Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Диалогтік және монологтық сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстың мазмұны



бет14/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
18. Диалогтік және монологтық сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстың мазмұны
Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай диалогтық және монологтық сөйлеу болып екіге бөлінеді.. Диалог гректің сөз, сөйлеу дегендерінен шыққан, яғни бірнеше кісінін, сөйлесуі дегенді аңғартады. Шынында диалогтық сөйлеу кемінде екі адам арасындағы сөзге байланысты құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар біріне-бірі қақпайлап, реплика тастап, сұрақ қойып, оған тиісті жауап алып отырады. Бірінің сөзін бірі қайталап, оны қуаттай сөйлеп, сөздер мен сөйлемдерді тұжырымдай түседі. Диалогтык сөйлесуді қазақ тілін практикалық тұрғыдан үйренуде тиісті орындарда пайдаланып отырған жөн. Әсіресе, бұл қазақ тілі материалдарын оқыту процесінде оқушылардың сөйлеу, жазу дағдысын арттыру мақсатында іске асырылуы қажет.Мәселен, дауысты мен дауыссыз дыбыс әріптерінің сөз басында, ортасында және аяғында келетіндігіне байланысты диалогтық сөйлеудің мынадай түрлерін пайдалануға болады: — Екі-үш түбір сөзден біріккен кісі аттарын атай отырып,олардың жазылуындәлелдеңдер. Бұл сияқты сөздерге мыналар жатады «А» деген оқушы Аккозы, Асылбек, Айманкүл, Ақзейнеп. «Ә. деген оқушы: Әбдіхалық, Әйгерім, Әліби, Әсемкүл. «Б» деген оқушы: Байжанбай, Бақтыгүл, Бақберген, Балкүміс Балақаз, Бибігүл т. б. сияқты кісі аттары жатады де жауап береді:
— Түбір тұлғаларын сақтап біріккен сәздерді атаңдар.
— Бұларға мына сөздер енеді: әлдекім, әлдеқашан қайсыбір, әрқайсысы, әркім, ешкім, ешқайда, қайбір.
— Түбір тұлғаларын сақтамай, дыбыстық өзгеріс ұшырай біріккен сөздерді атаңдар.
— Бүгін,биыл, әкел, әкет, жаздыгүні,кыстыгүні бүрсігүні, әнеугүні.
— Түбір түлғаларын сақтамай, дыбыстық өзгеріске ұшырай біріккен кісі аттарын атаңдар.
— Байзақ, Бегәлі, Жүмәділ, Молдахмет, Сейдахмет
— Түбір тұлғаларын сақтап, біріккен ойын аттарын атаңдар.
— Ақсүйек, аккала, соқыртеке.
— Орыс-қазақ, қазақ-орыссөздеріаркылы түбір тұлғаларын сақтап, біріккен сөздерді атаңдар.
Фотосурет, аэромектеп,автоқалам,қазақфильм, қазақконцерт.
— Түбір тұлғаларын сақтап, біріккен ботаникалық атауларды атаңдар.
— Күнбағыс, итмұрын, қырықбуын, қозыкүйрық. Осындай әңгіме нәтижесінде оқушылардың объектіге деген белсенділігі артады. Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме диалог сөйлесудің бір түрі есебінде әрі теориялық, әрі прак-тикалық жүмыс жүйесі үшін пайдаланылады.
Оқушыларға диалогтық сөйлеуді меңгерумен қатар монологтық сөйлеуге де үйретудің мәні зор. Өтілген материалды тұтас мазмұндау, түсіндіру және оны жүйелі, айтып беру монологтық сөйлеуге тән қасиет. Монологтік гректің топоз — бір, жеке және сөз, сөйлеу деген ұғымдарынан келіп шыққан. Оның мәнісі бір сөз, жеке сөйлеу деген мағыналарды аңғартады. Мұнда бір ғана
адам сөйлейді де, басқа адамдар тыңдап отырады. Монологтық сөйлеуде грамматикалық конструкция заңдылықтары сақталып, тиянақты ой қорытындысы жасалады. Оқушының материалды түсіндіруі, мазмұндауы, оқуы, баяндамалар жасауы, жиналыста, митингіде сөз сөйлеуі, күнделікті еңбек қажетіне жұмсалатын сөйлеу түрлері монологты сөйлеудің негізгі көріністері болып табылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ой, білім дәрежесіне және оқитын класына шақталған көркем шығармалардан алынған мәтіндерді және өздері көрғен, білген оқиғалардың мазмұнын жүйелі айтып беруге сәйкес қазақ тілі материалдарын толық түсіндіруге, мазмүндауға бағытталады. Мүғалім мен оқушының тиісті фактілерді түсіндірудегі монологтық сөйлесуі ауызша түсіндіру, ауызша мазмүндау, мәнерлі оқу түрінде іске асады. 1) Ауызша түсіндіру. Бұл ауызша мазмүндап баяндаудың бір түрі. Әрі теориялық, әрі практикалык ма-териалдардың өзара заңдылыктарына сәйкес жұмыс түрлерін іске асыру үшін жұмсалады. Қазақ тілі объектілерін түсіндіруде көрсету, көрнекілік тәрізді білім беру тәсілдері қатысады. Пікірдің дәл, анық болуында мұғалім логикалық заңдылықтарға сүйенеді. Мүғалім қазақ тіліне сәйкес таңдалған мәтіндегі сөздердің мағы-насын, үғымын түсіндіруде, көбінесе, материалдың прак-тикалық жағына назар аударады. Мәселен, сөз және оның мағыналары туралы мағлұматты түсіндіру тәртібі былайша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет