім қабылдайтын сатысында қолданылуы тиіс.

Радиациялық апат жағдайларында негіздеу қағидасы сәулелену көздеріне және сәулеленуге шалдығу жағдайларына емес, қорғану шараларына жатады. Пайдасының мөлшері ретінде берілген шараларды жүргізу арқылы болдырылмаған дозаны бағалау керек. Алайда,сәулелену көздерінің бақылауда болуын қалпына келтіруге бағытталған шаралар міндетті түрде жүргізілуі тиіс;

2) қолайлы ету қағидасы әлеуметтік және экономикалық факторларды ескеріп, сәулеленуге ұшыраудан алатын жеке адамның дозасын да, және ұжымдық дозаны да мүмкіндігінше төмен (НРБ-99 бекіткен шектерден төмен) және қол жеткізерлік деңгейде ұстауды қарастырады;Радиациялық апат жағдайларында доза шектерінің орнына деңгейі жоғарырақ кірісу деңгейлерін қолданылғанда, қолайлы ету қағидасы алдын ала болдырмайтын сәулелену әсерінің дозасын және кірісумен байланысты шығынды ескеріп, қорғану шараларын ұйымдастыруда қолданылуы тиіс.

З) нормалау қағидасын адамдардың сәулеленуге шалдығу деңгейіне қатысы бар барлық адамдар сақтауы тиіс; бұл қағида азаматтардың иондаушы сәулеленудің барлық көздерінен сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаларын «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, РҚН-99 және басқа да радиациялық қауіпсіздік нормативтерімен бекітілген жеке адамдарға арналған доза шектерінен асырмауды қарастырады.Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең маңызды бөлігі, радиациялық қауіпті нысандарды жобалау кезеңінен бастап жүргізілетін радиациялық бақылауболып табыладыРадиациялық бақылаудың мақсаттары:

· қалыпты жұмыс істеу кезінде, радиациялық қауіпсіздік қағидаларының және бекітілген негізгі доза шектері мен рұқсат етілген деңгейлерден аспауын қоса есептегенде, нормативтер талабының сақталу дәрежесін анықтау;

· радиациялық апаттар жергілікті жерлердің және ғимараттардың радионуклидтермен ластануы, сондай- ақ аумақтарда және ғимараттарда табиғи сәулеленуге шалдығу деңгейі жоғары жағдайларда қорғануды қолайлы ету және килігу жөнінде шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттар алу.



Радиациялық бақылауға жататындар:

· сәулелену көздерінің, атмосфераға шығатын шығарындылардың, қатты және сұйық қалдықтардың радиациялық сипаттамасы;

· жұмыс орындарында және қоршаған ортада технологиялық үрдістер тудыратын радиациялық факторлар;

· ластанған аумақтардағы және табиғи сәулеленуге ұшырату деңгейі жоғары ғимараттардағы радиациялық факторлар;

· Қызметкер мен халықтың, РҚН-99 қүші таралатын барлық сәулелену көздерінен сәулеленуге ұшырау деңгейлері.

Жоғарыда келтірілген радиациялық бақылау саласында қолданылатын кейбір түсініктерге толығырақ тоқталамыз. Сонымен, РҚН-99 сәйкес, сәулелену көздерін қалыпты (бақыланатын) пайдалану жағдайларында сәулеленуге ұшырайтын адамдардың келесі санаттарыбелгіленген:

· қызметкер (А және Б топтары);

· бүкіл халық және оның ішінде өндірістік жұмыс сферасы мен жағдайынан тыс уақытындағы қызметкер қатарындағы адамдар.

Сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санаттары үшін нормативтердің келесі үш класы орнатылған:

· негізгі доза шектері (ДШ), 12.6 - кестеде көрсетілген;

· негізгі доза шектерінің туындылары болып келетін монофакторлық әсердің (бір жолмен радионуклид үшін немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі үшін) рұқсат етілген деңгейлері: жылдық (ағзаға) түсу шегі, рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділік (РЕКБ), рұқсат етілген орташа жылдық меншікті белсенділік (РЕМБ) және басқалар;

· бақылауда тұрған деңгейлер (дозалар, деңгейлер, белсенділіктер, ағын тығыздықтары және т.б.)

Бұлардың мәні ұйымда қол жеткізген радиациялық қауіпсіздік деңгейін ескеруі және радиациялық әсер деңгейі рұқсат етілген деңгейден төмен болатын жағдайды қамтамасыз етуі қажет. Бақылауда тұрған деңгейлерді мемлекеттік санэпидбақылау органдарымен келісім бойынша, мекеменің әкімшілігі орнатады.

Сәулеленуге ұшыраудың негізгі доза шектеріне табиғи және медициналық сәулеленуге ұшыраудан алатын дозалар, сондай-ақ радиациялық апат (авария) салдарынан алатын дозалар кірмейді. Оларға арнайы шектеулер орнатылады.

Қызметкердің жұмыс істейтін кезеңіндегі (50 жыл) эффективті дозасы – 1000 мЗв, ал халық үшін бүкіл өмір сүретін кезеңінде (70 жыл) – 70 мЗв аспауы қажет. Кезеңдердің басталуы 1 қаңтар 2000 жылдан енгізілінген.

Қызметкер мен халықтың сәулеленуге ұшырауының рұқсат етілген дозасы ИС биологиялық әсері туралы білімдердің жиналуы және тиімді қорғану шараларын дайындау барысында қызметкер үшін 600 мЗв-тен (1946 ж.) 20 мЗв-ке дейін (1999 ж.) төмендетілген.

Адамға бір мезгілде ішкі және сыртқы сәулеленуге ұшырататын көздері әсер еткен кезде, жылдық эффективті доза орнатылған доза шектерінен аспауы қажет. (кесте- 12.6)

Жабық көздерін қолдану кезінде радиациялық қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қорғану шаралары, иондаушы сәулеленулердің таралу заңдарын және олардың затпен өзара әсерлесу сипатын білуіне негізделген.

Бұл заңдылықтардың ішіндегі негізгілері келесілер:

а) сыртқы сәулелену әсерінің дозасы сәулелену қарқындылығына және әсер ету уақытына пропорционал;

б) сыртқы нүктелік көзден сәулелену қарқындылығы онда уақыт бірлігінде пайда болатын кванттардың немесе бөлшектердің санына пропорционалды және арақашықтықтың квадратына кері пропорционалды (созылыңқы көздері үшін бұл байланыстылық күрделірек).

в) сәулеленудің қарқындылығы экрандардың көмегімен азайтылуы мүмкін.

Осы заңдылықтардан ИС жабық көздерін қолдану кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидалары шығады:

1. «Мөлшері арқылы қорғау» - сәулелену көздерінің қуатын ең аз мөлшерге дейін азайтуға, яғни белсенді заттардың ең аз белсенділігімен жұмыс істеуге негізделген. Бұл шара сәулеленудің қуаты тура пропорцияда азаюына негізделген. Қорғанудың бұл әдісі кеңінен қолданылмайды, себебі ол технология үрдісінің қойылатын талаптарымен шектеледі. Оның үстіне, сәулелену көзінің белсенділігін төмендету сәулеленудің әсер ететін уақытын ұзартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет