Дағды дегеніміз –ол автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет,көп рет қайталау жолымен қалыптасады,оқыту процесінде,әсіресе жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру керек.Дағды жаттығу процесінде қалыптасады.Оны қалыптастыру үшін жай қайталау жеткіліксіз,оған арнайы жаттығу қажет.
Кез келген қайталаудан жаттығу шықпайды.Мәселен ,адамның нашар жазуы көп қайталағанмен түзелмейді,себебі мұнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ. Жаттығу жөнінде белгілі бір ережелерді білмей ,яғни дағдыны қалыптастыру,жаттығу қандай жолмен жүріп отыратындығымен таныспай,қандай дағдыға болса да ие болу қиын.
Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру мынадай талаптардан туындайды:
Оқу техникасы (дұрыс, тез қабылдау және сөздерді дыбыстау).
Мәтін мазмұнын түсіну (негізгі ойды, мазмұнын ажырату).
Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, оқу техникасын жетілдірмей – түсіну, дұрыс оқу жүзеге аспайды.
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін мынандай міндеттер туындайды:
оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;
көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру;
шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуіне, сезімталдықпен қабылдауына қол жеткізу;
мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлем үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарыының түрленуіне көңіл аударту;
ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту;
өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін дарыту.
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін мынадай оқыту әдістері бар:
-Репродуктивтік;
-Эвристикалық
-Сөздік
-Бинаралық
-Әңгімелесу
-Көрнекілік
-Түсіндіру
-Ойын әдістерін қолдануға болады.
Репродуктивті әдіс арқылы оқушы дайын білімді есінде сақтап,ойын қатесіз айтып бергенімен,ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |