Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
«Оқуды тоқтатқан адам – ойлауды тоқтатады» - Дени Дидро.
Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының оқ у дағдыларын қалыптастыру,байланыстырып сөйлеуге үйрету,алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
Міндеттері: -Сауат ашу пәнінің мақсатын анықтау;
-Оқыту әдістерін талдау,жіктеу;
-Түрлі әдістер арқылы баланың оқу ынтасын ,сабаққа деген қызығушылығн арттыру;
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ол заман талабына сай, рухани дүниеге бай жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару. Бала өмірінде бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны зор. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас ұланға білім беретін, оның ой-қиялын дамытатын, рухани дүниесін нұрландыратын бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер өзінің «Ана мектебінен» яғни, отбасы мектебінен алғанын енді мектепте өзінің ұстазы арқылы әрі қарай дамытады. Сөйтіп, олар мұғалімнің көмегімен оқудың, жазудың ойланудың дағдыларын қалыптастырады.
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді.Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап,оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды.Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді,түсіндіреді,балалар оның орындалуын бақылайды.Осы процесс сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі,ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады,яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі.
Мектептегі оқу үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі.Саут ашу жұмысының мақсаты-балаға хат таныту,яғни оған оқумен жазуды үйрету.Сауат ашу –аса жауапты да күрделі жұмыс.Қазіргі таңда мұғалім оқушыға бәрін алдын-ала өзі дайындап бермеуі тиіс,оқушы өзі ізденуі қажет.Ал мұғалім оқушының оқуын,ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы,оған басшылық жасауы қажет.Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселелердің бірі –білім беру,ғылымды дамыту,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуАл бұл істің қайнар көзі-білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны-мұғалім.
Бастауыш сыныптан-ақ негізі қалануы тиіс маңызды міндеттің бірі-оқушылардың оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру.